Қазақ хандығы (телесериал)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала

Үлгі:Телесериал

Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекелеу аясында Қазақ хандығы туралы сериал жарық көрді. Бұл ауқымды тарихи жобаның авторы – ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев. Фильмнің сценарийі Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының желісі бойынша жазылған. Фильмнің режиссері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, сценарист және суретші Рүстем Әбдірашев.

Фильм туралы

«Қазақ хандығы» сериалы «Қазақ елі» деп аталатын тарихи циклді сериалдың алғашқы бөлігі болып есептеледі. Жобаны жүзеге асыруға әу баста 5 млн доллар бөлінген. Кейін краудфандинг тәсілі арқылы отандастарымыз қосымша 101 млн теңге жинады. Сериал Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы желісімен түсіріліп жатыр.<ref>Жобаны жүзеге асыруға әу баста 5 млн доллар бөлінген. Кейін краудфандинг тәсілі арқылы отандастарымыз қосымша 101 млн теңге жинады. Сериал Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы желісімен түсіріліп жатыр. Үлгі:Ref-kz</ref>

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брфифингте Қазақстан Президентінің тапсырмасымен Қазақ хандығы туралы 20 сериялы фильм түсірілетіні ерекше аталып өтілді. Бұл туралы хабарды 2014 жылы қараша айында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеген болатын.

2017 жылы 5 қаңтарда жалпыұлттық прокатқа шыққан аталмыш толықметражды көркем фильм, қазақстандық прокатта 72 млн. астам қаржы жинап, көшбасшылар қатарынан көрінді. Жалпы алғанда 2,5 мыңнан астам сеанс, оның 60% қазақ тілінде, ал 40% орыс тілінде көрсетілді.


ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы:

"Қазіргі уақытта іс-шаралар жоспарына сәйкес, республикалық бюджеттен де, жергілікті бюджеттерден де қаражат қарастырылды, өзге қаражат көздерінен де қаржы тартылады. Бұл шаралардың көп шығынды болмайтынын айтқым келеді. Негізінен, олар тарихи және идеологиялық бағыттағы шаралар болады. Бір ғана бұқаралық шара өтеді - қорытынды шара: қыркүйек айында Шу мен Талас бойында сахналандырылған қойылым болады, қалған шаралар ғылыми бағытта. Әрине, Қазақ хандығы туралы сериалдың түсіріліміне қаржы жұмсалады. Қазір бюджет нақтыланып жатыр, сценарий түпкілікті дайын болған кезде оның бюджеті де белгілі болады",

Жазушы, драматург Смағұл Елубайдың:

Қазақтың сан ғасырлық тарихын таныту кино арқылы жүзеге асса, құба-құп. Бұл "Мәңгілік ел" идеясын дәріптеуге сеп болады. "Қазақ хандығы фильмі 20 бөлім болып, дайындық үстінде. Бұл жалпы біздің киноның тарихындағы бірінші тарихи телесериал. Осы Астана күніне орай оның 10 бөлімі көрсетіледі. Ал, қалған 10 сериясын алдағы Тәуелсіздік күніне дайындап жатырмыз",

Сюжеті

ХV ғасырдың орта тұсында Қара теңіз жағалауынан Моңғолияға дейінгі Еуразия кеңістігінде бір кезде зор қуатты империя болған Алтын Орда құлағаннан кейін бірнеше жеке хандықтар құрылды. Олардың ішінен қазіргі Қазақстанның аумағын жайлап жатқан Ақ орда ерекшеленді. Ақ орда билігі Шыңғысханның немересі, Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің әулетіне тиесілі болды. Арада уақыт өте келе Шайбаниттердің кіші тармағынан шығатын Әбілқайыр өз билігін күшейтіп, жеке хандық құрды. Ол көшпенділерге қатыгез, аяусыз саясат ұстанған болатын.


1460 жыл. Орда Еженніңұпақтары– Кереймен Жәнібектің айналасына біріккен ондаған мың көшпенділер ақсақалдар кеңесінде шешім қабылдап, Әбілқайырдан бөлініп шығады. Сұлтандар Моғолстанның шекарасына дейін жеткенде, жергілікті билеуші Есен-бұға оларға қоныс беруге келіседі. Есімі аңызға айналған абыз Асанқайғы да көшке ілесіп, бөлініп шығуға себеп болған оқиғаларды жырына қосады. Жәнібек пен Керей Әбілқайырдың хандығынан бөлініп, өз ұлыстарын құруға бекінді. Керей мен Жәнібекке қосылған рулардың басшы-билері құрылтай өткізеді. Ең алдымен, жұдырықтай жұмылған ынтымақ керек екенін ескерген олар Керейді хан сайлап, Қазақ хандығының құрылғанын паш етеді.

Рөлдерде

Актер Рөлі
Қайрат Кемалов Керей
Еркебұлан Дайрыов Жәнібек хан
Меирғат Амангелдин Бұрұндық
Аян Өтепберген Қасым
Досхан Жолжақсынов Әбілқайыр хан
Қарлығаш Мұхамеджанованы Рәбия Сұлтан-Бегім
Берік Айтжанов Әбілқайыр хан

Түсіруші топ

  • Қоюшы суретшілері-Өмірзақ Шманов, Сәбит Құрманбеков, Еділ Нүсіпов, Жаннат Баймұқанова
  • Операторы- Сапар Койчуманов, Александр Плотников, Андрей Маслов.
  • Композиторы-Әбілқайыр Әбдіраш

Түсірілім барысы

Фильмнің түсірілім жұмыстары Алматы және Алматы облысында өткен. Түсірілімнің бір бөлігі «Қазақфильмнің» павильондарында құрылған декорацияларда, сонымен қатар киностудияның аумағында суретшілер тұрғызған Шайбаншаһтың сарайында өткен. Фильмді жасауға 500-ден астам адам жұмылдырылған, олардың 200-ге жуығы түсірілім тобының мүшелері. Түсірілімдер бес айға созылып, 30 нысан пайдаланылған.

Дереккөз

https://kaz.tengrinews.kz/cinema/kazak-handyigyi-turalyi-serialdyin-kashan-korsetletn-belgl-268149/ https://kaz.tengrinews.kz/cinema/kazak-handyigyi-turalyi-serial-tusrled-257959/ http://www.kazakhfilmstudios.kz/kaz/press/news/8789/ https://brod.kz/kz/news/kazahstanskaya-premera-film-kazahskoe-hanstvo-almaznyj-mech-kz/