Қазақстан жастар одағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Жастар Одағы– қоғамдық ұйым. Жастардың мүдделерін қорғайтын дербес тәуелсіз қоғамдық бірлестік ретінде 1991 жылы 12 қазанда құрылған. Қазақстан жастар одағының басты мақсаты жастардың тұлғалық мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, интеллектуалдық әлуетті дамыту, жастардың жоғары мемлекеттік органдарда әлеуметтік, мәдени және экономикалық мүдделерін білдіру әрі қорғау болып табылады. Қазақстан жастар одағының негізгі міндеттері – әр түрлі білім беру бағдарламалары арқылы жастардың бастамаларын қолдау және жүзеге асыру, жастардың отаншылдық сезімін күшейту, жастарға экол. тәрбие беру, олардың демалыс уақытын ұйымдастыру. Қазақстан Жастар Одағының құрамында 14 облыс және Алматы қалалық комитеттері, ұжымдық мүшелер ретінде: Республикалық “Антиспид” жастар қоры, “Прокъюремент” ассоциациясы, т.б. кіреді.

Қазақстан жастар одағының сыйлығы

Қазақстан жастар одағының сыйлығыәдебиет пен өнер, ғылым мен техника саласы бойынша талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында екі жылда бір рет берілетін сыйлық. 1964 ж. Қазақстан Комсомолы сыйлығы ретінде белгіленген. Сыйлықтың алғашқы лауреаттары: О.Сүлейменов (“Адамға табын, жер, енді” поэмасы мен “Ақ түндер” өлеңдер жинағы үшін, 1964); Ә.Әлімжанов (“Күнге бет алған керуен” повесі үшін, 1965). Қазақстан жастар одағының сыйлығы соңғы он жылдық ішінде журналистика, кино, қолданбалы өнер, музыка, әдебиет, ғылым мен техника саласында елеулі жетістіктерімен көзге түскен жастарға берілді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Көркемдігі жоғары туынды жазған жас қаламгерлерді қолдау мақсатында 1990 жылдан бастап беріліп келеді. Қазақстан жастар одағының сыйлығының иегерлері:

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақстан жастар одағы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}