Боранқұл мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Боранқұл мұнай кен орны - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылынан солтүстік-батысқа қарай 108 км жерде орналасқан. Кен орны сейсмикалық барлау және терең бұрғылау нәтижесінде 1959 жылы ашылған, барлау жұмыстары 1973 жылдан жүргізіліп келеді.

Геологиялық құрылымы, сипаты

Боранқұл мұнай кені оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылған мезозойлық асимметриялы жайпақ антиклинальда қалыптасқан. Антиклинальдың геологиялық қимасы жалпы қалыңдығы 3000 м-ден асатын төменгі пермь кезеңінен антропогенге дейінгі шөгінділерді қамтиды. Қалыңдығы 3-41 м құнарлы мұнай шоғырлары юра қабаттарында 2000-2400 м тереңдікте жатыр. Өнімді қабаттар терригенді тау жыныстарынан құралған, коллекторлары кеуекті.

Тығыздығы, құрамы

Мұнайдың тәуліктік өнімділігі 29-96 м3 (газ 44 мың м3). Қабат қысымы 21,4 – 25,3 МПа, температурасы 64-75°С. Мұнайдың меншікті салмағы 0,866 – 0,918 г/см3, құрамында күкірт (0,91 – 1,63%), парафин (1 – 1,69%) бар, шайыры 14,44 – 35%. Газдың құрамы: 72% метан, 3% этан, 1,5 – 3,8% пропан, 3,6 – 4,39% азот. Кен орнында барлау жұмыстары жүргізілуде.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref> <ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Боранқұл мұнай кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}