Азияның этнографиялық картасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Азияның этнографиялық картасы.jpg
Азия этнографиялық картасы
Сурет:Azia zertteu karta.jpg
Азия зерттеу картасы

Азия – (грек asia ассириша асу - шығыс деген сөзден шыққан болуы керек) – дүниеннің жер шарындағы ең ірі бөлігі.

Жалпы мәлімет

Ауданы 43,4 млн км²-қа жуық, (Кавказбен) яғни бүкіл құрылықтың 30%-ы. Соның ішінде түбектер мен аралдар 8 млн км² шамасында. Азияның құрылықтағы бөлігі түгелдей солтүстік жарты шарда орналасқан. Малай архипелағы ғана экватордаң асып оңтүстік жарты шарға біраз өтеді. (110 оңтүстік ендікке дейін). Азияның құрлықтағы шеткі межелері солтүстікте 77°43′, солтүстік еңдікте, оңтүстікте Пиай мүйісі 1°16′ солтүстік еңдікте батыста Баба мүйісі 26°10′ шығыс бойлықта; шығыста Дежнев мүйісі 169° 40′ батыс бойлықта. Азияның солтүстігінен оңтүстікке және батыстан шыысқа созылып көп жерді алып жатуы онда табиғатжадайларының саң алуан болуына және солтүстк жарты шардағы барлық географиялық белдеулердің орын тебуіне себеп болады. Ол біртұтас Еуразия (Еуропа мен Азия) құрлығының құрамды бөлігі. Еуразияны Еуропа мен Азия деп бөлуі ежелгі дәуірде туып, тарихы қалыптасты. Олардың арасында бір тұтас шекара жоқ. Шартты шекара Орал тауның шығыс етегі, Жем өзеңі, Каспий теңізінің солтүстік жағалауы. Кума манычойысы (Кавказ Азияға жатады), Керчь бұғазыарқылы өтеді. Оңтүстік батыста ені тар Суэц мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады да Беринг бұғазы оны Америкадаң бөледі. Азияның солтүстік Мұзды мұхиты, Тынық және Үнді мұхиттары қоршап жатыр. Кіші Азия жағалауын Атлант мұхиттының Жерората, Мәрмер, Қара, Азов теңіздері жиектейді. Еуропаға қарағанда Азия жағалауында шығанақтар және қойнаулар азияның Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардың 2-2,5 мың км қашықтықта. Ең ірі түбектері –Арабия, Үндістан, Үндіқитай Азияның оңтүстігінде. Олар ірі ірі шығанақтармен, теңіздермен бөлінеді. Шығыс жағалауындағы Корей, Камчатка, Чукот түбектері оңтүстегі түбектерден кіші және бірі бірінен алыс оқшау жатыр. Тынық мұхиттың құрылыққа таяу бөлігінде доғаша иіліп орналасқан бірнеше аралдар тізбегі бар, олардың бастылары: Куриль-Камчатка, Сахалин-Жапон, Рюкю-Корей, Калимантан-Лусон-Тайвань және Зонд немесе Ява (Суматра, Ява, кіші Зонд тағы басқалар) Бұлар Охота, Жапон, Шығыс Қытай, оңтүстік Қытай және Ява теңіздерін мұхиттан бөліп жатыр. Осы аралдар тізбегін шығыс жағында материктік беткей бірте бірте терңдеп Куриль-Камчатка (тереңдігі 10542 м), Жапон (8412 м), Рюккю (7507м) тағы басқа мұхит шұңғымаларына айналады. Азияның солтүстік жағалауы ойпатты келеді, мұнда қойнаулар мен шығанақтар аз кездеседі. Өзен сағаларында ғана шағын кірмелер бар. Ірі түбектер: Тайсыр арал, Ямал, Гыдин. Азияның солтүстік жағалауындағы қайранда Кара, Лаптевтер, Шығыс Сібіртеңіздері мен көптеген аралдар тобы (Солтүстік жер, Жаңа Сібір, Врангель тағы басқа) бар.

Жер бедері

Жер бедері Азияның жерінің ¾ бөлігі –таулар мен таулы үстірттер; бұлар негізгі екі белдеуден тұрады. Ендік бағыттағы белдеу батыстан шығысқа қарай, кіші Азия түбегінен Тынық мұхит жағалауына дейін созылып, жатқан 2 қатар тау тізбегінен тұрады. Ал, солтүстік тізбек Оған Понт, Эльбурс, Түркімен-Қорасан, Гиндукуш, Қарақорым, Куньлунь, оңтүстік Қытай таулары кіреді. Үндіқытай түбегіндегі Аннам жотасыда осы солтүстік түбекке жатады. б, оңтүстік тізбек. Оған Тавр, Загрос, Мектан, Сүлеймен, Гималай, Паткай, және Аракан таулары кіреді. Бұл тау тізбектердің аралығында бірнеше таулы қыраттармен таулы үстіреттер бар. Ендік бағыттағы белдеуге кіретін тау қыраттары мен жоталары батыстан шығысқа қарай биіктей береді де тек шығыста теңіз жағалауына жақындағанда қайтадан аласарады. Кіші Азия қыратының орта биіктігі 600-800 моны қоршап жатқан Понт, Тавр таулары 1500-2000м, Иран таулы қыраты 800-1000м, шеткі жоталары (Эльбурс, Загрос, Гиндукуш тағы басқа) 2500м, Тибет таулы қыраты 4-4,5 мың м, шеткі таулары (Гималай, Куньлун) 5-6 мың м, Гималай тауларының көптеген шыңлары 7-8 мың м және одан да биік. Мұндағы Джомолунгма (Чомолунгма) - бүкіл дүние жүзіндегі ең биік шың, (8848м), Гималайдан кейінгі биік тау Қарақорым (Чогори тауы, 8611 м). Ендік белдеудің оңтүстігінде тау бөктеріндегі ойыстар онан әрі жан-жағы тау жоталарымен қоршалған кең байтақ Декан, Сирия-Араб үстірттері жатыр. Солтүстік шығыс белдеу Памирден Чукот түбегіне дейін созылады. Бұған кіретін таулар ендік белдеуге қарағанда көне едәуір аласа Оның ең биік және басты таулары Тянь-шань, Жоңғар-Алатауы, Тарбағатай, Алтай, Хангай, Кузнецк алатауы, Саян, Байқал маңы, Байқал сырты, Становой, Джугджур, Колыма, Анадырь жоталары.

Солтүстік-шығыс белдеуден батыс пен шығысқа қарай биіктігі орташа және аласа таулары мен таулы үстіртер тарайды, олар: солтүстікте Жоғары Яна мен Черский жоталары, орта Сібір таулары, Сарыарқаның аласа таулары, шығыста Орталық Азияның үсірттері Үлкен Хинган, Кіші Хинган, Бурея, Манчжурия-Корей таулары. Құрылықтың шығыс жағалауында белдеуден оқшау Сихотэ-Алинь, камчатка таулары мен Коряк жотасы созылып кетеді. Азияның жерінің 25 % -і ойпатты жазықтар. Олар көбінде теңіз және өзен шөгінділерінен пайда болған аллювийлік ойпаттар қатарына жатады. Ең үлкені батыс сібір жазығы, ол оңтүстікте Тұран ойпатымен жалғасады. аса ірі әрі құнарлы Үнді-Ганг және Месопотамия ойпаттары Гималай мен Загрос тауларының етегіндегі, тау бөктеріндегі илістерді ал басқа ірі ойпаттар теңіз жағалауларын алып жатады. (Солтүстік Сібір ойпаты, Ұлы Қытай және манчжурия жазықтары) Азияның әр жерінде оқшау жатқан кіші-гірім ойпаттар да бар. (Анадырь-Пенжина жазықтары. Амур бойындағы, Үндіқытай түбегіндегі Зонд архипелағының батыс бөлігіндегі ойпаттар).<ref>“Қазақ Совет Энциклопедиясы”, ІV том</ref><ref>Н. Сейітов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, ISBN 5-615-01738-4</ref><ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ , 2003. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Азияның этнографиялық картасына түсіндірме:

Үндіеуропа тобы

Үнді тобы

Сурет:IE expansion.png
Үндіеуропа тобының б.з.б. 4000-1000 жылдардағы көші-қон схемасы
Сурет:Sindi.Warrior.jpg
Синды әскеріне арналған скульпторы, б.з. І ғасыр
  1. Бенгалдықтар
  2. Ассамдықтар
  3. Ория
  4. Бихарлықтар
  5. Хиндустықтар
  6. Раджастандықтар
  7. Пенджабтықтар
  8. Лахида
  9. Гуджараттықтар
  10. Бхилдер
  11. Непалдықтар
  12. Пахарилер
  13. Гуджарлар
  14. Синдхтар
  15. Маратхилер
  16. Кашмирліктер
  17. Кхо, шина, кохистандықтар, пашайлар
  18. Сингалдықтар
  19. Мальдивтіктер
  20. Ведділер

Иран тобы

21. Парсылар
22. Талыштар
23. Осетиндер
24. Күрттер
25. Лурлар
26. Бахтиярлар
27. Тәжіктер
28. Памир маңы тәжіктер
29. Хазарейліктер
30. Чаар-аймақтар
31. Ауғандықтар
32. Белуджер
33. Нуристандықтар

Славян тобы

34. Орыстар
35. Украиндар

IV тобы

36. Гректер

V тобы

37. Армяндар
38. Биробиджан еврейлері

VІІ Кавказ семьясы

39. Грузиндер және лаздар
40. Абхаздар
41. Адыгейлер
42. Чечендер
43. Таулы Дағыстан халықтары

VІІІ тобы

44. Буриштер

Семит хамит тобы

45. Араб халықы

Х тобы

46. Ассириялықтар (айсорлар)

ХІ тобы

47. Израиль еврейлері

Орал тобы

ХІІ Фин тобы

48. Комилер

ХІІІ Угор тобы

49. Хантылар
50. Мансилер

ХІV Самодий тобы

51. Ненецтер
52. Нгасандар
53. Селькуптер

Алтай тобы

ХV Түрік тобы

54. Түріктер
55. Әзірбайжандар
56. Кашқайлар
57. Афшалар
58. Түркімендер
59. Қазақтар
60. Қырғыздар
61. Өзбектер
62. Қарақалпақтар
63. Ұйғырлар
64. Салалар
65. Татарлар
66. Ноғайлар
67. Құмықтар
68. Балқарлар
69. Қарачайлар
70. Башқұрттар
71. Алтайлықтар
72. Шорлықтар
73. Хакастар
74. Тывалар
75. Сахалар
76. Долгандар

ХVІ Моңғол тобы

77. Халха моңғолдар
78. Қытай моңғолдар
79. Буряттар
80. Ойраттар
81. Ту (моңғолдар)
82. Дунсян
83. Дахурлар

ХVІІ Тунгус-маньжчур тобы

84. Эвекілер
85. Эвендер
86. Нанайлар
87. Ульчлер
88. Орочілер
89. Удэгейлер
90. Орокилер
91. Маньчжурлар
92. Сибо
93. Орочондор

ХVІІІ тобы

94. Корейлер

ХІХ тобы

95. Жапондар

XX тобы

96. Айндар

XXІ тобы

97. Эскимоттар
98. Алеуттер

XXІІ Палеоазия халықтары тобы

99. Чукчалар
100. Коряктар
101. Ительмендер
102. Юкагилер
103. Нивхтер

XXІІІ тобы

104. Кеттер

Қытай-тибер тобы

XXІV Қытай тобы

105. Қытайлар
106. Дүнгендер

XXV Тибет-бирма тобы

107. Тибеттіктер, шерпектер
108. Цян
109. Гималай халықтар (неварлар, канаурилер, лахулилер)
110. Ицзу
111. Ханилер
112. Лису
113. Насилер
114. Лаху
115. Байлар
116. Бара-бодо
117. Нага
118. Качиндер (цзинпо)
119. Кукичиндер
120. Бирмалықтар
121. Карендер және кая

XXVІ Таи тобы

122. Сиамдықтар (кхон-тайлар)
123. Лао
124. Тау тайлары
125. Шаньдар
126. Тай
127. Чжундар
128. Буилер
129. Дун
130. Ли

XXVІІ Мяо-яо тобы

131. Мяо (мео)
132. Яо (мань)

XXVІІІ тобы

133. Вьетнамдықтар

XXІХ Мон-кхмер тобы

134. Кхмерлер
135. Тау кхмерлер (банан, седан тағы басқалар)
136. Мондар (талаин)
137. Тау мондары
138. Кхасилер
139. Сеноилер мен семангилер
140. Никобарлықтар

XXХ Мунда тобы

141. Сенталдар
142. Мунда
143. Корку

XXХІ Дравид тобы

144. Тамилдер
145. Телугу
146. Каннара
147. Малаялилер
148. Тулу (және кодагу)
149. Гондтар (және кандхилер)
150. Ораондар
151. Брагуилер
152. Цейлон маврлары

Австронезия (малайя-полинезиялық ) тобы

XXХІІ Индонезия тобы

а. Индонезиялықтар

153. Индонезия малайялықтары
154. Минангкабау
155. Реджанг-лебон-гилер
156. Аче (ачиндер)
157. Гайо және аластар
158. Батакилер
159. Ниастар және ментавайлар
160. Кубу және лубу
161. Явалықтар
162. Сундтар
163. Мадурлықтар
164. Балиялықтар
165. Даякилер
166. Пунандар
167. Минахастар
168. Горонталдар
169. Тораджилер
170. Мандарлар
171. Бугилер (және макасарлар)
172. Бутунгилер
173. Кіші зонды және молукка аралындағы индонезиялықтар

ә. Филиппиндиктер

174. Тагалдар, илокилер, биколдар тағы басқа лусон халықтары
175. Висайя
176. Ифугао, набалоилар, букиднондар, тағы басқа филиппиннің тау тайпалары
177. Аэта
178. Моро

б. Индонезиялық басқа халықтар

179. Малакка малайялықтары
180. Тай
181. Тау шамдары (раглай, джарай)
182. Джакундер
183. Гаошань

XXХІІІ тобы

184. Андамандықтар

XXХІV тобы

185. Солтүстік хальмахерліктер

XXХV тобы

186. Елсіз аймақтар

Дереккөздер

<references/>