Жапондар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Халық

Жапондар (Үлгі:Lang-ja Nihonjin/Nipponjin, 日本民族 nihon-minzoku, яғни күншығыс елінің адамдары) — ұлт, Жапонияның байырғы халқы. Жалпы саны 125 млн. адам (1995). Оның 123 млн-ы Жапонияда тұрады. Сондай-ақ, АҚШ-та (1,2 млн), Бразилияда (1,5 млн), Перуде, Канадада (99 мың), Аргентинада да бар.

Антропологтар жағынан Жапония моңғол расасының қиыршығыстық нәсіліне жатады. Жапониялықтардың кейбіреуінің сырт бейнесінен басқалардан бөлекше ауыспалы нәсілдің белгісі байқалады. Бірнеше диалект пен говорға бөлінетін жапон тілін кейбір зерттеушілер алтай тобындағы тілдердің қатарына жатқызады. Токио диалектісі негізінде қалыптасқан қазіргі әдеби тілі (хәдзюнго) 20 ғасырдың орта шенінде көне әдеби тілді (бунго) ығыстырып шығарды. Жапон аралдарына адамдар біршама кеш қоныстанған. Ғалымдар мұнда ең алғаш қазіргі айндардың аталары, онан кейін оңтүстіктен индонезиялық топтар тілінде сөйлейтін тайпалар, ал б.з.б. 4 — 3 ғасырларда Оңтүстік Кореядан тайпалар келді деп есептейді. Б.з. 4 — 8 ғасырларында осы этностық элементтер және корей, қытай иммигранттары негізінде 19 ғасырдың 2-жартысында жапон ұлты қалыптасты. Жапония будда және синто дінін, аздаған бөлігі христиан дінін ұстанады. Жапониялықтардың құрамында өзіндік тілдік, әдет-ғұрыптық ерекшеліктері сақталған рюкю мен басқа этностық топтар бар. Мысалы, буракуминдер — ең төменгі кастаға жататын, өзгелермен тең құқығы оқшауланған этностық топтар Жапонияда буракуминдер қоныстанған 600-дей елді мекен бар.

Жапонияда ұлттық қолөнердің сан түрі, қыш құмыра, керамика жасау, ағашқа ою-өрнек салу, бамбуктен себет тоқу, зергерлік пен сәулет өнері дамыған. Жапония еденге жастықша төсеп, аласа жозыда тамақтанады. Көшеде, жұмыста еуропалықтарша киініп, демалыста, үйде, қонақта ұлттық киімдерін — кимоно киеді. Ерлер мен әйелдердің кимоносы бір-бірінен пішіміне, бояуына, жеңінің ұзындығына қарай ерекшеленеді. Кимононың сыртынан әйелдер жалпақ белбеу, ерлер енсіз белбеу буынады. Дәстүрлі кәсіптері күріш өсіру. Оған қосымша суармалы егін, шай, көкөніс, жеміс-жидек, цитрус жемісін егеді. Жібек құртын өсіру, әсіресе, балық аулау кәсібі дамыған. Жапониялықтардың басым көпшілігі қалалы жерлерде тұрып, өндіріс орындарында, халыққа қызмет көрсету саласында еңбек етеді. Жапония каркастан қалап тұрғызған бір-екі қабатты үйлерде тұрады. Үйдің ішкі жағы рама мен картон қағаздан тығыздап, қабаттап құрастырылған жылжымалы қабырғамен бөлінеді. Ал үйдің биік шатыры қалақ таспен жабылады.

Ұлттық тағам түрлері, негізінен, күріштен жасалады. Қою тағамдарды қос таяқшамен жейді. Ас қатығы, тұздығы соя бұршағынан, көкөністен даярланады. Жапонияда балықпен бірге теңізден ауланатын кальмар, осьминог, устрица, т.б. тағамдарды пісіріп те шикідей де мол қолданады.

Көнеден жеткен ұлттық салт-дәстүрін, тарихи ескерткіштері мен өнерін, ұлттық мейрамын, сан алуан отбасылық жоралғы ғұрпын, сыпайы мінез-құлық пен мәдениеттілікке баулитын халықтық педагогикасын классик. поэзиясын, сонымен қатар кескіндеме мен сәулет өнерін сақтаған.

Сілтеме

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жапондар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}