Ительмендер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ительмендер – халық. Ресей Федерациясы Камчатка облысындағы Коряк ұлттық округінің Тагиль ауданында тұрады. Жалпы саны – 2,4 мың адам (1992). Антропологиялық жағынан ительмендер моңғол нәсілінің арктикалық түріне жатады. Чукот-камчат тілдері құрамындағы ительмен тілінде (ескіше атауы – камчадал тілі) сөйлейді. Напан, седан, сопочнов, хайрюзов диалектілеріне бөлінеді. Орыс тілі кең тараған. Христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Бірақ аруаққа сену секілді діни нанымы да сақталған. Камчатка Ресейге қосылғанға дейін (17 ғасырдың соңы) ительмендер түбекті түгелдей дерлік мекендеген. Олар алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүріп, балық аулап, аңшылықты кәсіп етті, неолит дәуіріндегідей тастан, сүйектен жасалған құралдарды қолданған. Қысқы азық ретінде балықты қақтап, ұрада сақтады. Терісі бағалы аңдарды, итбалықты, кит пен теңіз жәндігі – котикті аулап, орманнан шөп тамыры мен жидек терген. Ағаш астауға отқа қыздырған тас салып ас пісірген. Ительмендер 18 ғасырдың 2-жартысынан бастап Ресейден қоныстанушылар әсерімен мал, егін шаруашылығынн игерді. Осы тұста орыстармен сүйек-шатыс болып, аралас тұрғандар да ительмендер секілді камчадалдар деп аталды. Көлік ретінде ит жеккен шананы, қайықты пайдаланды. Жазда сыртқы пішіні пирамидаға ұқсас күрке тігіп, ал қыста есігі төбесінен шығарылған, жартылай жер үйде отырықшы тұрмыс кешті, ертеректе аң терісінен тігілген киім киген. Қазір еуропалықтарша киінеді. Қазан төңкерісінен кейін ительмендердің тұрмыс-тіршілігінде түбегейлі өзгеріс болды. тасы; қ. Пемза.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ительмендер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}