Албания

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
18:38, 2026 ж. маусымның 23 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекет Албания (Үлгі:Lang-sq), толық ресми атауы — Албания Республикасы (Үлгі:Lang-sq Үлгі:IPA) — Еуропаның оңтүстігінде орналасқан шағын мемлекет. Солтүстігінде Черногория және Сербиямен, оңтүстік-шығысында Грекия және Солтүстік Македониямен, шығысында Косовомен шектеседі. Халқы — 2,8 миллион адам.

Албания албандардың тұратын жалғыз мемлекет емес, олар Косово және Солтүстік Македонияда тұрады.

Мемлекеттік құрылымы

Мемлекет парламенттік жүйе бойынша басқарылады және сол себептен Президент көбіне салтанатты рөлге ие. Елдің Парламенті бірпалаталық Кувенди деп аталады. Оған Премьер-министр басшылық етеді. Кувендиде 140 депутат бар, олардың 100 депутаты мажоритарлық жүйе бойынша бірмандаталық округтерден сайланады. Қалған 40 депутаттар партиялық тізім бойынша сайланады. Барлық депутаттар 4 жылға сайланады.

  • 2009 жылғы сәуірден бастап Албания — НАТО мүшесі.
  • 2009 жылғы 29 сәуірде Албания Еуропа одағына мүше болу туралы өтінішін жіберді.

Әкімшілік бөлінісі

Үлгі:Mainarticle Албанияның 12 облысы (Үлгі:Lang-sq), 61 муниципалитеті (Үлгі:Lang-sq) және 373 коммунасы (Үлгі:Lang-sq) бар.

Албания облыстары
Елтаңбасы Облысы Орталығы Аумағы (км²) Халық саны
34x34 нүкте Берат Берат 1,802 193,855
34x34 нүкте Дибра Пешкопия 2,507 191,035
34x34 нүкте Дуррес Дуррес 827 247,345
34x34 нүкте Эльбасан Эльбасан 3,278 366,137
34x34 нүкте Фиери Фиери 1,887 384,386
34x34 нүкте Гирокастра Гирокастра 2,883 114,293
34x34 нүкте Корча Корча 3,711 266,322
34x34 нүкте Кукес Кукес 2,373 112,050
34x34 нүкте Лежа Лежа 1,581 159,792
34x34 нүкте Шкодер Шкодер 3,562 257,018
34x34 нүкте Тирана Тирана 1,586 601,565
34x34 нүкте Влёра Влёра 2,706 193,361

Географиясы

Албания Балқан түбегінің оңтүстігінде орналасқан. Оңтүстігінде Грекиямен, солтүстігінде Черногория мен дүние жүзі бойынша жартылай мойындалған Косовомен, шығысында Солтүстік Македониямен және батысында Ион мен Адрия теңіздерімен шектеседі. Басқа Жерорта теңізімен шектесетін мемлекеттерден айырмашылығы: Албанияның аралдары аз, тек 7–10. Аралдардың көбі өте майда және оларда адам тұрмайды; мысалы Сазани және Стилло аралдары.

Албания жерінің 70 пайызы таулы және тек 25 пайызы ауыл шаруашылығы мен егіншілікке келеді. Албанияның халқының 47.8% ауыл шаруашылығымен айналысады. Жемістерден басқа тағы Албанияда темекі өсіріледі.

Жердің көп бөлігі тау жоталары мен үстіртті аймақта орналасқан. Таулы аңғарларынан құлай аққан тасқынды өзендер теңізге қарай құлаш ұрады. Бұл өзендер Адрия теңізін жиектей 150 км-ге созылып жатқан құнарлы жазық алқап арқылы өтеді. Алқаптың ені 15 км-ден 35 км-ге дейін барады. Бұл жактың ауа райы жұмсақ. Таулы аудандарда сәл қаталдау. Қыста жиі боран соғып, аяз 20 градусқа дейін барады.

Халқы

Статистика

Халық саны 2 831 741 (2011 жылғы халық санағы бойынша),<ref>http://census.al/ Үлгі:Webarchive</ref> ал 2001 жылғы халық санағы бойынша халық саны 3 069 275 адам: он жыл ішінде халық саны 7,7%-ға азайды. Халық санының азаюының негізгі себебі — ауқымды көші-қон және туу көрсеткішінің төмендеуі. Албанияның туу көрсеткіші Еуропаның ең кіші көрсеткіштерінің бірі болып келеді.

Тұрақты халық: 1 421 810, соның ішінде ерлер – 50,2%, және әйелдер – 49,8% құрайды. Жылдық өсім – 0,3% (елдегі эмиграцияның деңгейі жоғары).

Қала халқы – 53,7% (2011 жылғы санақ), ауыл халқы – 46,3%. Санақ тарихында алғаш рет (2011) албандар ауылдық жерлерге қарағанда қалаларда көбірек тұратын.

Этникалық құрамы

Этникалық құрамы: албандар – 95%, гректер – 3%, басқалары (румындар, сығандар, сербтер, македондықтар) – 2%.

1990 жылғы сәуірде елдегі яһуди диаспорасы өмір сүруін тоқтатты: соңғы 11 еврей Израильге кетті.

Тілі

Үлгі:Mainarticle Албан тілі — Еуропаның ең ерекше тілдерінің бірі болып келеді. Үнді-еуропалық тіл болғанымен, оның ешқандай басқа туыстас тілі қалмаған.

Албан тілінен басқасы тағы этникалық азшылықтардың өздерінің тілдері де бар: гректердің грек тілі, румындардың румын тілі, т.б..

Діні

Албания халқының шамамен 60%-ы зайырлы мұсылмандар және шамамен 20%-ы христиандар (католик немесе православ). 1945–1992 жылдардағы коммунист билігінде Албания ресми дінін атеизм қылған тұңғыш мемлекет болғанымен, қазіргі күні дін сақталған.

Тарихы

Сурет:Bazar Tirana (ca. 1900).jpg
1900 жылғы Тирана қаласындағы базар

Албания — орта ғасырлардың атау. Гректер осы мемлекет «Albaētia» немесе «Arbanētia» деп атады. «Алба» сөзі иллирийше «төбе» мағынаны білдіреді.

Ерте тарихы

Албанияда адамның алғашқы іздері орта және кейінгі палеолит дәуірлеріне жатқызылады және олар Дзарре ауылында (Сарандадан алыс емес жерде) және Дайти тауында (Тирана маңында) табылды.<ref>The Cambridge Ancient History Үлгі:Webarchive</ref> Дайти тауында ориньяк мәдениетіне ұқсас тас құралдары табылған.

Албания бірінші Грекияның, ал сосын Рим Империясының провинциясы болған. 395 жылы Рим империясы екі мемлекетке бөлінді (Батыс Рим және Византия).

1912 жылы албандар Османлы империясынан шығып өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Бірақ 1939 жылы Италияның фашисттері Албанияға кіріп, аннексия жасайды.

1944 жылы партизандар өз мемлекетін жауыздан босатып, 1946–1976 жылдары Албанияны Албан Халық Республикасы деп атайды. Албанияны Энвер Ходжа басқарады.

1976 жылы социалистер елді Албания Социалистік Халық Республикасы деп жариялады.

1991 жылдан бастап Албания — демократиялық тәуелсіз республика.

Экономикасы

Елдің өнеркәсіп және мәдениет орталығы, Албанияның елордасы – Тирана. Мұнда көп зауыт-фабрикалар орналасқан. Албания шаруашылығының басты саласы — ауыл шаруашылығы. Құнарлы жері бүкіл территориясының тек қана бір бөлігін алып жатқандықтан, албандар батпақты жерлерді құрғатып, тау төскейлерін бақ отырғызыға пайдаланады. Олар бидай, күріш, арпа, сұлы егеді, бұршақтар тұқымдасты өсімдіктер, лимон, жүзім сондай-ақ зәйтүн ағашын отырғызынады. 2005 жылғы деректерге сәйкес Албанияның Жалпы Ішкі Өнімі (ЖІӨ) 6,9 млрд еуро құраған. Адам басына шаққанда – 1 900 еуро. Албания Еуропаның ең кедей мемлекеттерінің бірі.

ЖІӨ экономика құрылымындағы пайызы:

  • ауыл шаруашылық саласы – 22%;
  • өндіріс саласы – 15%;
  • құрылыс саласы – 10%;
  • сауда, туризм, қызмет көрсету саласы – 19%;
  • транспорт және байланыс – 13%.

2008 жылғы дерекке сәйкес ауыл шаруашылық саласында жұмысшылардың 58% істеген, өндіріс саласында – 15%, қызмет көрсету саласында 27%. Жұмыссыздық деңгейі 12,5% тұрақталды. 2008 жылы экспорт – 1,3 млрд АҚШ долларын құрады.

Сыртқы саудасы

Басты сатып алушы елдер — Италия 57%, Грекия 11,8%, Қытай 5,8%. 2008 жылы импорт — 4,9 млрд АҚШ долларын құрады. Басты импорт жіберуші елдер — Италия 30,7%, Грекия 12,5%, Түркия 6,9%, Германия 6,3%, Швейцария 4,6%, Ресей 4,2%.

Мәдениеті

Рәміздері

Сурет:Doppeladler Albanien.jpg
Киелі Ндойт шіркеуінің қабырғасында салынған екі басты қыран

Албания мемлекетінің және халқының рәміздері оның тарихымен және мәдениетімен тығыз байланысты. Осыған мысал ретінде қара және қызыл түстерін, қыранын, мерекелерде киілетін фустанела, кече, опинга сияқты киімін және зәйтүн мен көкнәр сияқты өсімдіктерін айтуға болады.

Албания байрағы — ортасында қара қыран салынған қызыл ту. Қызыл албан халқының батылдығын, күшін және айбынын, ал қара қаһармандығын мен бостандығын білдіреді. Қыран құсы албандардың рәмізі болуын Орта ғасырларда бастады, ол Арберия мемлекетінің және оның бірнеше династияларының рәмізі болатын. Екі басты қыран османдарға қарсы күрескен Ескендір Бейдің да ту мен мөрінде бейнеленген болатын.

Әдебиеті

Үлгі:Mainarticle

Мемлекеттік мейрамдары

Ресми мейрамдары

Төмендегі кестеде Албанияның ресми мейрамдары және 2022 жылы олардың тойлану күні көрсетілген (кейбір мерекелердің датасы өзгеруі мүмкін).

Күні Қазақша атауы Албанша атауы Ескерту
1–2 қаңтар Жаңа жыл Viti i Ri
14 наурыз Албания Жаз күні Dita e Verës 2004 жылы Албания парламентімен қабылданды
22 наурыз Наурыз мейрамы Dita e Nevruzit
17–18 сәуір Католик Пасхасы Pashkët Katolike әр жыл өзгереді
24–25 сәуір Православ Пасхасы Pashkët Ortodokse әр жыл өзгереді
1 мамыр Бірінші мамыр Dita Ndërkombëtare e Punonjësve Жұмысшы күні
2 мамыр Ораза айт Bajrami i Madh (Fitër Bajrami) Рамазан айының соңы, әр жыл өзгереді
9 шілде Құрбан айт Bajrami i Vogël (Kurban Bajrami) Зул-Хиджа оныншы күні, әр жыл өзгереді
5 қыркүйек Тереза ана күні Dita e Nënë Terezës Ресми және ұлттық мереке болып Албания Парламентымен қабылданды
28 қыркүйек Тәуелсіздік күні Dita e Pavarësisë
29 қыркүйек Азаттық күні Dita e Çlirimit
8 желтоқсан Ұлттық Жастар күні Dita Kombëtare e Rinisë 2010 жылы Албания парламентімен қабылданды
25 желтоқсан Рождество Krishtlindjet

Ресми емес мейрамдары

Төмендегі кестеде Албанияның ресми емес мерекелері көрсетілен

Күні English name Albanian name Remarks
6 қаңтар Богоявление Uji i Bekuar (Epifani) ресми емес – жұмыс күні
2 наурыз Лежа Лигасы күні Dita e Besëlidhjes së Lezhës ресми емес – жұмыс күні
7 наурыз Мұғалім күні Dita e Mësuesit ресми емес – жұмыс күні
1 маусым Балалар күні Dita Ndërkombëtare e Fëmijëve ресми емес – жұмыс күні
15 тамыз Мәриям алыну күні Dita Shën Marisë or Pashka e Vogël ресми емес – жұмыс күні
22 қараша Әліппе күні Dita e Alfabetit ресми емес – жұмыс күні
12 қараша Косово Азат ету Әскері күні Dalja në skenë e UÇK-s ресми емес – жұмыс күні
28 қараша Конституция күні Dita e Kushtetutës ресми емес – жұмыс күні
6 желтоқсан Әулие Николас күні Dita e Shën Kollit ресми емес – жұмыс күні
24 желтоқсан Рождестволық сочельник Krishtlindjet қалауынша жұмыс күні

Киімі

Сурет:Fustanela 001.jpg
Изополифондық ән шырқап жатқан фустанела киген албандар

Албанияның әр мәдени және географиялық регионының өзінің киім стилі, түсі және материалы өзгеше. Қазіргі заманда албан ұлттық киімдері тек ұлттық рәсімдер, мерекелер және тойларда киіледі. Кейбір қарттар күнделікті өмірлерінде де ұлттық киімдерін кие береді. Киімдер жергілікті материалдардан жасалады: зығыр, жүн, жібек, кендір талшығы және былғары. Албан киімінің ең танымалының ішінен фустанела киімін, джублета белдемшесі, кече ерлер бас киімін, капица әйелдер бас киімін және опинга аяқ киімін айтып кетуге болады.

Асханасы

Үлгі:Mainarticle Албан асханасы оңтүстік пен солтүстік региондарында ерекшеленеді. Бұның себебі ерекшеленетін топографиясы және климаты болып келеді.

Дәстүрлі тағамында албандар лимон, апельсин, інжір және ең бастысы зәйтүн жемістерін қолданады. Жемістердің албан асханасында ерекше рөлі бар. Тағы гүлшетен, базилик, жалбыз, жұпаргүл, лаванда және жебір сияқты қоспалар және де сарымсақ, пияз, бұрыш, картоп, қызанақ және бұршақты дақылдар сияқты көкөністер де жиі қолданылады.

Теңізге (Адрия мен Ион) тиетін региондарында балық пен шаянтәрізділердің тағамға қосылуын байқауға болады. Албанияның христиандарына да, мұсылмандарына да қой еті ас үлестеріндегі ең басты ингридиенттерінің бірі болып келеді.

Тава коси албандардың басты тағамы болып саналады. Ол қой етінен (кейде тауық еті де қолданылады) және йогурт пен жұмыртқа қоспасымен пісірілген тағам. Ол тағы Грекияда, Солтүстік Македонияда және Түркияда танымал, сол елдерде оны Элбасан қаласынын атымен Элбасан тава деп атайды.

Сәулет және бейнелеу өнері

Сурет:Castle of Bashtovë.jpg
Баштова бекінісі ЮНЕСКО Әлемдік мұра Алдын ала тізімінде жазылған.

Албанияның сәулет және бейнелеу өнері көптеген түрлі мемлекет пен халықтардын әсерін көрген. Сурет салу, құмыра өндіру, скульптура, керамика жасау және архитектура — барлығы да түрлі стильдерді қамтиды және албан халқының бай тарихын баяндайды.

Византия мен Осман империясы мемлекеттерінің өсуі албан сәулет өнеріндегі христиандық және исламдық өнердің әйгіленуіне әсер етті. Бірнеше ғасырдан кейін Албан Ренессансы заманында албан өнерінде импрессионизм мен романтизм стильдерінің танымалдылығын байқауға болады. Албанияның ең іргелі және танымал суретшілерінің қатарына икон жазушы Онуфрий, Кола Идромено, Давид Селеница, Константин Шпатараку және Зографи ағайындылары сияқты тұлғаларды қосады.

Албания архитектурасы Антикалық дәуірден басталады. Қазіргі Албания қалаларында түрлі замандардың, түрлі стильдердегі ғимараттарды табуға болады. Ірі қалаларының көбісі бекініс пен қамалдардан бастау алған, осыны тұрғын үйлерде, діни және коммерциялық ғимараттарда байқауға болады. Ғасырлар бойы қалалардың келбеті сол заманға сай өзгере беретін. Алайда 20-ғасырдың коммунистік кезеңінде ежелден келе жатқан діни ескерткіштер жаппай бұзылды.

Ежелгі архитектураны Билис, Амантия, Фойнике, Аполлония, Бутринти, Антигония, Шкодер қалаларында табуға болады. Шығыс Рим империяның ұзақ билігінің әсерінен Албания жерінде қамал, рабат, шіркеу, монастырь, тасқа сурет салу мен фреска түсініктері пайда болды. Албанияның оңтүстігіндегі Корче, Берат және Джирокастер қалалары осыған мысал бола алады. Осман империясының жаулауынан кейін мешіттер құрылысы басталады, бұл әсіресе Берат пен Джирокастер қалаларында байқалады.

Музыка

Албан халық музыкасы албандардың сәйкестігінде үлкен рөл атқарады және заманауи албан музыкасына үлкен әсер етеді. Халық музыкасын жиі үш топқа бөледі: солтүстіктегі Гег диалектінің музыкасы және Лаберия мен Тоск диалекттерінің музыкалары. Оңтүстіктің әндері дөрекі істелітімен және солтүстіктің әндері байсалды үнімен танымал.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Навигациялық блок