Бұрыш (көкөніс)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Бұрыш (Сapsіcum) — алқа тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның оңт. облыстарында бір жылдық түрлері өсіріледі. Тропик аймақтарда көп жылдық өсімдік ретінде өседі. Қазақстанда Б-тың 1 түрі — қызыл Б. (С. annuum) бар. Б. — жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Биікт. 30 — 130 см, сабағынан жанама сабақшалар шығады. Жапырағы жұптасып орналасқан, жұмыртқа тәрізді тықыр немесе түкті келеді. Маусым — шілдеде гүлдейді, гүлдері жалқы немесе жұптасқан, түсі ақ сары, күлгін түсті. Б. тұқымынан алынған көшеттерінен өсіріледі. Қазақстанның оңт. ауд-нда Б-тың “астрахандық”, “болгарлық”, “ласточка”, “подарок”, “ротонда”, т.б. сорттары егіледі. Б-ты тамаққа дәм беруге, маринадтауға, консервілеуге және салаттар жасауға пайдаланады. Б-тың аурулары: шірік, вирус, солу. Зиянкестері: жұмыр құрттар, көбелектер, т.б. <ref name="Қазақ Энциклопедиясы, II-том">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Бұрыш (Латын атауы:Capsicum annum) Жемістерінің сұрыбына байланысты әр түрлі пішіні, түсі және көлемдері бар жылу сүйетін өсімдік. Бұрыш Америкадағы ең ежелгі өсірілетін көкөніс деп есептелінеді. Оны, тіпті, бес мың жыл бұрын өсіргенін зерттеушілер анықтады. Бұрыштың шыққан елі- Перу. Жүгерімен, үрме бұршақпен және асқабақпен қатар ол Америкадағы Колумбқа дейінгі негізгі көкөністердің бірі болды. Еуропаға бұрыш Христофор Колумбтың дәрігері алып келді. XVI ғасырдан бастап, бұрыш бүкіл Еуропаға тарады және өзінің орнын жерорта теңізі және балқан асханасында тапты. Сонымен қатар, бұрыш - бұл венгрлердің ұлттық көкөнісі және дәмдеуіші. 1912 жылдан бастап, Сковилл межесі - бұрыштың ащылығын бағалауға арналған арнайы меже бар.

Өсімдік туралы

Бұрыш – алқа туысына жататын біржылдық бақша өсімдігі. Оның түрі өте көп. Жапырақтары ұзынша келген немесе қысқа табақ тәріздес, жекелей немесе бір түпке жиналып орналасқан, түсі ақшыл жасылдан, қою қара жасыл түске дейін өзгереді. Гүлдері ірі, ақшыл немесе жасыл түсті, түбі сарғыш немесе күлгін болады. Жемісі тұқымды, ортасы бос, қызыл, сары, қызыл-сары, жасыл түсті, түріне қарай пішіні әр түрлі, салмағы 0,25-190 грамм тартады. Бұрыштың Отаны – Америка. Табиғи түрін Американың тропикалық аймақтарында кездестіруге болады. Жер шарының тропикалық және субтропикалық белдеулерінде өсіріледі. Бұрыш – жылусүйгіш өсімдік, оның қалыпты температурасы – 18-25 °C. Тыңайтылған топырақта ғана жақсы өседі. Бірқалыпты суғарып тұрған жөн. Зиянкестері: карадрина, нематодтар т.б. Аурулары: солу, вирустар және т.б. Бұрыш құрамында алкалоид, капсаицин (0,03 % шамасында), қант (8,4 % дейін), ақуыз (1,5 % дейін), С дәрумені (500 мг% дейін), каротин (14 мг%), P, B1, B2 дәрумендері, эфир майы (1,5 %) және майлар (тұқымында 10 %), стероид сапониндері бар.

Құрамы

Бұрыш(Сapsіcum) Жемісі — етжеңді, іші қуыс, көп тұқымды жидек, салмағы 50 — 200 г, түсі қызыл, сары, жасыл, қоңыржасыл, 2 — 4 ұялы болады. Тұқымы дөңгелек, ақсары түсті. Бұрыш дәмдік сапасына қарай ащы, тұщы және жұпарлы сорттарға бөлінеді. Жемісінің құрамындағы капсаицин алкалоиды оған ащы дәм береді. Бұрыш витаминдерге (А, С, т.б.), оның ішінде аскорбин қышқылына өте бай. Жемісінің құрамында белок (тәтті сорттарында 2 — 5, ащы сорттарында 1 — 1,5) болады. Б. жемісінің құрамындағы эфир майлары оған өзіне тән жұпар иіс, дәм береді.

Бұрыштың(Capsicum annum)100 г – 26 ккал С және А дәрумендерінің, сондай-ақ бета-каротиннің бай көзі. Жасыл бұрыштың құрамында С дәрумені көп, ал сары мен жасылында - бета-каротин көбірек.

Бұрыш туралы тақпақ

Бақшамызда өседі,

Керек тағам деседі.

Бар қызыл, көк, сарысы

Ащы-тұщы бәрісі.

Шылым құмарларға көмек

Белсенді және белсенді емес шылым құмарлардың назарына - мәзірде бұрыштың болуы қатерлі ісіктің және өкпе эмфиземасының даму қауіп-қатерін төмендетеді.

Қолданылуы

Ақжелкен көгінен кейінгі барлық көкөністердің ішінен бұрыш C дәруменінің ең бай көзі болып табылады. Бұрыштың 200 грамы ересек адамның С дәруменіне деген күндізгі қажеттілігін қамтамасыз етеді. С дәруменінен басқа бұрыштың құрамында А дәрумені бар, бұл бос радикалдардың көзін жоятын коктейл болып табылады. Бұл керемет дуэт склероздан және жүрек ауруларынан қорғай отырып, холестериннің жиналуына кедергі жасайды. Сонымен қатар, ол қатерлі ісіктердің, шелдің және шорбуынның түзілуінің алдын алады. Бұрышты көптеген тағамдардың құрамына, атап айтқанда, «Лечо», фаршталған бұрыш дайындауға, сорпаларды қоюландырғыштарға, тұздықтарға, салаттарға қосады.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Әуенді көкөніс

Бұрыштың ащы сұрыптарының бірі Cascabel, оны шайқағанда шығатын дыбыстың арқасында - "қоңыраулар әуені" деген атқа ие.

Сілтемелер

Дереккөздер

Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Көкөністер: Дидактикалық материал.- Алматы, 2011. - 16 б, ISBN 978-601-7237-33-2

Өндірісі

Bell and Chile pepper production (tonnes)
Ел 2004 2005 2006 2007
Үлгі:Flag 12,031,031 12,530,180 13,031,000 14,033,000
Үлгі:Flag 1,431,258 1,617,264 1,681,277 1,690,000
Үлгі:Flag 1,100,514 1,058,023 1,100,000 1,100,000
Үлгі:Flag 1,700,000 1,829,000 1,842,175 1,090,921
Үлгі:Flag 1,077,025 1,063,501 1,074,100 1,065,000
Үлгі:Flag 978,890 959,070 998,210 855,870
Үлгі:Flag 720,000 721,000 721,500 723,000
Үлгі:Flag 467,433 460,000 470,000 475,000
Үлгі:Flag 410,281 395,293 352,966 345,000
Үлгі:Flag 318,000 345,000 318,000 340,000
Үлгі:Flag 237,240 203,751 279,126 280,000
Үлгі:Flag 270,000 270,000 277,000 279,000
Үлгі:Flag 362,430 362,994 345,152 252,194
Үлгі:Flag 255,000 256,000 256,000 250,000
Үлгі:Flag 265,307 248,614 275,888 233,000
Үлгі:Flag 126,133 113,371 206,419 207,000
Үлгі:Flag 182,340 190,480 235,570 192,000
Үлгі:Flag* 159,741 167,477 177,255 150,257
Үлгі:Flag 153,400 154,000 146,900 150,000
Үлгі:Flag 129,100 134,700 150,677 136,000
Үлгі:Noflag 24,587,124 25,261,259 26,252,907 26,056,900
  • Ескерту: Сербия 2006 жылға дейін Монтенегроны қосқанда

<ref name="Қазақ Энциклопедиясы, II-том"/>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұрыш (көкөніс)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}