Халифа Алтай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тұлға Халифа Ғакибұлы Алтай (18 желтоқсан, 1917 жыл, Шығыс Түркістан – 15 тамыз 2003 жыл) — қазақ дін және қоғам қайраткері, ғалым, жазушы, аудармашы, тарихшы, түркітанушы, антрополог. Орта жүз Абақ Керей ішінде Жәнтекей руынан шыққан, ауыл молдасынан сауат ашқан.<ref>https://egemen.kz/article/233575-khalifa-altaydynh-osieti</ref><ref name="http://almatykitap.kz/goods/7231.jsp">Үлгі:Cite web</ref>
Өмірбаяны
- 1933 – 1938 ж. Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударған.<ref>«Қазақстан жазушылары: XX ғасыр». Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004 – 392 бет.</ref>
- 1940 ж. Халифа Алтай және Елісхан, Зайып бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барып, 1941 ж. Кашмир өлкесінде тұрақтады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>
- Одан кейінгі өмірі Үндістан мен Пәкістанда өтіп, осында арабша, урдуша білім алған.
- 1951 ж. Пешавар қаласында Қытайдан көшіп келген қазақтар қоғамы құрылып, сонда жауапты хатшы болды.
- 1953 – 1954 ж. Пәкістандағы қазақтардың Түркияға көшін ұйымдастырушылардың бірі. 8 жыл діни медреселерде оқыған. Түркияда сауда кәсібімен шұғылданған. Алтай Халифа Түркияда шығармашылықпен айналысып, Шығыс Түркістаннан басталған азапты сапар туралы өмірбаяндық кітаптар жазды.
- 1991 ж. Қазақстанға біржолата көшіп келді.
- Ислам дінін уағыздап, діни кітаптар аударып, таратуға еңбек сіңірген.
- 1995 – 2000 ж. Қазақ радиосынан әр жұма сайын ислам дініне байланысты арнайы хабар жүргізді.
- Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының жанынан құрылған “Инабат” имандылық тәрбие орталығының төрағасы болды.
Шығармалары
- 1995 ж. “Сияр нәби” атты кітабы жарық көрді.
- «Қазақ түріктерінің шежіресі»
- «Естеліктерім»
- «Ата жұрттан Анадолияға дейін»
- «Алтайдан ауған ел» атты кітаптары жарық көрген.
- 1991 ж. Алтай Халифа аударған Құран Кәрімнің қазақша мағынасы мен түсінігі Фахд баспаханасында басылып, 800 мың данамен таратылды.
- «Кәләм Шарифді» аударған, көптеген діни кітаптардың авторы.
- Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>