Халифа Алтай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Халифа Алтай (18 желтоқсан, 1917, Шығыс Түркістан2003) – Дін және қоғам қайраткері, жазушы. Сауатын ауыл молдасынан ашқан.

  • 1933 — 1938 ж. Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударған.<ref>«Қазақстан жазушылары: XX ғасыр». Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004 – 392 бет.</ref>
  • 1940 ж. Халифа Алтай және Елісхан, Зайып бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барып, 1941 ж. Кашмир өлкесінде тұрақтады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>
  • Одан кейінгі өмірі Үндістан мен Пәкістанда өтіп, осында арабша, урдуша білім алған.
  • 1951 ж. Пешавар қаласында Қытайдан көшіп келген қазақтар қоғамы құрылып, сонда жауапты хатшы болды.
  • 1953 — 1954 ж. Пәкістандағы қазақтардың Түркияға көшін ұйымдастырушылардың бірі. 8 жыл діни медреселерде оқыған. Түркияда сауда кәсібімен шұғылданған. Алтай Халифа Түркияда шығармашылықпен айналысып, Шығыс Түркістаннан басталған азапты сапар туралы өмірбаяндық кітаптар жазды.
  • 1991 ж. Қазақстанға біржолата көшіп келді.
  • Ислам дінін уағыздап, діни кітаптар аударып, таратуға еңбек сіңірген.
  • 1995 — 2000 ж. Қазақ радиосынан әр жұма сайын ислам дініне байланысты арнайы хабар жүргізді.
  • Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының жанынан құрылған “Инабат” имандылық тәрбие орталығының төрағасы болды.

Шығармалары

  • 1995 ж. “Сияр нәби” атты кітабы жарық көрді.
  • «Қазақ түріктерінің шежіресі»
  • «Естеліктерім»
  • «Ата жұрттан Анадолияға дейін»
  • «Алтайдан ауған ел» атты кітаптары жарық көрген.
  • 1991 ж. Алтай Халифа аударған Құран Кәрімнің қазақша мағынасы мен түсінігі Фахд баспаханасында басылып, 800 мың данамен таратылды.
  • «Кәләм Шарифді» аударған, көптеген діни кітаптардың авторы.
  • Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}