Сәкен Әділханұлы Жасұзақов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Сәкен Әділханұлы Жасұзақов (25 қазан 1957, Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шалдар ауылы) — әскери қызметкер, генерал-майор. Алматы жоғары жалпы әскери командалық училешесін (1978), Мәскеу әскери академиясын (1990) бітірген. 1978 — 1987 жылдары Балтық бойы әскери округінде барлау взводы командирі, барлау ротасы командирі, жеке барлау батальоны штабы бастығы қызметтерін атқарған. 1990 — 1994 жылдары Алматы қаласындағы ауданның азаматтық қорғаныс штабы бастығы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі штабының барлау бөлімінде аға офицер, барлау басқармасының ғылыми-ақпарат бөлімінің бастығы, 1994 — 1996 жылдары Ресей Қарулы Күштері Бас штабы әскери академиясының тыңдаушысы, 1996 — 2000 жылдары Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, шұғыл жоспарлау департаментінің бастығы, армиялық корпус командирінің орынбасары, штаб бастығы болып жұмыс жасады. 2000 жылдан әскери құрама командирі.


Үлгі:Бақытжан Сағынтаевтың министрлер кабинеті

Үлгі:Wikify Үлгі:Stub