Bilim Media Group

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
20:39, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Компания Bilim Media Group (қазіргі атауы — Bilim Group) — Қазақстандағы жетекші EdTech (білім беру технологиялары) компаниясы. Ол электронды білім беру нарығын дамытуға маманданған және мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арналған цифрлық платформалардың экожүйесін құрған<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Компанияның ұраны: «Баршаға қолжетімді сапалы білім».

Тарихы

Компания 2011 жылы құрылды. Алғашқы жобасы — бастауыш сыныптарға арналған iMektep.kz онлайн-платформасы болды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

BilimLand жобасы технологиялық даму ұлттық агенттігінің қаржылай қолдауы негізінде дайындалып, алғашқы сатылымдары 2013 жылы басталды. Білім беру платформаларының алғашқы тұтынушысы Назарбаев Зияткерлік мектептері автономиялық білім беру ұйымы болды. 2015 жылы қосылған мектептер саны 300 ден асты, ал 2016 жылы 1000 мектептен асты.

BilimLand порталына күніне 1,5 миллион адам қолданады<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Қазіргі уақытта Bilim Group — 15-тен астам цифрлық өнімді біріктіретін экожүйе. Компания өнімдері Қазақстан мектептерінің басым бөлігінде қолданылады және елдегі білім беру процестерінің шамамен 70%-ін қамтиды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Негізін қалаушылар және басшылық

COVID-19 пандемиясы кезінде қашықтан оқытуды ұйымдастыру

2020 жылы COVID-19 пандемиясы кезінде OnlineMektep платформасы іске қосылды. Бұл платформа 1–11 сыныптардың толық бағдарламасын қамтыды және мектептерде қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың негізгі құралдарының біріне айналды. Сол жылы платформаға тегін қолжетімділік жарияланды, ал видеоуроктар «Балапан» және «Ел арна» телеарналарында көрсетілді.

BilimClass пен Kundelik арасындағы бәсекелестік

2026 жылдың басында Алматы қаласының 200-ден астам мемлекеттік мектебі (300 мыңнан астам оқушы) «Kundelik» электронды журналынан «BilimClass» платформасына жаппай ауысты. Бұл оқиға нарықтағы екі ірі ойыншы — құрамына Тимур және Динара Құлыбаевтардың үлесі бар «Kundelik» пен Тимур Турловтың холдингіне тиесілі «BilimClass» арасындағы бәсекелестікті шиеленістірді. «Kundelik» өкілдері деректерді тасымалдау кезінде заң бұзушылықтар болғанын алға тартып, құзырлы органдарға шағымданғанымен, Алматы қалалық білім басқармасы мен «Bilim Group» тарапы ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталғанын мәлімдеді. Бүгінгі таңда «BilimClass» Қазақстанның 5 мыңнан астам мектебін қамтып, цифрлық білім беру саласындағы жетекші позициясын нығайтып келеді<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Өнімдері

  • BilimLand — мектеп пәндері бойынша интерактивті контент репозиторийі.
  • OnlineMektep — 1–11 сыныптарға арналған қашықтықтан оқыту платформасы (42 пән, қазақ және орыс тілдерінде, 40 000+ видеоурок және 140 000+ тапсырма).
  • iMektep — бастауыш сыныптарға арналған анимациялық сабақтар және геймификация.
  • iTest — ҰБТ/ТЖБ/БЖБ-ға дайындық.
  • Kitap.kz (Қазақстанның ашық кітапханасы)— онлайн кітапхана.
  • BilimKids, BilimUstaz, BilimClass, Twig-Bilim, SmartNation және басқалар.
  • Bilim Foundation — жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу<ref>Үлгі:Cite web</ref>, өмір дағдылары<ref>Үлгі:Cite web</ref> және «Жарқын Болашақ» жобасы<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Қызылжар Абай мектебі<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
  • BMG UpSkill – Coursera Kazakhstan<ref>Үлгі:Cite web</ref>, OpenAI жобаларын<ref>Үлгі:Cite web</ref> жүзеге асырады.
  • Qlang<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер