Астана

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:25, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

АстанаҚазақстан Республикасының астанасы. 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап астана статусына ие.

Миллионер қаласы мәртебесіне 2017 жылдың маусымында қол жеткізілді, ол кезде тұрғындардың саны 1 002 874 адамға жетті. Астана елдің солтүстігінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Әкімшілік жағынан қала 6 ауданға бөлінген.

Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы ұсынысты Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде ауыстыру туралы шешім қабылдады. Орталық мемлекеттік органдардың Ақмолаға ресми көшуі 1997 жылғы 10 желтоқсанда басталды.

Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусым күні өтті.

Қала алты әкімшілік бірліктен — «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл», «Байқоңыр»<ref name="Байқоңыр ауданы">Астананың жаңа "Байқоңыр" ауданының шекарасы белгілі болды Үлгі:Webarchive</ref>, «Нұра» және «Сарайшық» аудандарынан тұрады. Есіл және Нұра ауданы қаланың даму динамикасына қарай кейінгі жылдары құрылды.

Сурет:Astana (Kazakhstan), satellite image 2017-07-24.jpg
Астананың спутниктен қарағанда көрінісі (2017 ж.)

Географиясы

2023 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша қала тұрғындар саны 1 354 435 адам, бұл Алматыдан кейінгі Қазақстандағы екінші көрсеткіш. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Қала территориясы аумағы – 797,33 км² (2017 жылғы 7 ақпанда Ақмола облысының елді мекендерсіз 87,19 км² қалаға қосылғаннан кейін).

Қала дала жазығында орналасқан. Алып жатқан аумақтың рельефі — төмен террассалар. Каштан топырағы басым.

Қаланың геологиясы — солтүстік бөлігінде бөлінбеген палеозойлық шөгінділер, ал оңтүстік және батыс бөліктерде орта төрттік шөгінділер. Қаланың көп бөлігі шөгінді тау жынысында, негізінен құмдақ саздарда жатыр.

Астана қаласы Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Қала екі бөлікке бөлінеді — оң және сол жағалау. Қаланың гидрографиялық желісі тек Есіл өзенімен ғана емес, сонымен қатар Есіл өзенінің оң ағымдары Сарыбұлақ пен Ақбұлақ өзендерімен де ұсынылған. Қаланың 25-30 км радиусында көптеген тұщы және тұзды көлдер бар.

Тарихы

Үлгі:Main

Астана 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында Федор Шубин негізін қалаған бекіністен бастау алады.

1862 жылы Ақмолинск қала мәртебесін алды.

1962 жылы қалаға Целиноград атауы берілді.

1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.

1998 жылы 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.

1998 жылы 10 маусым Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

Астана қаласы Ақмола облысының аумағында орналасқан және осы облыстың үш ауданымен (Целиноград, Шортанды және Аршалы) шектеседі. Қаланың өсуі Ақмола облысы Целиноград ауданының аумағын екі бөлікке бөлді.

2018 жылғы 7 ақпанға дейін Астана территориясына қаладан басқа (69 822 га) 2 орманшылық учаскілері де (шығыста аумағы 459 га мемлекеттік орман тәлімбағы, солтүстікте Қоянды су қоймасындағы саяжай (12 саяжай қауымдастығы бар). Аталған массив аумағы Мемлекеттік жер кадастріне сәйкес 900 га, Астананың бас жоспарына сәйкес 850 га, ал қала территориясы балансына (2018 жылғы 16 наурыздан № 131 Қазақстан Республикасының Үкімет Жарлығы) сәйкес 733 га құрайды.

2018 жылғы 7 ақпанда қала аумағына Ақмола облысы Целиноград ауданының территориясынан қосымша 8 719 га аумағымен 3 учаскілер (тұрғындары жоқ), соның ішінде халықаралық әуежайға жақын 7 300 га учаскі, қаладан оңтүстікте орналасқан ұлттық пантеон (959 га) және солтүстік-батыста орналасқан қалалық зират (460 га) қосылды.

2018 жылғы 16 наурызда Алматы және Сарыарқа аудандарының бөліктерінен төртінші аудан Байқоңыр ауданы құрылды.

2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның екінші президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шешімі бойынша қаланың атын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертілді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2022 жылы 17 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығымен Астана атауы қайтарылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Басшылар

Үлгі:Main

Халқы

Үлгі:Main 2020 жылғы 1 қаңтардағы қала түрғындар саны 1 136 008 адамды құрады. ҚазСтаттың ресми есебі 2017 жылғы 1 қаңтарда елордада 972 672 тұрғынды, 2017 жылғы 1 маусымда 1 002 874 тұрғынды, ал 2020 жылғы 1 қаңтарда есептің жаңа методикасына сәйкес 1 136 008 тұрғынды тіркеді.

2009 жылғы халық санағы бойынша қала тұрғындарының тек 36% -ы Астана қаласында туып-өскен болып шықты. Қала негізін Қазақстанның басқа өңірлерінен келген мигранттар құрады, атап өтсек 19,4% — Ақмола облысы тұрғындары, 7,4% Түркістан облысы тұрғындары, 6,3% — Қарағанды мен Қостанай облыстары тұрғындары құрды.

КазСтаттың 2016 жылғы 1 қазан жағдайы деректері бойынша қаланың еңбекке жарамды тұрғындар (әйелдер жасы 16—58, еркектер жасы 16—63) саны 478 432 адамды құрайды, соның ішінде 21 мың жұмыссыз және 92 мың жұмыс күшіне енбейтін тұлғалар.

Некеге тұрудың орташа жасы — еркектер үшін — 27,5 жас, ал әйелдердер үшін — 25,3 жас.

1989 1997 1998 1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006
281252<ref name='116-6-1'/> 275100<ref name='116-6-1'/> 275300<ref name='116-6-1'/> 326900<ref name='116-6-1'/> 381000<ref name='116-6-1'/> 446200<ref name='116-6-1'/> 493100<ref name='116-6-1'>Население Астаны</ref> 501998<ref name='116-6-2'/> 510533<ref name='116-6-2'/> 529335<ref name='116-6-2'/> 550438<ref name='116-6-2'/>
2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016 2017
574448<ref name='116-6-2'/> 602684<ref name='116-6-2'/> 605254<ref name='116-6-2'/> 649139<ref name='116-6-2'/> 697129<ref name='116-6-2'/> 742918<ref name='116-6-2'>Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары және аудандары бойынша халық саны, 2003-2012</ref> 778083<ref>Үлгі:Cite web</ref> 814401<ref>Үлгі:Cite web</ref> 852985<ref>Үлгі:Cite web</ref> 872655<ref>О демографической ситуации в городе Астана Үлгі:Webarchive</ref> 926144

Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169,2 мың адамға көбейіп, 2006 жылдың басында 550,2 мың адам болды. 2013 жылдың 1 наурызындағы ақпарат бойынша халық саны — 783 471 адамды құрады. Халық саны бойынша Қазақстандағы Алматы қаласынын кейінгі 2-орында.

Астана қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке қию деңгейінің артуы болып табылады. 2005 жылы қалада 8,8 мың бала өмірге келді, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4,3 мыңға көп. 2005 жылы бала туудың коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 6,3, өлім — 6,7 құрады.

Қала халқының өсуі негізінен көші-қон ағыны есебінен қамтамасыз етілуде. Көші-қон сальдосының елеулі түрде өсуі (50 мыңнан асатын шекте) 2000—2001 жылдары байқалды.

Келгендердің санының кеткендерден асып түсуі негізінен азаматтардың республиканың ішіндегі көші-қон есебінен қамтамасыз етілді. Алайда соңғы жылдары оның салыстырмалы түрде тұрақтануы байқалады (2002 ж. — 6,8 мың, 2003 ж. — 5,4 мың, 2004 ж. — 14,2 мың, 2005 ж. — 15,7 мың адам). Халықтың табиғи өсімі осы кезеңде 2000 жылғы 1513 адамнан 2005 жылы 5,2 адамға дейін көбейді.

Демография динамикасы

Үлгі:Жасырын Қазақстанның Алматы қаласынан кейінгі тағы бір миллионер қаласы тіркеледі. 2009-жылдың көрсеткіштерінде Астана қаласының миграциялық сальдосы 31 908 адамды құрады — бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш.<ref> Үлгі:Cite web </ref>

Астана тұрғындар санының динамикасы төменде келтiрiлген.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

<timeline>

Colors=

 id:lightgrey value:gray(0.9)
 id:darkgrey  value:gray(0.7)
 id:sfondo value:rgb(1,1,1)
 id:barra value:rgb(0.6,0.7,0.8)

ImageSize = width:700 height:340 PlotArea = left:50 bottom:50 top:30 right:30 DateFormat = x.y Period = from:0 till:1200000 TimeAxis = orientation:vertical AlignBars = justify ScaleMajor = gridcolor:darkgrey increment:200000 start:0 ScaleMinor = gridcolor:lightgrey increment:100000 start:0 BackgroundColors = canvas:sfondo

BarData=

 bar:1989 text:1989
 bar:1997 text:1997
 bar:1998 text:1998
 bar:1999 text:1999
 bar:2000 text:2000 
 bar:2001 text:2001 
 bar:2003 text:2003
 bar:2005 text:2005 
 bar:2007 text:2007 
 bar:2009 text:2009 
 bar:2010 text:2010 
 bar:2011 text:2011 
 bar:2012 text:2012 
 bar:2015 text:2015 
 bar:2020 text:2020 
 bar:2030 text:2030

PlotData=

 color:barra width:27 align:center
 bar:1989 from:0 till: 281300
 bar:1997 from:0 till: 275100
 bar:1998 from:0 till: 275300
 bar:1999 from:0 till: 326900
 bar:2000 from:0 till: 381000
 bar:2001 from:0 till: 446200
 bar:2003 from:0 till: 501998
 bar:2005 from:0 till: 529335
 bar:2007 from:0 till: 574448
 bar:2009 from:0 till: 605254
 bar:2010 from:0 till: 649139
 bar:2011 from:0 till: 697129
 bar:2012 from:0 till: 742918
 bar:2015 from:0 till: 852985
 bar:2020 from:0 till: 950000
 bar:2030 from:0 till: 1200000
 

PlotData=

 bar:1989 at: 281300 fontsize:S text: 281300 shift:(0,5)
 bar:1997 at: 275100 fontsize:S text: 275100 shift:(0,5)
 bar:1998 at: 275300 fontsize:S text: 275300 shift:(0,5)
 bar:1999 at: 326900 fontsize:S text: 326900 shift:(0,5)
 bar:2000 at: 381000 fontsize:S text: 381000 shift:(0,5)
 bar:2001 at: 446200 fontsize:S text: 446200 shift:(0,5)
 bar:2003 at: 446200 fontsize:S text: 501998 shift:(0,5)
 bar:2005 at: 529300 fontsize:S text: 529335 shift:(0,5)
 bar:2007 at: 574400 fontsize:S text: 574448 shift:(0,5)
 bar:2009 at: 613600 fontsize:S text: 605254 shift:(0,5)
 bar:2010 at: 697100 fontsize:S text: 649139 shift:(0,5)
 bar:2011 at: 730800 fontsize:S text: 697129 shift:(0,5)
 bar:2012 at: 743000 fontsize:S text: 742918 shift:(0,5)
 bar:2015 at: 850000 fontsize:S text: 852985 shift:(0,5)
 bar:2020 at: 950000 fontsize:S text: 950000 shift:(0,5)
 bar:2030 at: 1200000 fontsize:S text: 1200000 shift:(0,5)
 

TextData=

 fontsize:S pos:(220,20)
 text:Астана қаласының тұрғындар санының динамикасы
</timeline>

Агломерациясы

«Астанагенплан» ҰЗМИ «Астана агломерациясының аумақтық дамуының аймақаралық схемасы» жобасын жасады.

2015 жылдың қарашасында қабылданған бұл құжатпен жалпы ауданы 21,75 мың км² болатын, Ақмола облысының Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандарының 127 елді мекені, сондай-ақ Ақкөл облысының төрт ауданы (Урюпин ауылдық округі, Еңбекші ауданы, Кеңес ауылдық округі, Ақкөл қалалық әкімшілігі) қоса, Астана агломерациясының шекаралары анықталды. Қала маңы аймағының белгіленген шекараларында 196 мың адам, ал Астана қаласында 814 мың адам тұрады. Астана қала маңы түрғындарының тығыздығы 9 адам/ км² құрады (бүкіл Қазақстан халқының орташа тығыздығы 1 км²-ге шамамен 7 адам).

Агломерацияны дамыту жобасымен 2020 жылы агломерация саны 1,2 миллион адамға дейін, ал 2030 жылға қарай 1,5 миллионнан астам адамға өседі деп күтілуде.

Табиғаты мен климаты

Үлгі:Main Қала климаты аса континенталды. Жазы ыстық және құрғақ, ал қысы суық, ұзақ.

Орташа жылдық температурасы 3,1 °C. Жауын-шашын жылына 300 мм түседі. Жаздың орташа температурасы шамамен 20°С болғанымен, Орта Азияның ыстық ауа массаларына байланысты максималды температурасы 40 °C болуы да мүмкін. Жазы жылы, бірақ қысқа. Ал қыстың орташа температурасы −15 °C шамасында, кейде Сібір аяздарының қалаға жетуіне байланысты -50 °C аязға дейін баруы мүмкін. Қар жамылғысы қалың болып, қыстың ұзақтығы 4-5 айға созылады.<ref>https://kazhydromet.kz/</ref> Астана Ұланбатырдан кейінгі әлемдегі ең суық астана болып саналады.

Жауын-шашынның жалпы мөлшері жылына шамамен 300-350 мм құрайды. Жауын-шашынның көп бөлігі көктем мен жазда түседі. Қыста жауын-шашын аз болып, қар мөлшері орташа деңгейде болады.

Ауа ылғалдылығы төмен, орташа жылдық көрсеткіші шамамен 60% құрайды. Қыс мезгілінде ылғалдылық көбінесе төмен болады.

Астанада желдің жылдамдығы жиі өзгереді, бірақ орташа жылдамдығы 4-6 м/с шамасында болады. Қыста қатты желдер мен борандар болуы мүмкін, бұл суықты қатты сезіндіреді.

Қаланың адамдар үшін онша қолайлы емес құрғақшылық пен қатты желге бейім даланың ортасында орналасқанына байланысты, қала айналасын жасыл белдеумен — ағаштар мен басқа да жасыл кеңістіктермен жабдықтау бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда.

Үлгі:Қаланың ауа райы

Экономикасы

Үлгі:Main

Астана қаласы экономикасын сауда, транспорт пен байланыс, құрылыс құрайды. Қазақстан экономикасының сауда секторының жалпы өніміне қосқан үлесі бойынша Астана қаласы Қазақстан Республикасының облыстары мен қалалары арасында Алматы қаласынан кейін екінші орын алады. Астана мен Алматы қалаларының жиынтық аймақтық өнім көлемі Қазақстанның жалпы сауданың жартысынан астамын құрайды. Бөлшек тауар айналымы бойынша да Астана қаласы республикада екінші орында. Құрылыс өсімі бойынша Астана қаласы республика бойынша көшбасшы. 2009 жылы Қазақстан бойынша эксплуатацияға берілген тұрғын үйлердің 1/5 бөлігі Астана қаласына келді. Астана бес жылдан астам тұрғын үйлерді эксплуатация енгізу бойынша көшбасшы.

Өнеркәсіптік өндіріс көбінесе құрылыс материалдарын, тамақ өнімдері мен сусындарын және машина жасауда шоғырланған. Қазақстан бойынша Астана қаласы металдан жасалған құрылыс материалдарын, қолдануға дайын бетон және бетоннан жасалынған құрылыс өнімдерін жасаудан көшбасшы болып табылады. Сондай-ақ, құрылыс металл конструкцияларын, радиаторлар мен орталық жылыту қазандықтары мен қондырғыларды өндірудегі қаланың үлесі салыстырмалы жоғары. Инвесторларды жұмылдыру және жаңа бәсеке қабілетті өндірісін дамыту мақсатында қалада «Астана — жаңа қала» атты арнайы экономикалық аймағы қызмет атқаруда.

АЭА-ның артықшылықтары - салықтық және кедендік жеңілдіктерді қарастыратын арнайы құқықтық режимнің болуы. АЭА аумағында әртүрлі бағыттағы жобалар жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, қаланың дамуы өндірістің жалпы көлемінде инновациондық өнімнің жоғары үлесі бар, дамыған өндірістік секторларға (құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнімдерін өңдеу және т.б.), қаланың жалпы аймақтық өнімнің басым бөлігін қамтамасыз ететін шағын бизнеске және дамыған туризм секторына бағытталған бәсекеге қабілетті экономиканы құруға бағытталған.

2009 жылы өндеу өнеркәсібі кәсіпорындарымен 77,25 млрд.теңге көлемінде өнім шығарылды — бұл өндеу өнімінің жалпы көлемінің 81% құрайды. Өндеу өнеркәсібі құрамында ең көп үлес алады:

  • Метал емес өнімдерді, құрылыс материалдарын өндіру (30,3 %),
  • Тамақ өнімдерін жасау, сусындарды қоса (20,1 %), ет комбинаты, май зауыты, сүт комбинаты, диірмендер;
  • Метал өнімдерін жасау (16,2 %), «Металлист», насосты, шойын құю;
  • Машина жасау (15,6 %), вагондарды жөндеу, сорғы және басқа да кәсіпорындар;
  • 1 % аз тоқыма және тігін өнеркәсібі, ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдарын өндіру.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын кішігірім шағын кәсіпорындарды қоспағанда, Астана қаласында орташа айлық жалақы орташа есеппен 308 135 құрайды. 1 мың адамнан 688 адам. үйден Интернетке кіру мүмкіндігі бар. 2019 жылдың IV тоқсанындағы жұмыссыздық деңгейі 4,4% құрайды. Экономиканың салалар бойынша өсу қарқыны (2020 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың қаңтарына дейін): өнеркәсіп (100,4%). құрылыс (130,7), көлік (110,6), ауыл шаруашылығы (98,5), сауда (101,4), байланыс (115,8).

Көлік

Үлгі:Main Астана қаласы Петропавл — Қарағанды — Балқаш және Барнаул — Павлодар — Астана — Қарталы — Магнитогорск қалаларын қосатын темір жолдар қиылысында орналасқан және темір жол вокзалы бар қала. Қалада «Қазақстан Темір жол» ұлттық темір жол компаниясының бас офисі орналасқан.

2017 жылы қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде мыңжылдық аллеясына жақын «Нұрлы Жол» атауына ие болған жаңа темір жол вокзалы салынды. Қаланың өнеркәсіптік бөлігінде ЖЭС-3 ауданында жүкті вагондар үшін терминал салынбақ.

Шоссе жолдарының ірі торабы: қала іші арқылы А-1 Астана — Петропавл және М-36 Челябинск — Алматы трассалары өтеді. 2019 жылдың соңында Астана қаласы айналасындағы айналма жолы толығымен ашылды.

Қалалық көлік автобустармен ұсынылған (92 бағыт, 871 бірлік), соның ішінде 15 электр автобустары (2020 жылдың соңына дейін 100 бірлік болуы тиіс). Қалалық маршруттар желісінің жалпы ұзындығы (2004 ж) — 1 720 км, жылдық жолаушылар ағыны — 115 млн. адам, жолакы құны 90 теңге (қолма қолсыз төлем немесе смс) немесе 180 теңге (қолма қол төлем).

Троллейбустық қозғалыс 1983 жылы ашылды (3 маршрут, бірақ 2006 жылдан бастап контакт желісі 51,7 км құрайтын бір маршрут қалдырылды). 2008 жылы жалғыз троллейбустық парк мемлекеттік комиссиясының шешімімен жабылды.

2014 жылдан бастап Астана қаласында «Astana Bike» қызмет етуде. 2017 жылы жүйе 40 станция және 1000 велосипедтен тұрды. Жүйеде бір сезонға тіркелу 5000 теңге тұрады + RFID картасы үшін кепіл. Велосипедті жалға алудың алғашқы жарты сағаты ақысыз, одан әрі қарай — 100 теңге. Велосипедті 3 сағатқа жалдағаннан кейін жүйе автоматты түрде велосипедті қайтару керек екендігін хабарлайды. 4-ші сағат және одан кейінгі жалға алу 1 000 теңге тұрады.

Қалада әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдай алатын Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы бар. Әуежай қаладан 16 шақырым қашықтықта орналасқан.

2017 жылы реконструкциядан кейін әуежайдың өткізу қабілеті жылына 8,2 млн жолаушыға жетті. Жаңа жолаушылар терминалының жалпы көлемі 47 мың шармы метр құрды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы әуежайының жүк терминалының өткізу қабілеттілігі жылына 15 мың тонна.

Астана қаласынан 30-35 км қашықтықта орналасатын жаңа халықаралық әуежайды салу жоспары бар. Екі нұсқа қарастырылуда: Көкшетау трассасындағы Шортанды аудандық орталық пен Қарағанды трассасындағы Осакаровка ауылы. Сонымен бірге жұмыс істеп тұрған халықаралық әуежай ішкі рейстерді қабылдап жұмысын жалғастырады, ал жаңа әуежай халықаралық бағыттарды қабылдайды деп ұсынылады.

2008 жылдан бастап қала шеңберінде Есіл өзені бойымен кеме жүру ұйымдастырылды. «Кеме өткізетін Есіл» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қала әкімділігімен арнайы мекеме «Есіл-Астана» құрылды. Бірінші кеме 2008 жылы өтті.

Мәдениеті

Үлгі:Main Қалада Ақмола облыстық филармониясы, мұражайлар (ҚР Ұлттық мұражайы, тарихи- өлкетану мұражайы, бейнелеу өнері мұражайы, Сәкен Сейфуллин мұражайы), театрлар ( К. Бәйсеитова атындағы үлттық опера және балет театры, К. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры, Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Ұлттық ғарыш орталығы, болашақ энергия мұражайы «Нұр Әлем», кітапханалар.

Қаланың мәдени-ағарту мекемелеріне Конгресс Холл, Жастар сарайы және Президенттік мәдениет орталығын да жатқызуға болады. Бәйтерек монументі қаланың басты символы болып саналады.

  • 2000 жылғы 6 шілдеде Азат Боярлиннің жобасы бойынша «Өмір діңгегі» бұрқағы жасалынды. Құрылыс тек символдық сипатқа ие, ол өмірдің мәңгілік циклын көрсетеді. Алаңның ашылуы Қазақстан тұңғыш президентінің 60-жылдығына арналды.
  • 2006 жылдың 24-30 қазан аралығында Астана қаласында ТМД елдері жастарының IV Дельфий ойындары өтті. Іс-шараны дайындауды және өткізуді Қазақстанның Ұлттық Дельфий комитеті мен Халықаралық Дельфий комитеті бірлесіп жүзеге асырды.
  • 2012 жылдың 24-29 қыркүйек аралығында Астана қаласында ТМД елдері жастарының VII Дельфий ойындары өтті. Ойындарда 16 елден мыңнан астам өнер қайраткерлері қатысты: Австрия, Әзербайжан, Армения, Афганистан, Белоруссия, Болгария, Грузия, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Ресей, Румыния, Тажікстан, Түркия, Украина.

Қаланың көрнекі орындары

  • Бәйтерек — Астана қаласының басты символы және көрнекі. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тұрғызылған. Жобаның сәулетшісі — Ақмырза Рүстембеков.
  • Қазақ Елі — Астана қаласындағы Тәуелсіздік алаңындағы ескерткіш. 91 метрлік стела Самрұқ құсымен – құстар патшасы, халық қорғаушысы — жабдықталған. Самрұқтың мифологиялық бейнесіне Қазақстанның екінші маңызды монументі Бәйтерек (аудармасы – Тіршілік ағасы) жатқызылады.
  • Нұр Жол Бульвары (бұрынғы Су-жасыл бульвар) — ән салатын субұрқақтар аллеясы бар жаяу жүргіншілер аймағы.
  • «Ақорда» — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.
  • Тәуелсіздік Сарайы — дипломатиялық және басқа халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге арналған ғимарат; сонымен қатар ғимаратта қолданыстағы және болашақ нысандары бар Астананың кең макет-жоспары бар.
  • Бейбітшілік және Келісім Сарайы — дәстүрлі қазақстандық және әлемдік діндер өкілдерінің саммиттері мен съездеріне арналған Конгресс-холл. Архитекторы Норман Фостер.
  • «Қазақстан» — Орталық концерт залы.
  • «Шабыт» — Қазақ ұлттық өнер университеті.
  • «Жастар» — Оқушылар мен жастар шығармашылығы сарайы.
  • «Хан Шатыр» — ең үлкен сауда және ойын-сауық орталығы (әлемдегі ең үлкен шатыр саналады). Архитекторы Фостер, Норман.
  • «Этноауыл» ұлттық мәдени кешені - EXPO-2017-нің бірегей мәдени-туристтік имидждік жобасы.
  • «Мәңгiлiк ел» қақпасы — Қазақстанның Тәуелсіздігі мерей тойына орай Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы бойынша салынған сәулеттік құрылыс.
  • Ұлттық ғарыш орталығы.
  • «Нұр Әлем» болашақ энергия мұражайы ЭКСПО 2017 — сфералық ғимарат «Нұр Әлем». Биіктігі — 100 метр, диаметрі — 80 метр. Нұр Әлем Стокгольмдегі диаметрі 30 метрлі Эрикссон-Глоб аренасынан кейін әлемдегі ең биік сфералық ғимарат болып саналады.

Театрлар, концерт залдары және мұражайлар

Астана қаласында 27 кітапхана, 68 514 экскурсия өткізілген 8 мемлекеттік мұражай бар (2011 жылы 415 500 адам кіріп шықты), 99 шара өткізілген 10 демалыс және көңіл көтеру паркілері (2011 жылы 1 492,2 мың адам қабылдады), 6 кинотеатр бар.

  • «Қазақстан» орталық концерт залы — бұл әр түрлі деңгейдегі іс-шараларды: әлемдік және отандық жұлдыздардың концерттері, мерекелік және ресми кездесулер, көрмелер, конференциялар, презентацияларды ұйымдастыруға арналған жас астананың ерекше кешені. Архитекторы Манфреди Николетти.
  • Астаналық цирк — Астана қаласының ойын-сауық мекемесі. Қазақстандағы 3 басты цирктердің бірі; бұрыңғы КСРО территориясында ең жаңа цирктердің бірі және «ұшатын табақ» түріндегі екі ерекше ғимараттың бірі (біріншісі Казаньдағы цирк).
  • К. Бәйсеитова атындағы ұлттық опера және балет театры — елдегі ең жас музыкалық театр, классикалық мұраны түсінетін және жаңарып жатқан қазақстандық қоғамның рухани қажеттіліктерін іске асыратын, сондай-ақ қазақ және әлемдік музыкалық дәстүрін жалғастырушысы.
  • Астана Опера — Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған театр. 2013 жылы құрылған театр ғимараты ұлттық маңызы бар сәулет ескерткіші ретінде танылды.
  • К. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры.
  • Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры.
  • Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайы — Орта Азияда ең үлкен мұражай. Мұражай «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған.
  • Заманауи өнер мұражайы.
  • Президенттік мәдениет орталығы — Елбасы Н. Назарбаевтың бастасымен құрылды. Ғылыми-зерттеулік және мәдени-білім кешеннің ерекшелігі — оның құрамына мұражай, кітапхана, концерт залы кіреді.
  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайы
  • АЛЖИР (Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері) — совет одағының ең үлкен әйелдер лагері, ГУЛаг архипелагы үш аралының бірі.
  • Атамекен — Қазақстанның үлкейтілген картасындағы табиғат, архитектура және өмір сүру этно-мемориалды кешені.

Ғимараттар

  • ҚТЖ мұнарасы — Қазақстан Темір Жолы ғимараты, қаланың ең биік ғимараттарының бірі.
  • Транспорт мұнарасы — Көлік және коммуникация министрлігінің ғимараты, қаланың ең биік ғимараттарының бірі.
  • «Солтүстік Шұғыла» — үш биік ғимаратты тұрғын үй кешені.
  • «Триумф Астаны» — биік тұрғын үй кешені.
  • «Думан» ойын-сауық орталығы — аквариум, 5D кинотеатр, динозавр саябағы және басқалары бар.
  • Керуен — сауда-ойын-сауық орталығы.
  • МЕГА Silkway — сауда-ойын-сауық орталығы.

Спорттық ғимараттар

Әкімшілік бөлінуі

Үлгі:Main

Үлгі:Astana Labelled Map

Астана қаласы Сарыарқа, Алматы, Байқоңыр, Есіл, Нұра және Сарайшық аудандарына бөлінген.

Су қоры

Астана қаласы қуаң аймақта орналасқан, негізгі су қоры өзен және жерасты су көздерінен құралады. Бастауын Нияз таулары бұлақтарынан алып, қысқы қар, жазғы жауын суымен толысып отыратын Есіл өзені қаланың негізгі су артериясы болып табылады. Есілдің қаладан ағып өтетін тұсынан шағын екі өзен Сарыбұлақ пен Ақбұлақ келіп құяды. Қаланы 25-30 км төңіректе шағын өзен-көлдер қоршап жатыр. Олардың кейбіреуі тұщы, кейбіреуі кермек сулы болып келеді. Негізгілері: Сасықкөл, Жоламан, Тышқанкөл, Танакөл, Жылтыркөл, Тазкөл, Қайнарлы, Тағанкөл, Майбалық, Бұзықты, Жалаңаш, Шенет, Ағанас, т.б.

Есіл өзенінің арналы ағысының ұзақтығы 562 км, су жиналу алабы 48 100 шаршы км. Оның Қазақстанды көктеп өтетін ұзындығы- 1 100 км, ал жалпы ұзындығы — 2450 км. Есіл Ресейдің Тюмень және Омбы облыстары арқылы ағып өтетін Ертіс өзеніне барып құяды. Есіл көктемгі қар суымен толысқан шақта ағысын үдетеді. Негізінен баяу ағысты. Қаланы сумен қамтамасыз ететін негізгі өзен болғандықтан, Есілге "Ертіс-Қарағанды" каналынан арна тарту жүзеге асырылды. Есіл баяу ағысты болғандықтан, оның табаны тереңде жатыр. Оның қала аумағындағы су жиналу алқабы 7400 шаршы км, бұған Вячеслав бөгені ауқымындағы 5310 шаршы км су жиналу алқабы қосылады. Есілге Мойылды, Тентек, Қарасу, Сарыбұлақ, Ақбұлақ өзендері келіп құяды, сонымен бірге су таратқыш канал арқылы Майбалық өзенімен жалғасып жатыр. Өзенде ақбалық, нәлім, мөңке, аққайран, сазан, шортан, көксерке, алабұға мекендейді. Бұрыннан қоныс тепкен қала бөлігі Есіл өзенінің солтүстігінде, оң жағалауға, темір жол магистралінен оңтүстікке қаарй етек жая орналасқан. Қала аумағының негізгі бөлігі, Есілдің Ақбұлақ және Сарыбұлақ тармақтарына келіп тұйықталады.

Есіл өзенінің алабында үш ірі бөген бар:

  • Вячеслав (пайдалану көлемі — 375,4 млн текше м)
  • Сергеев (пайдалану көлемі — 635,0 млн текше м)
  • Петропавл (пайдалану көлемі — 16,1 млн текше м)

Алғашқы екеуі судың жиналуын ұзақ мерзім бойына реттеуге арналған, сонымен қатар кешендік бағытта жұмыс атқарып, 3 топтық су құбырлары арқылы Астана қаласын және ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз етеді. Петропавл бөгенінің аумағы шағын, маусымдық су жинауды жартылай ғана реттеуге арналған. Қаланы тұрмыстық ауызсумен қамтамасыз етудің негізгі көзі-Вячеслав бөгені, оның жылдық су шығымы 67,2 млн текше м (жобадағы сыйымдылығы 410,9 млн текше м).

Сарыбұлақ солтүстіктен оңтүстік бағытта қаланың батыс бөлігі арқылы ағып өтеді. Оның аңғарының 8,5 км-дейі (ені 20-50 м) қыщ комбинантынан ӨМК-ға дейінгі аралықты қамтиды. Бұлақтың 5,8 км бөлігі қаланың жеке меншік үйлер мен көп қабатты үйлер салынған өңірі арқылы өтеді. Өнеркәсіп құрылыстарын бойлай өтетін тұсы — 3,3 км (ЖЭО-1-дің күлтөкпесінен темір жол қиылысына дейін), одан әрі 2,5 км селитебті өңірмен өтіп, Тілендиев даңғылынан 1,8 аралықпен Есілге ұласады. Бұлақтың саға тұсын айтпағанда, қала арқылы өтетін арнасын шылау басып, қамыс өсіп кеткен, кей тұстары үзіліп қалады.

Ақбұлақ қаланың оңтүстік-шығыс бөлігімен өтеді, оның табанына маусым аралығында ғана су жиналады, су жиналатын тұсы ЖЭО-ның 2 — нің маңы. Ақбұлақтың Абылай хан даңғылынан Есіл өзеніне барып құятын аралықтағы жағалауы қайта қалпына келтіріліп, абаттандырылды.

Қаланы тұрмыстық ауызсумен қамтамасыз етудің тағы бір жолы — жерасты су көздерін пайдалану. Ол жерасты жаңа су көздерін іздестіру-барлау және бұрыннан белгілі су көздері мүмкіндіктерін жаңа талап тұрғысынан бағалау арқылы жүзеге асып отыр. Мұндай жерасты су көздеріне: Ақмола су көзі кені (ол солтүстік-батыс жүлге (қаланың солтүстігіне қарай 5-15 км) және шығыс жүлгеден (қала іргесіне, ішінара Есіл өзені аңғарына таяу) тұрады), Есіл су көзі кені (қаланың оңтүстігіне қарай 0,5-10,0 км); Рожденственский су көзі кені (Нұра өзені аллювийлік шөгінді қыртысындағы жер асты суының жалпы пайдаға асу қоры 36,2 мың текше м/ тәуліті құрайды) жатады.

Бауырлас қалалары

Үлгі:Main

Астананың 20 бауырлас қаласы бар.

Бауырлас қала Жылы Мемлекет
Анкара - Үлгі:Байрақ
Ыстамбұл - Үлгі:Байрақ
Измир - Үлгі:Байрақ
Мәскеу - Үлгі:Байрақ
Санкт-Петербург - Үлгі:Байрақ
Қазан - Үлгі:Байрақ
Бішкек - Үлгі:Байрақ
Киев - Үлгі:Байрақ
Амман - Үлгі:Байрақ
Рига - Үлгі:Байрақ
Гданьск 1996 Үлгі:Байрақ
Варшава - Үлгі:Байрақ
Тбилиси 2005 Үлгі:Байрақ
Сеул - Үлгі:Байрақ
Ташкент - Үлгі:Байрақ
Дубай - Үлгі:Байрақ
Бейжің - Үлгі:Байрақ
Манила - Үлгі:Байрақ
Сараево - Үлгі:Байрақ

Астана туралы деректер

  • Астана — Азия астаналарының ішінде солтүстік полюске ең жақын орналасқан.
  • Астана — Моңғолия елордасы Ұланбатырдан кейін ғаламшардағы екінші ең суық астана.

Тағы қараңыз

Үлгі:Commonscat

Үлгі:Портал

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтары Үлгі:Қазақстан қалалары Үлгі:Азия елордалары Үлгі:Еуропа елордалары Үлгі:Қазақстан тақырыптарда Үлгі:Есіл өзені бойындағы елді мекендер