Сабыр Әбдірәсілұлы Мәмбеев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:22, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Суретші Сабыр Әбдірәсілұлы Мәмбеев (1.5.1928 жыл, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Абайбазар ауылы) — кескіндемеші, Қазақстанның еңбең сіңірген өнер қайраткері (1963), Қазақстан халық суретшісі (1979).

Өмірбаяны

  • Алматы көркемсурет училищесін (1946)
  • Санкт-Петербургтегі Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын (А.Ефимов пен А.И. Авилов шеберханасынан) бітірді (1953).
  • 1956-1962, 1968-1982 жылдары және 1998 жылы Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы.
  • 2017 жылдың 1 тамызында Алматы облысында қайтыс болды

Шығармалары

Мәмбеев өзінің шығармаларында ауыл өмірін, оның сұлу табиғатын өзгеше қырынан бейнелейді. Ол әр жылдары

  • “Сұхбат” (1954)
  • “Қара кимоно” (1956),
  • “М.О. Әуезов” (1957)
  • “Тауда” (1957, Мәскеудегі Шығыс халықтары мұражайы)
  • “Киіз үйде” (1958, Мәскеу, Третьяков галереясы)
  • “Қоныс аудару” (1959)
  • “Менің қаламда” (1960)
  • “Терезе алдындағы қыз” (1961)
  • “Көктем” (1965)
  • “Жастар” (1968), тағыда басқа суреттер, пейзаждар мен портреттер жазған.

Оның шығармалары, негізінен, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік мұражайда сақтаулы.

Марапаттары

  • 1959 ж. - “Құрмет” орденімен марапатталған<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
  • 1963 ж. – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Жарлығымен «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағы берілді
  • 1978 ж. – Халықтар достығы ордені
  • 1980 ж. – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Жарлығымен «Қазақ КСР-нің халық әртісі» құрметті атағы берілді
  • 1985 ж. – «Еңбек ардагері» медалі
  • 1985 жылы – Еңбек Қызыл Туы ордені
  • 1988 жылы – Еңбек Қызыл Туы ордені
  • 1996 жыл – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қазақ кескіндемесін дамытуға сіңірген ерекше еңбегі және өнерге сіңірген еңбегі үшін «Парасат» орденімен марапатталды.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Сабыр Мәмбеев туындылары