Маман Байсеркенов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:40, 2024 ж. наурыздың 15 кезіндегі Kasymbot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф Маман Байсеркеұлы (1937 жылы 13 ақпанда Алматы облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылы) — театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақстанның халық әртісі (1998). Қазақстан Білім беру ісінің үздігі.

Толығырақ

Шығармашылығы

  • Байсеркенов жаңа көзқарас, тосын шешімге бейім режиссер. Ол қойған В.С. Вишневскийдің “Оптимистік трагедия”, А. Штейннің “Толас”, Ян. Соловичтің “Түлен түрткен тіленші”, С. Шаймерденовтің “Әнім сен едің”, Ғ. Мүсіреповтің “Қазақ солдаты”, У.ШекспирдіңГамлет”, т.б. спектакльдер көрерменнің ықыласына ие болған. Байсеркенов қазақ театр өнері тарихында бірінші рет бір спектакльді екі кешке бөліп қойып, М. Шолоховтың “Тынық Дон” трилогиясының Т. Әлімқұлов аударған сахналық нұсқасын Жамбыл облысы драма театрының сахнасына шығарды. Байсеркенов — “Түлен түрткен тіленші” атты аударма пьесалар жинағының, “Қолтаңба және қойылым”, “Сахна және актер” деген ой-толғаулар кітабының авторы.<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер