Спектакль

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Спектакль (Үлгі:Lang-fr, лат. spectaculum – ойын-сауық) – театр өнерінің туындысы. Осы заманғы театрда режиссер-қоюшының басшылығы арқылы театр ұжымы күшімен (актерлер, суретші, композитор, т.б.) жүзеге асырылады. Спектакльді әзірлеп, қою процесі ең әуелі қалың көрермендер қауымының рухани талабы мен эстетикалық талғамына және театр ұжымының шығармашылық мүмкіншілігі мен ұстанған мақсат-мұратына орай пьесаны таңдау жұмысынан басталады. Осыдан кейін пьесаны сахнаға қоюшы-режиссердің актерлермен жұмыс істеуі, болашақ сахналық туындыға қажетті декорация жасау-жиїаздар мен музыкалық шығармамен эмоциялық жағынан байытып, көркемдеу ісімен айналысатын театр суретшісі, композитор, балетмейстер, дирижер, т.б. шығармашылық қызметкерлермен тығыз байланыста жұмыс істеу процесі де қатар жүргізіліп отырады. Спектакль алғашқы сәттен-ақ театр сахнасына қоюға таңдалып алынған пьеса мазмұнын айқындайтын идеялық түпкі ой-мақсатқа негізделеді. Сахналық туындылар жанрына қарай драмматикалық және музыкалық спектакльдерге бөлінеді. Мысалы, драмматикалық спектакльдің негізі пьеса болса, музыкалық спектакль опера либреттосы немесе балет сценарийіне құрылады. Театр шығармашылығының ерекшелігіне байланысты әрбір спектакль қаншама алдын ала ұқыпты дайындалғанымен ол бір-біріне ұқсамайтын әрі қайталанбайтын сахналық туынды болып қалады; қараныз Театр, Режиссерлік өнер.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}ar:تمثيلية bg:Пиеса de:Bühnenwerk en:Play (theatre) eo:Teatraĵo et:Näidend fa:نمایش‌نامه fi:Näytelmä fr:Pièce de théâtre he:מחזה hy:Պիես (թատրոն) id:Lakon it:Opera teatrale ja:戯曲 ka:პიესა ko:희곡 lv:Luga mr:नाटक nl:Toneelstuk pt:Peça de teatro ru:Пьеса simple:Play te:నాటకము th:ละครเวที uk:П'єса vi:Kịch wa:Pîce di teyåte yi:פארשטעלונג zh:剧本