Жұмабай Шаштайұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:15, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Жазушы Жұмабай Шаштайұлы (10 қазан 1950, Жамбыл ауылы, Алматы облысы — 12 наурыз 2024) — қазақстандық жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл. ISBN 9965-26-096-6</ref>

Еңбек жолы

"Коммунизм жолы" газетінде, 1980–87 жылдары республика "Лениншіл жас", "Социалистік Қазақстан" газеттерінде, 1987–90 жылдары "Жалын" журналында жұмыс істеді.

1990–92 жылдары "Қазақ тілі" қоғамы Алматы облыстық комитеті төрағасының орынбасары, 1992–96 жылдары "Жас Алаш", "Қазақ әдебиеті" газеттерінде бөлім меңгерушісі, 1996–2002 жылдары халықаралық "Заман-Қазақстан" газетінің бас редакторы болды. 2002 жылдан Қазақ радиосының бас редакторы қызметін атқарды. 2007 жылдан бастап "Қазақ әдебиеті" газетінде бас редактор.

Шығармалары

  • 1982 жылы "Таң нұры" атты ұжымдық жинаққа "Қияда" атты алғашқы повесі енді.
  • 1984 жылы шыққан "Қызын кар" атты тұңғыш жинағы сол кездегі саяси басшылық тарапынан қатал сынға ілікті.
  • "Жала мен нала" (1987)
  • "Жыр жолбарыс" (1996)
  • "Біздің заманның Аяз биі" (1997)
  • "Жаңғырық" романы (2004)
  • Таңдамалы 2 томдық жинағы (2010)
  • "Аяз би" романы "Жазушы" баспасында қайта басылып шығарылды (2013)

Жетістіктері

  • Халықарарық Жамбыл атындағы сыйлығының лауреаты (1996)
  • ҚР Президентінің стипендиаты (2000)<ref>Жетісу энциклопедиясы. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>
  • ҚР Еңбек сіңірген қайраткері (2012 жыл 16 желтоқсан)
  • Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты (2012)

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер