Еркін Тілекұлы Мергенов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тұлға Еркін Тілекұлы Мергенов (6.3.1940 жыл, Алматы 27.07.2015 жыл, Алматы) – мүсінші, ҚазКСР-інің халық суретшісі (1992), Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.<ref>Скончался известный казахстанский скульптор Еркин Мергенов</ref>
Өмірбаяны
- 1962 жылы Алматыда Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітірген, мүсін бөлімі.
- 1963-1963 жылдары Кеңес Армиясы, Орта Азия әскери округі қатарында әскери борышын өтеді.
- 1966-1967 жылдары Алматы қаласы №105 орта мектепте сызу және сызу пәнінен сабақ берді.
- 1973 жылы Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университетітын бітірген.
- 1987 – 92 жылдары және 1998 жылдан Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы.
- 1980 жылдан Алматы театр-көркемсурет институтында (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) сурет кафедрасының меңгерушісі.
- 1981 жылы Латвия КСР-нің Рига қаласында жеке көрмесі өтті.
- 1982 жылы КОКП қатарынан шығарылды. 1985 жылы Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы қатарына қайта алынды.
- 1987-1994 жылдары Қазақ КСР суретшілер одағының XII съезінде Қазақ КСР Суретшілер одағы басқармасының төрағасы болып сайланды.
- 1989 жылы КСРО Суретшілер Одағынан халық депутаты болып сайланды, Мәскеу қаласы, Сол жылы жеке көрмесі өтті, (Орталық Суретшілер үйі).
- 1990 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
- 1990 жылы Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы қатарынан шықты.
- 1991 жылы Германиядағы Дуйсбург қаласында өткен Халықаралық көрмеге белсенді қатысады.
- 1994 жылы Қазақстан суретшілер одағының мүшелігінен шықты.
- 1998 жылдан Халықаралық суретшілер одақтары конфедерациясы кеңесінің мүшесі, Мәскеу қ.
- 1999-2000 жылдары Қазақстандағы Сорос заманауи өнер орталығының басқарма төрағасы болды.
- 2000 жылы «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша «Платина Тарлан» тәуелсіз ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.
Шығармашылығы
Мергенов Еркін Тілекұлы негізінен портрет жанрында еңбек етеді. Оның мүсіндері замандастар бейнесінің шынайылығымен, өмір мен уақыт тынысын сезіндіретін шымырлығымен ерекшеленеді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Сурет:Әке мүсіні.tif
Мергенов Е.Т. «Әке мүсіні». 1977 жыл. Қола. Қазақстан Мемлекеттік Мұражайы
Еркін Тілекұлы Мергеновтің :
- “Махамбет” (1973, қола),
- “Олжас Сүлейменов портреті” (1982, қола),
- “Қазақ КСР-інің халық артисі Е.Өмірзақов” (1982, гипс),
- “Жаңғырық” (1983),
- “XX ғасыр” (1988), т.б. портреттер топтамасы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>
Санат:
- Ақаулы файлдық сілтемелері бар беттер
- 6 наурызда туғандар
- Алматыда туғандар
- 27 шілдеде қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Қазақстан мүсіншілері
- Қазақстан халық суретшілері
- Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының иегерлері
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері
- КСРО суретшілері
- Қазақстан суретшілері
- XX ғасыр суретшілері
- XXI ғасыр суретшілері
- КСРО мүсіншілері
- XX ғасыр мүсіншілері
- XXI ғасыр мүсіншілері
- Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университеті түлектері
- КОКП-даан шығарылғандар
- Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті оқытушылары
- КСРО суретшілер одағы мүшелері
- Шығармашылық ұйымдардан КСРО халық депутаттары
- Қазақ ұлттық өнер академиясы оқытушылары