Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Университет Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университеті - Мәскеу облысындағы Химки қаласында орналасқан Ресейдегі мәдениет пен өнер саласындағы кәсіби дайындықтың орталығы болып табылатын жоғарғы оқу орны. Ресей Федерациясының мәдениет министрлігіне қарайды.

Тарихы

1930 жылдың 10-шілдесінде Надежда Крупскаяның бастамасымен Халық коммисарлар кеңесінің қаулысына сәйкес Мәскеу кітапханалық институты ашылды. Оның алғашқы директоры Дерман Генриетта Карловна болатын. Институттың алғашқы ғимараты Мәскеу орталығындағы Моховая көшесінде орналасқан. 1936 жылы университет Химки қаласына көшірілді.

1940 жылы мемлекеттік статусы берілсе, 1940-1957 жылдар аралығында В. М. Молотовтың атын иемденген.

1964 жылы университет атауы Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтына өзгертілді. 1980 жылы осы жоғарғы оқу орны "Еңбектің Қызыл Туы" орденімен марапатталған болатын.

1994 жылы университет мәртебесі берілсе, 1999 жылы институт атауы Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университетіне (МММӨУ) ауыстырылды. 1994 жылы университет негізінде халық мәдениетін сақтауға бағытталған, Ресейдегі 61 жоғарғы оқу орнының басын қосатын оқу-әдістемелік бірлестік құрылды.

Институттар мен факультеттер

Дереккөздер