Еркін Тілекұлы Мергенов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тұлға Еркін Тілекұлы Мергенов (6.3.1940 жыл, Алматы 27.07.2015 жыл, Алматы) – мүсінші, ҚазКСР-інің халық суретшісі (1992), Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.<ref>Скончался известный казахстанский скульптор Еркин Мергенов</ref>
Биографиясы
- 1973 жылы Мәскеудің Көркемсурет институтынтын бітірген.
- 1987 – 92 жылдары және 1998 жылдан Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы.
- 1980 жылдан Алматы Театр көркемсурет институтында (қазіргі Қазақ мемлекеттік өнер академиясы) сурет кафедрасының меңгерушісі.
Шығармашылығы
Мергенов Еркін Тілекұлы негізінен портрет жанрында еңбек етеді. Оның мүсіндері замандастар бейнесінің шынайылығымен, өмір мен уақыт тынысын сезіндіретін шымырлығымен ерекшеленеді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Еркін Тілекұлы Мергеновтің :
- “Махамбет” (1973, қола),
- “Олжас Сүлейменов портреті” (1982, қола),
- “Қазақ КСР-інің халық артисі Е.Өмірзақов” (1982, гипс),
- “Жаңғырық” (1983),
- “XX ғасыр” (1988), т.б. портреттер топтамасы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>