Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Алтай Сейдірұлы Көлгінов"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Алтай Сейдірұлы Көлгінов (15 қаңтар 1978, Түркістан) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2024 жылғы наурыздан қызметтегі Қазақстанның Эстониядағы елшісі.<ref name="estonia">Үлгі:Cite web</ref> Көпшілікке 2022–2023 жылдары Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайыловтың әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары және 2019–2022 жылдары Астана әкімі ретіндегі қызметі үшін белгілі.
Көлгінов саяси мансабының көбі әкімдіктерде өткізді: ол Орал қаласының (2013–2016), Батыс Қазақстан облысының (2016–2019), Астана қаласының әкімі (2019–2022) ретінде қызмет еткен.
Мазмұны
Өмірбаяны
Алтай Көлгінов 1978 жылғы 15 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Абай ауылында дүниеге келген. Сіргелі тайпасының Жайдақ руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті - құқықтану мамандығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы - мамандандырылған мемлекеттік және жергілікті басқару;
Абердин университеті, Ұлыбритания, «Болашақ» президенттік бағдарламасы - халықаралық коммерциялық құқық мамандығы.
Қызмет жолы
2000–2001 жылы Қазақстан Қарулы Күштерінде қызмет еткен.
2001–2008 жылдары Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында қызмет атқарады.
2008–2010 жылдары — «Алаш Медиа Групп» ЖШС бас директорының орынбасары.
2010–2012 жылдары президент Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2012–2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2013 жылғы 4 сәуірден Орал қаласының әкімі.
2016 жылғы 26 наурыздан Батыс Қазақстан облысының әкімі.<ref>Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысының әкімі болды</ref>
Астана қаласының әкімі
2019 жылғы 13 маусымнан бастап президент Тоқаевтың жарлығымен Астана әкімі болып тағайындалды <ref>Қасым Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Астана қаласының әкімі болып Алтай Көлгінов тағайындалды</ref>.
2022 жылғы 8 желтоқсан күні Астана қаласының әкімі қызметінен босатылды.
Премьер-Министрдің орынбасары
2022 жылғы 9 желтоқсан күні Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министірінің орынбасары болып тағайындалды.
Үкіметте ол әлеуметтік мәселелерге қатысты блоктың басшылығында болған еді.<ref name="inbus" />
2023 жылғы 8 маусымда Президент жарғысы бойынша Алтай Көлгіновтің қызметінен босатылғаны белгілі болды.<ref name="inbus">Үлгі:Cite web</ref> Оның ізбасары Тамара Дүйсенова болды.
Бірнеше күннен кейін Көлгінов өз Facebook парақшасында осы жайлы үндеу жасады, ол жерде ол атқарған жұмыстарын тізіп шықты.
Эстониядағы елші
2024 жылғы 27 наурызда ол Қазақстанның Эстониядағы елшісі болып тағайындалды да,<ref name="estonia" /> саяси мансабын жалғастыра берді.
Сын
2020 жылы жұмысын оң бағалайтын әлеуметтік желідегі пікірлерге 125 миллион теңге жұмсамақ болғаны үшін сынға ұшырады.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>
Көлгінов әкімдігі тұсында Астанадағы Талдыкөл көлі жойылды.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref><ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref><ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref><ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>
Көлгінов Астана әкімі болған кезінде «Көлгінов – 20%» деген лақап атқа ие болды. Бұл сан әкімнің мемлекеттік сатып алу мәмілелерінен алатын болжамды компенсациялар туралы айтады.<ref name="uralskie">Үлгі:Cite web</ref> 2024 жылғы 6 маусымда оның бұл лақап ат туралы пікірін сұрағанда,<ref name="azattyq">Үлгі:Cite web</ref> сол кезде Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болған Көлгінов лақап атын сынап, оны «айып» деп атап, журналистке ондай нәрселерді сұрамауды сұрап, «солар жауапты болады» деп жауап беріп, «мемлекеттік қызметкерлерге осындай шабуылдар [басқа біреудің бұйрығымен] болып тұрады» деп мәлімдеді де, «Өтінемін, бұлай етпеңіз. Мен әкім ретінде тұрғындардың мүддесі үшін әріптестеріммен бірге адал жұмыс жасадым. Мен өз жұмысымнан ұялмаймын» деп те қосты.<ref name="uralskie" /> Осы оқиғадан бірнеше күн өткен соң Көлгінов вице-премьер қызметінен босатылды.<ref name="azattyq" />
Марапаттары
- Халықаралық "Болашақ" стипендиясының иегері (2006-2007)
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016) «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016)
- «Астанаға 20 жыл» медалі (2018) «Астанаға 20 жыл» медалі (2018)