Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әбіш Кекілбайұлы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(→‎Шығармашылығы)
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Әбіш Кекілбайұлы (6 желтоқсан 1939 жыл, Оңды ауылы, Маңғыстау облысы – 11 желтоқсан 2015 жыл, Астана) — Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің соңғы төрағасы (1994-1995), Мемлекеттік хатшы (1996-2002), Парламент Сенатының депутаты (2002-2010).

Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері (2009) көрнекті мемлекеттік, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2009).

Өмірбаяны

Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған.

1947 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948–1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956–1957 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.

Отбасы

Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі, білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.<ref>https://boz.kz/article/82617171357894.html Үлгі:Webarchive</ref>

1928–1931 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай мекеннен көшіп Түрікменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылы Баку мен Махачқала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады. Алайда Кекілбайдың дүниеден өткенін үй ішіне бірнеше жылдан соң ғана хабарлайды. Кекілбай соғысқа аттанған жылы анасының ішінде қыз бала қалады. Оның есімін Тілектес деп қояды.

Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942–1945 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945–1962 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді.

Әбіш Кекілбайұлы 1947 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948–1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956–1957 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды.

Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.

Үлгі:Cquote

Жазушының жұбайының есімі – Клара Жұмабаева. Екеуі орта мектепте бірге оқыған. Бір күні жазда мектеп оқушыларының аудандық байқауы өтеді. Кекілбайдың Әбіші де тамашалау үшін концертке барған. Сахнада ән айтып тұрған ақ көйлек киген қызға жазушының көзі түседі. Сол жылы күзде Әбіш әлгі қызды қайта көреді. Сөйтіп танысады. Оқу орнын бітірген соң екеуі үйленеді. Клараның мамандығы – дәрігер.

Ерлі-зайыпты төрт бала – Әулет (1965–2013) пен Дәулет (1975) есімді екі ұл, Зәузат (1967) пен Сәулет (1971) есімді екі қыз тәрбиелеп өсірді. 2013 жылы Маңғыстауда үлкен ұлы Әулет жол апатынан қаза тапты. Әпкелері: Дыбыс пен Қаркөз Маңғыстауда тұрады, қарындасы Тілектес Қызылордада тұрады.

Қызмет жолы

1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады.

1962–1965 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.

1965–1968 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрлігінде.

1968–1970 жылдары Кеңес армиясының қатарында.

1970–1975 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор.

1975–1984 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі.

1984–1986 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрінің орынбасары.

1986–1988 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының 2-ші хатшысы.

1989–1990 жылдары ҚазКСР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы.

1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі.

1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы.

1992–1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы.

1993–1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.

1994–1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы.

1996–2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді.

2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.

2015 жылдың 10 желтоқсан күні Әбіш Кекілбайұлы дүниеден озды. Денесі ұлттық пантеонға жерленді.

Сурет:Место захоронения Абиша Кекильбайулы и его жены в Нац. пантеоне.jpg
Ұлттық пантеондағы әйелі екеуі қабірлері бастарына орнатылған бірыңғай құлпытас

2020 жылдың 5 шілдесінде Әбіш Кекілбайұлының жары Клара Жұмабайқызы өмірден өтті.

Шығармашылығы

Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді. Лақап аты – Әбіш Таған.<ref>Қазақстан жазушылары. Анықтамалық. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1982, 124 бет</ref>

Сурет:Личные вещи Абиша Кекильбайулы.jpg
ҚР Ұлттық мұражайындағы Ә. Кекілбайұлы қолданған көзілдірік пен ұлғайтқыш
Сурет:Abish Kekilbayev3.jpg
Әбіш Кекілбайұлы

Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. 2010–2013 жылдары «Жазушы» баспасында 20 томдық “толық” шығармалар жинағы шықты.

Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.

2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты.

Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының (1986), Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының (1995), «Отан» орденімен (1999), Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

Үлгі:Col-begin Үлгі:Col-1-of-3

Романдар
  • «Шандоз»
  • «Аңыздың ақыры»
  • «Үркер»
  • «Елең-Алаң»
  • «Конец легенды»
  • «Плеяды – созвездие надежды»
  • «Всполохи»
Аудармалар

Үлгі:Col-2-of-3

Повестер
  • «Бір шөкім бұлт»
  • «Күй»
  • «Бәйгеторы»
  • «Шыңырау»
  • «Бәсеке»
  • «Ханша дария хикаясы»
  • «Құс қанаты»
  • «Бір шоқ жиде»
  • «Шеткері үй»

Үлгі:Col-3-of-3

Әңгімелер
  • «Аш бөрі»
  • «Ең бақытты күн»
  • «Ажар»
  • «Жүнді барақ»
  • «Ақ қайың»
  • «Ор теке»
  • «Ауыз»
  • «Көлденең көк атты»
  • «Есболай»
  • «Тасбақаның шөбі»
  • «Керек адам»
  • «Міне, керемет!»
  • «Ақырғы аялдама»
  • «Галстук сатушы қыз»
  • «Абылай хан»
  • «Белая береза»
  • «Встречный-поперечный»
  • «Есболай» (рус.)
  • «Ну и чудеса!»
  • «После встречи»

Үлгі:Col-end

Марапаттары

Үлгі:Col-begin Үлгі:Col-1-of-3

Мемлекеттік наградалар

Үлгі:Col-2-of-3

Халықаралық марапаттар

Үлгі:Col-3-of-3

Марапаттар
  • Қазақстанның халық жазушысы
  • Маңғыстау облысының құрметті азаматы <ref>"Қазақ энциклопедиясы"</ref>

Үлгі:Col-end Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Л. Гумилев атындағы Ұлттық Университетінің, Ақтау, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жезқазған Университетінің және ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті профессоры, АҚШ-тың Кентуки штатының құрметті полковнигі, Маңғыстау, Атырау обылысындарының, сондай-ақ республикамыздың бірқатар аудандырының құрметті азаматы. 2015 жылдың 11 желтоқсанында дүниеден өтті.

Әбіш Кекілбай атында

Сурет:Мемориальная доска к дому, где жил Абиш Кекильбайулы в Астане последние 10 лет.jpg
Өмірінің соңғы 10 жылы өткен үйдегі ескерткіш тақта. Астана қаласы, Қонаев көшесі, 14-үй

2019 жылы Маңғыстау өңірінде халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлына ескерткіш ашылды. Ақтау қаласында бой көтерген ескерткіштің авторы – мүсінші, суретші Көшер Байғазы. Қоладан тұрғызылған ескерткіштің биіктігі – 3,5 метр. Салмағы – 3,5 тонна.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Reflist Үлгі:Әбіш Кекілбайұлы шығармалары