Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ұйым Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті — Қазақстанның Олимпиада ойындарындағы құрама командасын реттейтін ұйым. 1990 жылы құрылды. 1993 жылы Халықаралық Олимпиада комитетіне мүше болды.<ref>ҚР ҰОК. olympic.kz</ref>

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті (ҚР ҰОК) 1990 жылдың 3 ақпанында құрылып, 1992 жылдың наурыз айында Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан ресми түрде танылды.

ҚР ҰОК дербес, тәуелсіз қоғамдық ұйым болып табылады. Өз қызметін жүзеге асыру барысында ҚР ҰОК Олимпиадалық Хартия, Қазақстан Республикасы Заңдары мен ҚР ҰОК Жарғысын негізге алады. Қазақстан Республикасы аумағында Олимпиадалық қозғалысты дамыту және оны қорғау, Олимпиадалық құндылықтарды насихаттау - ҚР ҰОК миссиясы болып табылады.<ref>https://olympic.kz/kk/page/o-nok</ref>

Сурет:NOC Kazakhstan Anniversary 2017 stamp.jpg
ҚР ҰОК 25 жылдығына арналған пошта маркасы

Құрылымы

ҚР ҰОК басқарушы органдары:

  • ҚР ҰОК сессиясы
  • ҚР ҰОК атқару комитеті
  • ҚР ҰОК президенті.

ҚР ҰОК жоғары басқару органы жылына бір рет өткізілетін сессия болып табылады. Сессиялар арасындағы кезеңде ҚР ҰОК қызметін ҚР ҰОК атқарушы комитеті басқарады. Атқару комитетінің құрамына:

  • ҚР ҰОК президенті
  • Бас хатшы
  • Бірінші вице-президент
  • Вице-президенттер
  • ХОК мүшелері-Қазақстан Республикасының азаматтары, атқару комитетінің мүшелері.

Президенттері

Есімі Жұмысты бастады Аяқтады
1 Тимур Досымбетов 1990 1993
2 Аманша Ақбаев 1993 2002
3 Рахат Әлиев 2002 2002
4 Тимур Досымбетов 2002 2006
5 Темірхан Досмұхамбетов 2006 2015
6 Тимур Құлыбаев 2015 2024
7 Геннадий Головкин<ref>https://zhasalash.kz/news/gennadiy-golovkin-kazakstan-ulttik-olimpiadalik-komitetn-baskaradi-3a2c26/</ref> 2024 қазірге дейін

Тарихы

2024 – қазіргі уақытқа дейін

2025 жылдың сәуірінде Алматыда Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) Генеральды ассамблеясында атқару комитетінің жаңартылған құрамы бекітілді. Құрамға вице-президенттер: Серік Жарасбаев (өңірлермен жұмыс), Шахмурат Муталип (халықаралық қатынастар), Данияр Абулгазин (жазғы спорт), Сакен Мусайбеков (қысқы спорт), Гаджи Гаджиев (жалпы мәселелер) және Ольга Рыпакова (Спортшылар комиссиясы), Федерациялар өкілдері Алия Юсупова (гимнастика), Мади Такиев (волейбол), Асхат Житкеев (дзюдо), Нурлан Жакупов (су спорты), Ержан Биржанов (триатлон), Берік Асылов (атқыш спорт), Кудрет Шамиев (таеквондо), Қайрат Дүйсенов (гольф) кірді.

Ассамблея барысында Қазақстандық мәнерлеп сырғанау одағы ҰОК мүшелігіне қабылданды. 2024 жылдың қыркүйегінде ұйым жеке ұлттық федерация мәртебесін алу үшін өтінім берген болатын, оған дейін мәнерлеп сырғанау Коньки тебушілер одағының құрамында болған. 2023 жылдың қарашасында Халықаралық конькишілер одағы (ISU) бұл өзгерісті ресми түрде мақұлдады<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама