Темірхан Мыңайдарұлы Досмұханбетов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Темірхан Мыңайдарұлы Досмұханбетов (8 наурыз, 1949 жыл, Қостанай облысы Денисов ауданы, Мениславка ауылы – 1 қараша 2021 жыл) — қазақстандық саясаткер. Бұрынғы Астана қаласы әкімдігінің, Туризм және спорт министрлігінің, Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы. Педагогика ғылымдарының кандидаты.
Мазмұны
Қысқаша өмірбаяны
- Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын (1972) жаттықтырушы мамандығы бойынша бітірген.
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (1993) құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.
- 1972 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
- 1973 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы, 1975 жылдан - ассистенті, 1976 жылдан - аға оқытушысы.
- 1982 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарына техникалық
қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі.
- 1983 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы.
- 1985 жылдан - Бүкілодақтық ерікті «Еңбек резервтері» спорт қоғамының Қазақ республикалық кеңесі төрағасының
орынбасары, 1988 жылдан - төрағасы.
- 1991 жылдан - Шетел туризмі бойынша «Интурист-Қазақстан» ұлттық компаниясының президенті.
- 1994 жылдан - Мемлекеттік «Яссауи» акционерлік компаниясының президенті.
- 1996 жылдан - ҚР Жастар, туризм және спорт істері министрі.
- 1997 жылдың наурызынан - ҚР Білім және мәдениет министрлігінің Туризм және спорт департаментінің директоры.
- 1997 жылдың қарашасынан - ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Туризм және спорт комитетінің төрағасы.
- 1998 жылдан - ҚР Президентінің іс басқарушысы.
- 2003 жылдың маусымынан - Астана қаласының әкімі.
- 2004 жылдың наурызынан - ҚР Президентінің іс басқарушысы.
- 2006 жылдан 2011 жылға дейін - ҚР туризм және спорт министрі.
- 2011 жылдан 2015 жылға дейін - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Ғылыми еңбектері
Педагогика ғылымдарының кандидаты (1996). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Денешынықтыруға бағытталмаған ЖОО спортта жоғары жетістіктерге жетудің педагогикалық және ұйымдастырушылық негіздері».
Қоғамдық қызметі
- ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі 12-ші шақырылымының депутаты.
Қосымша лауазымдары
- ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті (2006—2015).
- Халықаралық самбо федерациясының вице-президенті.
- Туризм бойынша Еуразиялық ассоциацияның вице-президенті.
- БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) вице-президенті.
- Азияның Олимпиадалық комитетінің вице-президенті.
- ТМД Туризм жөніндегі кеңесі төрағасының орынбасары.
- ҚР Су спорты түрлері федерациясының президенті (2008—2016).
Марапаттары
- II дәрежелі «Барыс» (2003)
- РФ Достастығы (2004) ордендерімен;
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005)
- «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006)
- «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен;
- ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен (1983, 1985) марапатталған.
- КСРО Еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
- ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
- Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
- Астана қаласының Құрметті азаматы (2009)
Отбасы
- Әкесі - Досмухамбетов Мыңайдар (1924-1985), жұмысшы болған.
- Анасы - Оразбаева Орындық (1928 жылы туған).
- Үйленген. Жұбайы - Жұмабекова Сәуле Әмірқызы (1949 жылы туған), дәрігер.
- Қызы - Әлия (1975 жылы туған).
- Ұлы - Шыңғыс (1982 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
Санат:
- 8 наурызда туғандар
- 1949 жылы туғандар
- Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары
- Астана әкімдері
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері
- Қазақстан педагогтары
- Педагогика ғылымдарының кандидаттары
- Барыс орденінің иегерлері
- Астана медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалінің иегерлері
- Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері
- Халықтар Достығы орденінің иегерлері
- Астананың құрметті азаматтары
- Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары
- КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушылары
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- 1 қарашада қайтыс болғандар
- 2021 жылы қайтыс болғандар
- Қазақстан Президентінің Іс басқарушылары
- Қазақстан туризм және спорт министрлері