XXX жазғы Олимпиада ойындары (2012)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Олимпиада ойындары XXX жазғы Олимпиада ойындары (Үлгі:Lang-en, Үлгі:Lang-fr) — отызыншы Жазғы Олимпиада oйындары. 2012 жылдың ойындары 27 шілде мен 12 тамыз аралығында Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында өтті.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Лондон Олимпиада ойындарын үш рет қабылдаған алғашқы қала болды. Оған дейін Лондон 1908 жылы және 1948 жылы қабылдаған болатын.<ref>Үлгі:Cite news</ref>

Олимпиада қаласын таңдау

Үміткер қалалардың ұсынысын қабылдау рәсімі 2003 жылдың 15 шілдесінде тоқтатылды.<ref>Үлгі:Cite news</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> Осы уақытта бәйгеге қатысуна 9 қала ниет білдірген болатын:<ref name="Election">Үлгі:Cite web</ref> Гавана, Стамбұл, Лейпциг, Лондон, Мадрид, Мәскеу, Нью-Йорк, Париж және Рио-де-Жанейро.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2004 жылдың 18 мамырында Халықаралық олимпиада комитеті барлық ұсыныстарды саралап болған соң 5 қаланы ғана қалдырды.<ref>Үлгі:Cite news</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref> Осы қалалардың ішінен 2005 жылдың шілдесінде Сингапурда өтетін ХОК-нің 117 сессиясында жеңімпаз қаланың аты аталуы керек болатын. Аталған бес қаланың қатарында Мадрид, Мәскеу, Нью-Йорк, Париж және Лондон қалды.<ref>Үлгі:Cite news</ref>

Лондон қаласы 2012 жылдың жазғы Олимпиада ойындарының астанасы ретінде 2005 жылдың 5 шілдесінде таңдалды. Өз елінің ұсынысын қолдаған үкімет басшыларының ішінен Сингапурға арнайы келген жалғыз Ұлыбританияның премьер-министрі Тони Блэр ғана болатын.<ref>Үлгі:Cite news</ref>

Олимпиада ойындарының астанасы белгілі болғаннан кейін, келесі күні Лондон қаласында террористік акт болды.<ref name="wrongb">Үлгі:Cite news</ref>

2012 жылғы Олимпиада астанасына дауыс беру
Қаланың аты Мемлекеттің аты 1 Раунд 2 Раунд 3 Раунд 4 Раунд
Лондон Үлгі:UK 22 27 39 54
Париж Үлгі:FRA 21 25 33 50
Мадрид Үлгі:ESP 20 32 31
Нью-Йорк Үлгі:USA 19 16
Мәскеу Үлгі:RUS 15

Әзірлену және дайындалу

Лондонның Олимпиадалық ойындарды Ұйымдастыру комитеті (LOCOG) ұсыныстың сәтті қабылдануынан кейінгі ойындарды ұйымдастыру шарасын бақылайтын мекеме ретінде құрылды және өзінің алғашқы отырысын 2005 жылы 3 қазанда өткізді<ref name="temp board">Үлгі:Cite press release</ref>. Лорд Коудың төрағалығымен комитет ойындардың жүзеге асырылуы мен өткізілуіне жауап береді, сонымен бірге Олимпиадалық Тасымал ұйымы (ODA) нысандар мен инфрақұрылымның құрылысына жауапты<ref name="temp board"/>. 2006 жылы сәуір айында Олимпиадалық Тасымал ұйымы құрылған болатын<ref>Үлгі:Cite press release</ref>.

Нысандар және инфрақұрылым

Сурет:Uk dor portharbour.JPG
Желкенді спорт түрінен сайысуға арналған айлақ

Үлгі:Main 2012 жылы Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындар жаңа орындарда, әлдеқашан бар және тарихи нысандардарда, сонымен қатар заманауи құрылыстарда өткізілетін болады, соның ішіндегі ең танымалы — Гайд Парк пен Атты Гвардия<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Үлкен Лондонның маңында үш аймаққа бөлінген алып спорттық нысандар орналасады<ref name="Olympics 2012 venue guide">Үлгі:Cite news</ref>:

  1. Олимпиадалық аймақ — Олимпиадалық қалашық орналасқан жер;
  2. Өзендік аймақ — қала шығысындағы Темза өзінінің айналасы;
  3. Орталық аймақ — қаланың орталығы мен батыс аймағы.<ref>Үлгі:Cite news</ref>

Олимпиадалық аймақ

Өзендік аймақ

Орталық аймақ

Лондоннан тыс аймақтар

Қаладан тыс аймақтарда бірнеше спорттық стадиондар орналасады. Ұлыбританияның бес қаласында футбол бойынша іріктеу сындары өткізіледі:

Сонымен қатар Лондонның сыртында мынадай нысандар орналасады:

Қоғамдық тасымал құралдары

Сурет:St Pancras railway station MMB 31 395018.jpg
Олимпиадалық Javelin тасымал көлігі<ref>Үлгі:Cite news</ref>

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) өзінің алғашқы сынындағы Лондонның қоғамдық тасымал құралдарына қойған бағасына қарағанда, оның қазіргі ойындарға арналып түзетулер мен жетілдірулер жасалғанын атап кетті<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Лондонға арналған транспорт жүйесіне (TfL) 2012 жылға дайындалу барысында бірнеше жаңартулар мен өзгерістер енгізілді. Және де Docklands Light темір жолы мен Лондонның солтүстік бөлігінде темір жолының модернизациялануы ерекше болды<ref>Үлгі:Cite news</ref>. Network Rail мәліметтері бойынша, 4000-нан астам темір жолдар Ойындар кезінде жұмыс жасап тұрады, және теміржол операторлары күні-түнімен жұмыс кезегінде қалмақ<ref>Үлгі:Cite news</ref>.

Қаржыландыру

Ойындарды бөлектеп қондыруға, нысандар мен инфрақұрылымдарды салуға, және де Олимпиада қалашығының жер редевелопментімен жұмыс жасау үшін қаржының мол бөлігі кетті. Ойын ұйымдастырылуын жеке қаржы көздері қаржылардыруына қарамастан, көптеген демалыс орындары мен саябақтарға байланысты шығындарды мемлекет өзі көтереді.

Алғашында бөлінген бюджет £ 2,4 млрдты құраған, бірақ бұл қаржы жетіспеуіне байланысты 2007 жылы шамамен төрт есеге, £ 9300000000 ($ 14460000000) дейін өсірілген. Тесса Джоуэлл қайта қаралған құжаттарды 2007 жылы 15 наурызда Бірлестік Палатасында жарияланған болатын.<ref>Үлгі:Cite news</ref>

  • Олимпиададағы нысандар мен инфрақұрылымдардың құрылысы — £5.3 миллиард;
  • Топтық спорт және паралимпиадалық қаржыландыру — £400 миллион;
  • Қауіпсіздік және полиция — £600 миллион;
  • Төменгі Леа алқабын регенерациялау — £1.7 миллиард;
  • Резервтегі фонд — £2.7 миллиард;
  • Қосылған құн салығы (ҚҚС) — £800 миллион.

Еріктілер

Еш ақша төленбейтін еріктілер үшін алдағы ойындарда үлкен жұмыс күтіп тұр<ref>Үлгі:Cite web</ref>. 2004 жылы 70000 еріктілердің басты мақсаттары анықталды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. 2010 жылы еріктілерді қабылдауға 240000-нан астам өтініштер келген<ref>Үлгі:Cite news</ref>. 2012 жылғы ақпан айында Себастьян Коу өз сөзінде: «Біздің еріктілер ойындар кезінде сегіз миллионнан астам сағат үздіксіз жұмыс жасау қажет және оларсыз еш ойындар өтпес»<ref>Үлгі:Cite news</ref>. Еріктілер Олимпиадалық стильдегі киімдер киетін болады. Оның ішіне қарақошқыл және қызыл жейде, күртешелер мен жабағылар енеді. Және олар сарғыш шұлық пен қоңыр-сарғыш туфлилер киеді. Сонымен қатар олар тіркеуден өткен суреті бар бейдждермен жүреді.

Қауіпсіздік

Олимпиадалық ойындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теңдесі жоқ шаралар қабылданған<ref>Үлгі:Cite news</ref>. Бұл шараға шамамен 40 мыңнан астам адамдар тартылмақ, соның ішінде 13 мың полиция өкілдері мен 17 мың әскери қызметкерлер. Ұлыбритания үкіметі қауіпсіздікті сақтау мақсатында зенитті-ракеталық комплекс «Рапираны» кірістіру мүмкіндігін қарастырған. 2012 жылғы Олимпиаданың қауіпсіздігі үшін бөлінетін бюджет құны 585 миллион фунт стерлингті құраған.<ref name=guardian-olympic-missiles>Үлгі:Cite news</ref><ref name=telegraph-olympic-missiles>Үлгі:Cite news</ref>

Демеушілер

2011 жылдың күз мезгілінде Лондонда Кока-коланың ұйымдастыруы бойынша «Move to the beat» компаниясы өз жұмыссын бастады<ref name="Sponsors">Үлгі:Cite web</ref>. Сонымен қатар әлемдік демеушілер: Acer, Atos, Coca-Cola, Dow Chemical Company, General Electric, McDonald's, Omega SA, Panasonic, Procter & Gamble (P&G), Samsung, Visa.<ref name="Sponsors"/> Дүркіреген шоуға танымал спортшылар шақырылған, сонымен қатар ХХХ Олимпиада әнұрандарының бірі «Anywhere In The World» әні шырқалды. Әннің авторы Марк Ронсон әннің дыбысын басуда әр түрлі спортшылардың қозғалыс кезіндегі шыққан дыбыстарды пайдаланған. Ал әннің өзін атақты әнші Katy B орындайды.<ref>Үлгі:Cite news</ref>

Ашылу салтанаты

Үлгі:Main Жазғы XXX Олимпиада Ойындары 27-шілдеде 2012 жылы Ұлыбритания уақыты бойынша кешкі BST (UTC+1) 21:00 Лондондағы «Стратфорд» стадионында салтанатты түрде ашылды. Көрініс «Ғажайып аралдары» (Isles of Wonder) деп аталды.<ref>Opening Ceremony — 2012 Olympics</ref> Олимпиада стадионына жиналған 80 мың көрермен «Олимпиада ашылуын» тамашалады.

Жабылу салтанаты

Үлгі:Main Лондондағы 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты 2012 жылдың 12 тамызында өтеді. Жабылу салтанатында Борис Джонсонның олимпиадалық туын Лондон мэрі 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарын өзіне қабылдайтын Рио-де-Жанейро қаласының мэріне табыстауы көрініс табады.<ref name=Closing>Үлгі:Cite web</ref>

Олимпиада рәміздері

Логотиптер және графика

Логотип 4 дұрыс бұрышталмаған көпбұрыштардан тұрады, олар Олимпиаданың сандарын білдіреді, яғни — «2», «0», «1», «2». Бір бөлігінде «London» сөзі қосылған, ал басқа бір бөлігінде — олимпиадалық сақиналар орын алған. Логотип төрт түспен берілген нұсқалармен белгілі: көк, сарғылт, жасыл және қызғылт; арасында қара түсті нұсқалары да кездеседі.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Үлгі:Wide image

Логотипті Wolff Olins компаниясы бір жыл шамасында жасады және оның құны 400 мың фунт стрелингке бағаланды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. 2012 жылдың наурыз айының басында Иран Республикасы 2012 Олимпиада ойындарына байкот жариялауы мүмкін екенін білдірді<ref name="turnuptheirnoses">Үлгі:Cite news</ref>. Оның себебі Олимпиада логотипіндегі «Zion» сөзінің астында — Сион сөзі жасырылған, яғни сионизм мағынасын білдіреді<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Иран мемлекеттік Олимпиадалық комитетінің басшысы Бахрам Афшарзадех логотипті «нәсілшілдік» деп атады. Сонымен қатар логотипті свастикалық белгіге ұқсас деп жариялаған.<ref>«Олимпиада 2012» жылғы ойындарының логотипінен свастика бар екенін анықтаған</ref><ref>Олимпиада-2012 логотипі свастикаға ұқсас</ref>

Ойындар тұмары

Сурет:London12 Mascots.jpg
Уенлок пен Мандевил

Ойындар бойтұмарын 2010 жылдың 19 мамырында жариялаған болатын<ref name="BBCMascots">Үлгі:Cite news</ref><ref>BBC Sport — London 2012 unveils Games mascots Wenlock & Mandeville Үлгі:Ref-en</ref>. Автордың мәлімдемесі бойынша, Болтон құрышының екі тамшысынан шыққан Уенлок пен Мандевил болған<ref name="BBCMascots" />. Тұмар есімдерін Ұлыбританияда алғашқы Олимпиадалық сайыс болып өткен Мач-Уенлок қаласы<ref name="BBCMascots" /> мен алғашқы Паралимпиадалық ойындар болып өткен Сток-Мандевил қалашығының құрметіне арнап атаған екен<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Екі тұмардың көздері біреу, олар велошабандоздың бас киімін киеді, және онда Ойындардың логотиптері бейнеленген.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Медаль

Сурет:2012 Olympic Gold Medals.jpg
2012 Жазғы Олимпиада ойындарының алтын медалі (екі жағынан көрсетілген)

БІр медальдың диаметрі шамамен 85 миллиметр болады, ал қалыңдығы 7 миллиметр<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Жалғыз бір жүлденің салмағы 375-400 грамм аралығында болады<ref name=storage>Үлгі:Cite news</ref>. Sky Sports мәліметтері бойынша, бұл Ойындар тарихындағы ең үлкен медальдар болып саналады екен. Олимпиадаға барлығы 2100 медаль жасалынып шығады.

Әр түрлі мәртебедегі жүлделерде сәулелермен көмкерілген сол Ойынның логотипі болады. Медальдың арғы жағында жеңіс құдайы Ника мен Темза өзенінің суреті орналасады<ref>Үлгі:Cite news</ref>. Бұл жобаның авторы ретінде дизайнер Дэвид Уоткинс болды<ref>Үлгі:Cite news</ref>.

Әнұран

Лондондағы Олимпиаданың ресим түрдегі әнұраны ретінде «Muse» тобының «Survival» (Үлгі:Lang-kk) әні таңдалды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Әнұран Олимпиаданың ашылу салтанатында және жеңімпаздарды марапаттау сәттерінде ойнатылады. Ән алғашқы тақырыптардың бірі болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Ювяскюля университетіндегі денешынықтыру социологиясының фин профессоры Ханну Итконенге олимпиадалық әнұранның мәтіні бойынша бірнеше сын айтты. Оның айтуы бойынша, онда ешқандай спорттық рухқа қатысты ешнәрсе айтылмағаны, және ән мәтінінде бірігуге шақыратын, өмір деген — күрес екенін түсіндерітіндігі баяндалады.<ref>Үлгі:Cite news</ref>

Жарыстар барысы

Қатысушы құрамалар

204 Ұлттық Олимпиада комитеттерінен (ҰОК) 10 500-ден астам атлеттер қатысты.<ref name=athletecount>Үлгі:Cite news</ref> Бұл Ұлыбритания тарихында болған 1948 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпида ойындары мен 2002 жылғы Манчестердегі Достастық ойындарынан асып түсті.<ref>Үлгі:Cite news</ref>

2011 жылдың маусым айындағы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) кезекті отырысында ХОК мүшелігінен айырылып қалған Нидерланд Антиль аралдары Олимпиада комитетінің үш спортшысы мен ҰОК мойындалмаған Оңтүстік Суданның бір спортшысы Олимпиада туының астында жарысқа қатысатын болады.<ref name="AHO">Үлгі:Cite web</ref>

Үлгі:Multicol

Үлгі:Col-break

Үлгі:Col-break

Үлгі:Col-break

Үлгі:Col-end

Атлеттер саны бойынша сұрыптау

Жарыс түрлері

2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының барлық сайыстары спорттың 26 түрінен және 39 спорттық түр бөліктерінен өтеді:

Үлгі:Col-begin Үлгі:Col-4

Үлгі:Col-4

Үлгі:Col-4

Үлгі:Col-4

Үлгі:Col-end

2005 жылы 8 шілдеде, Лондонды Олимпиада ойындарының астанасы ретінде қабылдағаннан кейін екі күн өткен соң, Халықаралық Олимпиада комитеті ойындар тізімінен бейсбол мен софтболды алып тастады.<ref name=SportsDropped/> Олардың орнына гольф, карате, регби-7, дөңгелекті спорт пен скошты қосу ұсынылды, бірақ бұл спорт түрлері жеткілікті дауыс жинай алмады.<ref name=SportsDropped>Үлгі:Cite news</ref>

Алдыңғы Ойындарға қарағанда бағдарламаға біршама өзгерістер енгізілді. 2009 жылы 13 тамызда ХОК-нің атқарушы комитеті тұңғыш рет әйелдерге бокстан қолғап түйістіруге рұқсат берді.<ref>Үлгі:Cite news</ref><ref>Үлгі:Cite news</ref> Олар 12 атлет болып салмақтың үш түрінен (51-ге дейін, 60 және 75 кг) бақ сынасады. Соның әсерінен еркектер жағындағы бір салмақ дәрежесі алынып тасталатын болады. Сонымен әйелдер жазғы ойындардың барлық түрінен сайысқа түсе алады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Сонымен қатар гандболда да ептеген өзгерістер болды: ширек финалда жеңіліп қалған құрамалар үшін 5-8 орындарға арналған турнир болмайды. Ал қазіргі бессайыстың форматы өзгерді: жүгіру мен нысана көздеу бір сайысқа біріктіріледі.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Күнтізбе

Ойындардың толық кестесі 2011 жылдың 15 ақпанында жарияланды<ref>2012 жылдың Олимпиада ойындары күнтізбесі жарияланды</ref>.

Үлгі:End box
 ●  Ашылу салтанаты  ●  Квалификациялық жарыстар  ●  Жарыстар финалдары  ●  Жабылу салтанаты
Шілде / тамыз 25 26 27 28 29 30 31 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Медальдар
Рәсімдер
Академиялық есу 3 3 4 4 14
Бадминтон 1 2 2 5
Баскетбол 1 1 2
Бокс 3 5 5 13
Күрес 2 3 2 2 2 2 3 2 18
Велоспорт 1 1 2 2 2 1 1 1 3 2 1 1 18
Су добы 1 1 2
Волейбол 1 1 1 1 4
Қол добы 1 1 2
Байдаркада және каноэде есу 1 1 2 4 4 4 16
Дзюдо 2 2 2 2 2 2 2 14
Ат спорты 2 1 1 2 6
Жеңіл атлетика 3 5 7 5 4 4 5 6 8 1 47
Үстел теннисі 1 1 1 1 4
Желкенді спорт 2 2 2 1 1 1 1 10
Жүзу 4 4 4 4 4 4 4 4 1 1 34
Суға секіру 1 1 1 1 1 1 1 1 8
Батутта секіру 1 1 2
Синхронды жүзу 1 1 2
Қазіргі бессайыс 1 1 2
Спорттық гимнастика 1 1 1 1 3 3 4 14
Нысана көздеу 2 2 1 1 1 1 2 2 1 2 15
Садақ ату 1 1 1 1 4
Теннис 2 3 5
Триатлон 1 1 2
Таэквондо 2 2 2 2 8
Ауыр атлетика 1 2 2 2 2 2 1 1 1 1 15
Семсерлесу 1 1 1 1 2 1 1 1 1 10
Футбол 1 1 2
Көгалдағы хоккей 1 1 2
Көркем гимнастика 1 1 2
Медальдар 12 14 12 15 20 18 22 24 24 18 21 17 22 16 32 15 302
шілде/тамыз 25 26 27 28 29 30 31  1  2  3  4  5  6  7  8  9 10 11 12

Үлгі:End box

Әлем рекордтары

Уақыт Оқиға Атлет Мемлекет Рекорд: сипаты 20px
27 Шілде Академиялық есу – Еркектер, жеке сайыс Им Донг-Хьюн Үлгі:KOR Санақ бойынша әлемдік рекорд: 699, айналым рейтингі <ref name="olympicsmedaltally1">Үлгі:Cite web</ref>
27 Шілде Академиялық есу – Еркектер, құрамалар сайысы Им Донг-Хьюн
Ким Буб-Мин
О Джин Хиек
Үлгі:KOR Санақ бойынша әлемдік рекорд: 2087, айналым рейтингі <ref name="olympicsmedaltally1"/>
28 Шілде Байдаркада және каноэде есу – Еркектер,
жұптасып сайысу
Эрик Мюррей
Хэмиш Бонда
Үлгі:NZL Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 6:08.50, бір жарыста <ref>Үлгі:Cite news</ref>
28 Шілде Жүзу – Әйелдер, 400 метр аралас жеке сайыс Ие Шиуен Үлгі:CHN Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 4:28.43, финалда <ref>Үлгі:Cite news</ref>
29 Шілде Ауыр атлетика – Әйелдер, 53 кг Зүлфия Чиншанло Үлгі:KAZ Жұлқи көтеру бойынша әлемдік рекорд: 131 кг <ref>Үлгі:Cite news</ref>
29 Шілде Жүзу – Әйелдер, 100 метр баттерфляй Дана Воллмер Үлгі:USA Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 55.98 <ref>Үлгі:Cite web</ref>
29 Шілде Жүзу – Еркектер, 100 метр брасс Кэмерон ван дер Бург Үлгі:RSA Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 58.46 <ref>Үлгі:Cite news</ref>
30 Шілде Ауыр атлетика – Еркектер, 62 кг Ким Ун-Гук Үлгі:PRK Барлық уақыт бойынша әлемдік рекорд: 327 кг <ref>Үлгі:Cite news</ref>
1 Тамыз Жүзу – Еркектер, 200 метр брасс Даниэль Гиурта Үлгі:HUN Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 2:07.28 <ref name="day5">Үлгі:Cite news</ref>
1 Тамыз Ауыр атлетика – Еркектер, 77 кг Люй Хиаоджун Үлгі:CHN Жұлқи көтеру бойынша әлемдік рекорд: 175 кг
Жалпы санақ бойынша әлемдік рекорд: 379 кг
<ref>Үлгі:Cite news</ref>
1 Тамыз Жүзу – Әйелдер, 200 метр брасс Ребекка Сони Үлгі:USA Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 2:20.00, жартылай финалда <ref name="day5" />
2 Тамыз Велоспорт – Әйелдер, құрамалар сайысы, спринт Виктория Пендлтон
Джессика Варниш
Үлгі:GBR Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 32.526, іріктеуде
2 Тамыз Велоспорт – Әйелдер, құрамалар сайысы, спринт Гонг Джинджие
Го Шуан
Үлгі:CHN Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 32.447, іріктеуде
Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 32.422, алғашқы турда
<ref>Үлгі:Cite news</ref>
2 Тамыз Велоспорт – Еркектер, құрамалар сайысы, қуалау Эд Клэнси
Герайнт Томас
Стивен Берк
Петр Кеннаудж
Үлгі:GBR Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 3:52.499, іріктеуде
Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 3:51.659, финалда
<ref>Үлгі:Cite news</ref>
2 Тамыз Велоспорт – Еркектер, құрамалар сайысы, спринт Филипп Хиндес
Крис Хой
Джейсон Кенни
Үлгі:GBR Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 42.747, алғашқы турда.
Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 42.600, финалда
<ref>Үлгі:Cite news</ref>
2 Тамыз Жүзу – Әйелдер, 200 метр брасс Ребекка Сони Үлгі:USA Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 2:19.59, финалда <ref>Үлгі:Cite news</ref>
3 Тамыз Велоспорт – Әйелдер, құрамалар сайысы, қуалау Даниэль Кинг
Лаура Тротт
Джоанна Роузелл
Үлгі:GBR Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 3:15.669, іріктеуде
3 Тамыз Нысана көздеу – Еркектер, 50 метр, бейімделген мылтық Сергей Мартынов Үлгі:BLR Нәтиже бойынша әлемдік рекорд: 705.5, финалда
3 Тамыз Жүзу – Әйелдер, 200 метр, шалқалап жүзу Мисси Франклин Үлгі:USA Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 2:04.06, финалда
4 Тамыз Нысана көздеу – Әйелдер, қақпан Джессика Росси Үлгі:ITA Санақ бойынша әлемдік рекорд: 75, іріктеуде
Санақ бойынша әлемдік рекорд: 99, финалда
4 Тамыз Велоспорт – Әйелдер, құрамалар сайысы, қуалау Даниэль Кинг
Лаура Тротт
Джоанна Роузелл
Үлгі:GBR Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 3:14.682, алғашқы турда
Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 3:14.051, финалда
4 Тамыз Жүзу – Еркектер, 1500 метр, фристайл Сун Ян Үлгі:CHN Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 14:31.02, финалда <ref>Үлгі:Cite news</ref>
4 Тамыз Жүзу – Әйелдер, 4×100 метр, эстафета, қайталау Мисси Франклин
Ребекка Сони
Дана Воллмер
Эллисон Шмитт
Үлгі:USA Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 3:52.05, финалда
4 Тамыз Ауыр атлетика – Еркектер, 94 кг Илья Ильин Үлгі:KAZ Жұлқи көтеру бойынша әлемдік рекорд: 233 кг.
Жалпы санақ бойынша әлемдік рекорд: 418 кг.
<ref>https://archive.is/20121204163336/www.london2012.com/weightlifting/event/men-94kg/index.html?v=20120804-203849822</ref>
5 Тамыз Ауыр атлетика – Әйелдер, +75 кг Татьяна Каширина Үлгі:RUS Жұлқи көтеру бойынша әлемдік рекорд: 151 кг.
5 Тамыз Ауыр атлетика – Әйелдер, +75 кг Чжоу Лулу Үлгі:CHN Жалпы санақ бойынша әлемдік рекорд: 333 кг.
9 Тамыз Жеңіл атлетика – Еркектер, 800 метр Дэвид Рудиша Үлгі:KEN Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 1:40.91, финалда
10 Тамыз Жеңіл атлетика – Әйелдер, 4×100 метр Тиана Мэдисон
Аллисон Феликс
Биянка Найт
Кармелита Джетер
Үлгі:USA Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 40.82, финалда
11 Тамыз Жеңіл атлетика – Әйелдер, 20 километр Елена Лашманова Үлгі:RUS Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 1:25:02.
11 Тамыз Жеңіл атлетика – Еркектер, 4×100 метр Неста Картер
Майкл Фратер
Йохан Блэйк
Усейн Болт
Үлгі:JAM Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 36.84, финалда

Медалдар санағы

Үлгі:Main

2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарындағы медал санағы бойынша алғашқы ондық

1 Үлгі:USA 46 29 29 104
2 Үлгі:CHN 38 27 23 88
3 Үлгі:GBR 29 17 19 65
4 Үлгі:RUS 24 26 32 82
5 Үлгі:KOR 13 8 7 28
6 Үлгі:GER 11 19 14 44
7 Үлгі:FRA 11 11 12 34
8 Үлгі:ITA 8 9 11 28
9 Үлгі:HUN 8 4 5 17
10 Үлгі:AUS 7 16 12 35
Барлығы (85 ҰОК) 302 304 356 962

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Үлгі:Reflist

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Commons category

Ресми
Жаңалықтар

Үлгі:Navbox Үлгі:2012 Жазғы Олимпиада ойындары Үлгі:2012 жылғы Олимпиада және Паралимпиада нысандары Үлгі:2012 Жазғы Олимпиада ойындарындағы мемлекеттер