Өтеубай (қыстау)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Өтеубай — Ақсай мен Бұғылыөзек өзендерінің аралығындағы қыстау.
Географиялық орны
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылының солтүстік-батысында 25 км жерде орналасқан.
Сипаттамасы
Жер бедері жазық, теңіз деңгейінен шамамен 15 м төмен жатыр. Сортаңды сұр топырақты жамылғысында жусан, сораң, шағыр, қаңбақ, құмаршық, жүзгін, қызылмия, изен, т.б.өсімдіктер өседі. Қыстаудың шығысында Әбен, оңтүстігінде Мейірман қыстаулары бар.<ref>Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5</ref>