Қаңбақ
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ҚАҢБАҚ (Salsola paulsenіі) – алабұталар тұқымдасы, сораң туысына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық өңірінде кездеседі. Каспий, Арал теңіздері атырауында, Сарыарқаның шығысы мен батысында, Үстірттің солтүстігінде, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Мойынқұм, Балқаш – Алакөл ойысының саз топырақты шөлді аймақтарында өседі. Биікт. 15 – 60 см. Сабағы түбінен бастап бұтақтанған, бұтағы өте қалың, тікенегі көп болады. Жапырағы таспа пішіндес, кезектесіп орналасқан, тікенекті, тамыр жүйесі әлсіз. Гүлі – қос жынысты, гүлшоғыры – масақ не шашақ тәрізді. Маусым – тамыз айларында гүлдейді. Мал азығы, оны әсіресе түйе сүйсініп жейді. <ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>
Сілтемелер
<references />
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}