Құмаршық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Құмаршық (Үлгі:Lang-la) <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> - алабота тұқымдастарына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 20— 100 см-дей.
  • Сабағы түп жағынан бастап тармақталып өседі.
  • Жапырағы қандауыр пішінді әрі тікенекті болады.
  • Тамызқазан айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі 3,5— 5,5 мм-дей түксіз үлпілдек қанатты дәнек.
  • Тұқымы жұмыртқа тәрізді алқызыл түсті келеді.

Таралу аймағы

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Оңтүстік Қазақстан аймағының Мойынқұм құмды алқабындағы еспе құмда өседі. Қаратөбе, Жаңақала, Ақжайық, Бөкей ордасы ауданында да жиі кездеседі.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref>

Шаруашылықтағы қолданысы

Құмаршық — мал азығы. Сүрлемге салынады.
Көшпенділер оның тұқымынан ұн жасап нан пісірген, жай ботқа да жасаған.
Тұкымынан май алынады, ол күнбағыс майынан бірде-бір кем емес.
Құм көшкінін тоқтату үшін де егіп өсіреді.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.

«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>