Өтеген Оралбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өтеген Оралбаев (1952 жылы туған, қазіргі Бейнеу ауданы Қарақұм ауылы) – ақын, журналист. ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетін (1974) бітірген. Маңғыстау облыстық телерадио комитетінде редактор, «Коммунистік жол» газетінің меншікті тілшісі (1974 – 76), «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі, алқа мүшесі (1976 – 90), «Дала дидары» (қазіргі «Ауыл») газетінің жауапты хатшысы (1990 – 92) және редактордың орынбасары (1993 – 94), «Егемен Қазақстан» газеті редакциясында ауыл бөлімінің меңгерушісі (1992 – 93), ҚР Жоғары Кеңесінің Мәдениет, баспасөз, бұқаралық ақпарат құралдары және саяси партиялар мен қозғалыстар жөніндегі комитеттің хатшысы (1994 –95) болды. 1995 жылдан Президент аппаратында қызмет істейді. Ол «Тұңғыш» (1978), «Мәңгілік қозғалыс» (1980), «Жұлдызды шақ» (1982), «Дүние дидары» (1985), «Ақ пен қара» (1988) атты өлеңдер жинақтарының, «Жолға шықтым жүрегім» деген деректі очерктер мен новеллалар кітабының (1993), жұртшылыққа кең тараған «Жас жұбайлар жыры», «Жылыой қыздары», «Басыңды көтер, бауырым», «Шевченко шаттығы», «Ауылым», «Тербелген, тебіренген Теңізім» сияқты көптеген ән мәтіндерінің және журналистика жанрларының әр саласындағы 2000-ға жуық мақаланың авторы. Өтеген өлеңдері мен мақалаларында заман, өмір, атамекен, табиғат-ана туралы өзекті мәселелерді қозғайды. Өлеңдері орыс, түрікмен, өзбек, қырғыз, ұйғыр, латыш, бурят, тыва, ноғай, Әзірбайжан, беларусь тілдеріне аударылған. Өтеген 40-тан астам елдердің бірқатар ақындары жырын қазақшаға аударуға ат салысқан. 1987 ж. Мәскеу қаласында өткен Бүкіл дүние жүзі халықтары шығармашылық байқауының делегаты. 11-Бүкілодақтық поэзия фестивалінің лауреаты.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Өтеген Оралбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}