Қарақұм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарақұм<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>, Түрікмен Қарақұмы (түрікменше – Гарагум) – Орталық Азияда, Түрікмен мемлекетінің 80%-дай аумағын алып жатқан құмды алқап, шөл. Солтүстік және солтүстік-шығысы Сарықамыс ойысы, Әмудария аңғары, оңтүстік-шығысы Қарабел және Бадхыз қыраттары, оңтүстігі Копетдаг етегі, батысы Батыс Узбоймен шектелген. Ауданы 350 мың км2. Қарақұм солтүстік Унгуз, Орталық және Оңтүстік-шығыс Қарақұмдарға бөлінеді. Жер беті төбелі жазық. Негізінен, осы жерлер арқылы өткен ежелгі Әмудария, оңтүстігінде Мургаб және Теджен өзендерімен келген құм шөгінділерінен түзілген. Шөлде тақыр жерлер мен сортаңды қазаншұңқырлар, құм төбелер және қырқалар жиі кездеседі. Оңтүстік-шығыс және Орталық Қарақұмдардағы құмды қырқалардың биіктігі 3 – 30 м.

Қарақұмның климаты қоңыржай континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы 3°С-тан (оңтүстікте) –5°С-қа (солтүстікте) дейін. Шілдеде орташа температура солтүстігінде 28°С, оңтүстігінде 34°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 60 – 150 мм. Құмды алқаптың солтүстік-шығысымен Әмудария өзені ағып өтеді. Оңтүстік және оңтүстік-батысындағы Мургаб және Теджен өзендері құмға сіңіп кетеді. Эфемерлі өсімдіктер, өлеңшөп, ақ және қара сексеуіл, қараған, астрагал, қылша өседі. Киік, түлкі, қасқыр, қарсақ, шибөрі, т.б. аңдар, бауырымен жорғалаушылар, кемірушілер өте көп; құстардан бозторғай, шіл, т.б. кездеседі. Қарақұм аумағында Түрікменнің негізгі кен байлықтары (газ, мұнай, күкірт) жатыр. Шөлді аумақтың орталық бөлігінен Түрікменбашы (Қарақұм) каналы (ұзындығы 450 км) ағып өтеді. Оңтүстік-шығыс Қарақұмда дүние жүзіндегі ең байырғы Репетек құм ғылыми-зерттеу стансасы және осы аттас қорық бар. Шөлде 6 мыңнан астам құдық орналасқан.<ref>[[Маңғыстау энциклопедиясы]], Алматы, 1997;</ref>

Қарақұм<ref name="source1"/> – Балқаш және Сасықкөл көлдері аралығындағы құм. Алматы облысының Алакөл ауданы жерінде, теңіз деңгейінен 350 – 450 м биіктікте орналасқан. Ұзындығы 120 км, ені 30 км, ауданы 1600 км2. Оңтүстігінде Арқарлы тауы және Сарықұм мен Тасқарақұм құмды алқабы орналасқан. Қарақұмның басым бөлігі қырқалы, төбелі (биіктігі 5 – 30 м, әсіресе солтүсік-батыс жағында) келеді; бұта аралас жусан, еркекшөп, т.б. сораң шөптермен бекіген. Айнала етегі тақыр, тақырлы сораңдарға ұласады. Тұщы грунт сулы құм қабаты жер бетіне жақын жатыр. Қарақұм – қысқы мал жайылымы.

Қарақұм<ref name="source1"/> – Каспий теңізінің солтүстік-шығысында орналасқан құмды алқап. Теңіз жағасынан 10 – 20 км жерде. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 150 – 160 км-ге созылған. Құм Атырау облысының Жылыой және Маңғыстау облысының Бейнеу аудандары жерін қамтиды. Батысы теңіз деңгейінен 19 м, шығысы 9 м төмен жатыр. Қарақұмда теріскен аралас ақ жусан, еркекшөп, изен, т.б. сораң шөптер өскен. Минералдылығы әр түрлі, грунт сулары 2 – 6 м тереңдікте жатыр. Қарақұм өңірінде мұнай кен орындары бар.

Қарақұм<ref name="source1"/> – Іле өзенінің оң жағалауындағы құмды алқап. Қытаймен шекаралас орналасқан. Алматы облысы, Панфилов ауданы жерінде. Абсолюттік биіктігі 540 – 880 м. Оңтүстіктен солтүстікке 50 км-ге созылып жатыр. Ені 34 км-ге жетеді. Қарақұмның батысында Бурақожыр (Борохудзир), шығысында Қорғас өзендері, солтүстігінде Тоқсанбай жотасы, оңтүстігінде Іле өзені аңғары жатыр. Құм Үсек (Өсек), Бурақожыр, Қорғас және Іле өзендері алып келген аллювий жыныстарынан пайда болған. Төбелі, қырқалы құмдардың биіктігі 20 – 25 м-ге жетеді. Мұнда ақ сексеуіл, жүзгін, жыңғыл, етегінде тораңғы өседі. Шағын көлдер кездеседі.

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қарақұм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}