Әсет Арманұлы Ерғалиев
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Әсет Арманұлы Ерғалиев (18 маусым 1986 жыл, Қостанай облысы, Қостанай) — қазақстандық саясаткер, 2025 жылдан бастап Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы және 2026 жылдан бастап Президент кеңесшісі. Бұрын Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі (2023—2024),<ref name=":1">Ә.А. Ерғалиевты тағайындау туралы Үлгі:Webarchive</ref> Ұлттық экономика министрі (2021–2022) болған.
Өмірбаяны
1986 жылғы 18 маусымда Қостанай қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар.<ref>Сіз кімсіз, Әсет Ерғалиев мырза?Үлгі:Deadlink</ref>
Білімі
Негізгі мамандығы — экономист. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.<ref>Министр в 34 года – кто такой Асет Иргалиев</ref> 2008 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтын (ҚМЭБИ) мемлекеттік саясат экономикасы саласында бакалавр дәрежесімен, сондай-ақ халықаралық алмасу бағдарламасы аясында Швециядағы Халықаралық Йонкопинг бизнес мектебін халықаралық экономика саласында ғылым бакалавры дәрежесімен бітірген. 2009 жылы Ұлыбританиядағы Йорк университетін экономикадағы ғылым магистрі дәрежесімен тәмамдаған. 2010 жылы Ұлыбританиядағы Ноттингем университетін бітіріп, экономикадағы философия магистрі дәрежесі берілді.<ref>Әсет Ерғалиев ұлттық экономика министрі болып тағайындалды</ref> «Ерен еңбегі үшін» медальмен марапатталған.<ref>ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградаларды тапсырды</ref>
Қызмет жолы
Еңбек жолын 2010 жылғы қыркүйектен 2013 жылғы қаңтарға дейін — Ұлыбританияның Лондон қаласындағы Еуропа қайта құру және даму банкі Экономикалық департаментінің Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша өңірлік талдаушысы болып бастады.
2013 жылғы қаңтардан 2016 жылғы маусымға дейін Ұлттық экономика министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Вице-президенті, Басқарма Төрағасының Орынбасары, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма Төрағасы болды.
2016 жылғы қазан мен желтоқсан аралығында — «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаевтың кеңесшісі.
2016 жылғы желтоқсаннан 2017 жылғы тамызға дейін — Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың кеңесшісі.
2017 жылғы тамыздан 2018 жылғы қыркүйекке дейін — Премьер-Министр Кеңсесінің жобалық басқару орталығының меңгерушісі.
2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы наурызға дейін — Ұлттық экономика вице-министрі.
2019 жылғы наурыз бен тамыз аралығында Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары болды.
2019 жылғы тамыздан 2021 жылғы қаңтарға дейін — Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
2021 жылғы қаңтардан 2022 жылғы қаңтарға дейін Қазақстанның Ұлттық экономика министрі қызметінде болды.
2022 жылғы 6 қаңтардан бастап Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болды.<ref>Өмірбаян</ref><ref name=":1" />
2023 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
2024 жылғы 16 мамырда Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі болып тағайындалды.<ref>Құқықтық актілер</ref>
2025 жылғы 28 ақпанда Президент Жарлығымен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.<ref>Ә.А. Ерғалиев туралы</ref> 2026 жылғы 16 қаңтарда Ерғалиевтің Президент тапсырмасы бойынша халықаралық қаржы ұйымдарымен байланыс жасайтын тұлға болып белгіленгені хабарланды.<ref>Олжас Бектенов Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді</ref> 2026 жылғы 2 ақпанда ол алдыңғы лауазымына қоса Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды.<ref>Ә.А. Ерғалиев туралы</ref>