Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев (13 қазан 1963 жыл, Үшарал, Талас ауданы, Жамбыл облысы) — қазақстандық саясаткер, экономист, 2024 жылдан бері Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы.<ref name="eurazya">Үлгі:Cite web</ref>
Сағынтаев бұрын Алматы әкімі (2019–2022), Қазақстан премьер-министрі (2016–2019), Президент әкімшілігінің басшысы (2019), Мемлекеттік хатшы (2019) болған. Экономика ғылымдарының кандидаты (1990).
Өмірбаяны
- Ұлы жүздің Ошақты руынан.Үлгі:Citation needed
- С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген (1985), экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы.
- 1985 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономика кафедрасының оқытушысы.
- 1988 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент.
- 1992 жылдан - коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
- 1998 жылдан - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
- 1999 жылдан - ҚР Шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.
- 2000 жылдан - «Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы.
- 2001 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
- 2004 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы.
- 2007 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі.
- 2008 жылдан бері - Павлодар облысының әкімі.
- 2012 жылғы 20 қаңтардан 24 қыркүйекке дейін — Экономикалық даму және сауда министрі.
- 2012 жылғы қыркүйек — 2013 қаңтар аралығында — «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары.
- 2013 жыл 16 қаңтардан бастап жаңадан құрылған Өңірлік даму министрлігінің басшысы және Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.<ref name=":0">Указ Президента Российской Федерации от 19.12.2014 № 789 "О награждении орденом Дружбы иностранных граждан". publication.pravo.gov.ru</ref> 2013 жылғы 6 қарашада Өңірлік даму министрі қызметінен босатылып, Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары лауазымында қалды. 2014 жылғы 7 сәуірде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалды.
- 2016 жылғы 9 қыркүйектен бастап — Премьер-Министр.
- 2019 жылғы 21 ақпанда Премьер-Министр Сағынтаев отставкаға кетті.<ref name=":1">Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің отставкаға кетуі туралы хабарлады</ref>
- 2019 жылғы 1 наурыздан 24 наурызға дейін — Мемлекеттік хатшы.<ref>Бақытжан Сағынтаев ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды</ref>
- 2019 жылғы 24 наурыздан 28 маусымға дейін — Президент әкімшілігінің басшысы.<ref>Б.Ә. Сағынтаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындалды</ref>
- 2019 жылғы 28 маусымнан 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін — Алматы әкімі.
- 2022 жылғы 1 маусымнан бастап — Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (Министр).<ref>Бақытжан Сағынтаев бүгіннен бастап жаңа қызметке кірісті</ref>
- 2023 жылғы желтоқсанда Сағынтаевтың 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияға басшылық ететіні белгілі болды. Бұл ақпаратты Ресей президенті Путин растады.<ref name="eurazya" />
«Құрмет» орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.<ref name=":2">Бақытжан Сағынтаев – Қазақстанның Премьер-Министрі Үлгі:Webarchive</ref>
Ғылыми еңбектері
- Экономика ғылымдарының кандидаты (1990). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қала және ауыл халқының өмір сүру деңгейін жақындастыру».
- Табиғи монополиялардың әрекет ету аумағын мемлекеттік реттеу, шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі бірқатар ғылыми жұмыстардың, жарияланымдардың авторы.
Марапаттар
- «Кұрмет» орденімен (2006);
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001),
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005),
- «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006),
- «Астананың 10 жылдығы» (2008).
- Үлгі:Аударылмаған2<ref name=":0" /> (19 желтоқсан 2014 ж., Ресей) — Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты дайындауға белсенді қатысқаны үшін
- Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін I дәрежелі медалі<ref name=":2" /> (2015)
Жеке мағлұматтары
- Әскери атағы - запастағы капитан.
Жеке өмірі
- Әкесі - Әбдір Сағынтаев, Социалистік Еңбек Ері, Жамбыл облысының «Талас» Мемлекеттік асыл тұқымды мал зауытының директоры болып жұмыс істеген, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КОКП ОК Тексеру комиссиясының мүшесі, КОКП ОК съездерінің делегаты болған.
- Анасы - Бештаева Құндызай, үй шаруасымен айналысқан.
- Үйленген. 2 қызы, немересі бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Бақытжан Сағынтаевтың министрлер кабинеті Үлгі:Қазақстан үкіметі басшылары Үлгі:Кәрім Мәсімовтің II министрлер кабинеті
Санат:
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Қазақстан экономистері
- Павлодар облысының әкімдері
- Қазақстан экономика министрлері
- Қазақстан сауда министрлері
- Қазақстан өңірлерді дамыту министрлері
- Қазақстан әлеуметтанушылары
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Экономика ғылымдарының кандидаттары
- Қазақстан премьер-министрлері
- Алматы әкімдері
- Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшылары
- Қазақстан мемлекеттік хатшылары