Ерболат Асқарбекұлы Досаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Ерболат Асқарбекұлы Досаев (21 мамыр 1970 жыл , Алматы) - «Бәйтерек»Ұлттық басқарушы холдингі басқармасының төрағасы (16.05.2016 жылдан бастап).
Өмірбаяны
- 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туған.
- 1987 жылы - Алматы қаласының О.Жәутіков атындағы Республикалық физико-математикалық Мектеп-Интернатын бітірді.
- Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді.
- 1997 ж. - «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ Басқарма Төрағасы;
- 1998 ж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңесшісі;
- 1998 ж. – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;
- 2000 ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;
- 2001 ж. – Қазақстан Даму банкі Директорлар Кеңесінің Төрағасы;
- 2001-2003 жж. - Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің Төрағасы;
- 2003 - 2004 жж. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі;
- 2004 - 2006 жж. - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
- 2006 - 2012 жж. «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы;
- 2012 жылғы 25 қыркүйектен Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі.
- 2013 жылғы 16 қаңтардан Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
- 2014 жылғы 6 тамызы - 2016 жылғы 5 мамыр аралығында -Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен (№ 880) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
- 2016 жылғы 16 мамырдан - «Бәйтерек»Ұлттық басқарушы холдингі басқармасының төрағасы болып тағайындалды.<ref>Ерболат Досаев «Бәйтерек» холдингін басқарады</ref>
Марапаттары
- «Құрмет» ордені
- ««Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
Дереккөздер
<references/>