Әзімбек Пазылбекұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Әзімбек Пазылбекұлы (10 желтоқсан 1991 жыл, Қызылорда облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2024 жылдан бергі Түркістан қаласының әкімі.

Өмірбаяны

1991 жылғы 10 желтоқсанда Әзімбек Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Өзгент ауылында дүниеге келді. Қоңырат тайпасының, Жаманбай ата руынан.

Әзімбек Пазылбекұлы 2013 жылы Қазақ ұлттық университетін экономика, 2015 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін заңгер, 2018 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін құрылыс мамандықтары бойынша, 2022 жылы Қызылорда Болашақ университетін тәмамдады.

Әзімбек еңбек жолын Қызылорда қаласының әкімшілігінде бастады.

2013 жылғы 5 желтоқсанда ол Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы болса, 2014 жылғы наурыз–сәуір айларында басшысы, 2014–2015 жылдары бас маманы болды.

2015 жылғы 1 сәуірде Әзімбек Қызылорда қаласы әкімі аппаратының Ұйымдастыру инспекторлық бөлімінің бас инспекторы болды.

2015 жылғы 7 желтоқсанда ол лауазымынан босатылып, енді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде Коммуналдық шаруашылық басқармасының сарапшысы болды. 2016 жылғы 29 сәуірден ол — бас сарапшы, 2017 жылғы 25 сәуірден бастап — басқарма басшысы.

2019 жылғы 5 наурыздан бастап Әзімбек Тұрғын үй құрылысы және жаңа құрылысқа инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы болып қызмет етті.

2022 жылғы 1 сәуірде ол Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2024 жылғы 1 қазанда Әзімбек Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қаулысымен Түркістан қаласының әкімі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер