Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды (26 наурыз 1974 жыл, Абай, Келес ауданы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, экономист, дипломат, 2025 жылдан бастап қызметтегі Алматы әкімі. Бұрын Шымкент (2013—2015) және Түркістан облысының әкімі (2022—2025) болған.

Білімі

Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Қызметі

  • Еңбек жолын 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданының «Келес» коммуналдық кәсіпорнында бастаған.
  • 2000-2006 жылдары Қаржы министрлігінде, Президенттің Іс басқармасында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
  • 2007-2010 жылдары Білім және ғылым министрлігінің Бюджет және Қаржы департаменттері директорының орынбасары, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары болған.
  • 2010 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы лауазымына тағайындалған.
  • 2011-2013 жылдары Премьер-Министр Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарған.
  • 2013 жылы Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған.
  • 2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған. Парламент Сенатының депутаты болып сайланған.
  • 2019 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
  • 2022 жылғы 31 тамыздан Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.
  • 2025 жылғы 6 қаңтарда Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылып, Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
  • 2025 жылғы 24 мамырда Алматы қаласы мәслихатының жаңа әкімді тағайындауға келісім беру үшін жиналыс өткізіліп, Сатыбалды лауазымға тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Отбасы және балалары

  • Әйелі: Мекембаева Жанар Ахмеджанқызы (1981)
  • Ағайындылар: Сатыбалдиев Ғабит Амангелдіұлы - SAT-NS ЖШС және SAT Group Construction ЖШС құрылтайшысы, Сатвалдиев Сұңқар Амангелдіұлы-SAT GROUP Project ЖШС құрылтайшысы.

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Navigation with columns