Әбілмансұр Әбунасырұлы Серіков
Үлгі:Кинематограф Әбілмансұр Әбунасырұлы Серіков (7 желтоқсан 1991, Алматы) — қазақстандық кино және театр актері. ҚР Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2020)<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Өмірбаяны
1991 жылы 7 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.
Әкесі — Әбунасыр Серіков (1965 ж. т.) — қазақ актері, әзілкеш. «Нысана» миниатюра театрының директоры және көркемдік жетекшісі. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1995).
Анасы — Лиза Серікова (1971 ж. т.) – Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
2009 жылы Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы №128 мектепті бітіріп, сол жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (ҚазҰАИ) театр факультетіне оқуға түсіп, 2013 жылы бітірді. (КСРО еңбек сіңірген әртісі, профессор Рахилям Машурованың курсы).
2013-2015 жылдары — Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері (Алматы қ.). Сахнадағы бастапқы рөлі драматург М. Қабанбайдың «Жиһангез Тити» ертегісіндегі бас кейіпкер – Тити.
2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін — Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік музыкалық-драма театрының актері (Астана қ.)<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Шығармашылығы
Театрдағы рөлдері
- «Тыраулап ұшқан тырналар», реж: Талғат Теменов — Пернебек (Петр);
- «Аққудың көз жасы...», реж: Талғат Теменов — Садық;
- «Қызыл орамалды шынарым», Шыңғыс Айтматов, реж: Талғат Теменов — Ілияс;
- «Отелло», У.Шекспир, — Родриго;
- «Ақ жауын», А.Вампилов, — Ромео-Рамазан;
- «Байланыс аясы», Ф.Болонья — Козимо;
- «Абай», Мұхтар Әуезов, — Мес;
- «Қараш-Қараш», Қ.Ысқақ — Содар;
Фильмографиясы
| Жылы | Атауы | Рөлі | Режиссері | ||
|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2005 | ф | «Шолпанның күнәсі» | актер | Болат Шәріпов |
| 2 | 2007 | х | «Ангелочек» | актер | Рымбек Әлпиев, Эля Гильман |
| 3 | 2009 | ф | «Біржан сал» | Мамай | Досқан Жолжақсынов |
| 4 | 2011 | ф | «Балалық шағымның аспаны» | Нұрсұлтан мектептегі кезі | Рүстем Әбдірашев |
| 5 | 2011 | ф | «Жаужүрек мың бала» | Қасым ханның жауынгері | Ақан Сатаев |
| 6 | 2013 | х | «Вопреки всему» | Рүстем | Айдын Сахаман |
| 7 | 2014 | х | «Одноклассники» | Камок | |
| 8 | 2014 | х | «Сұрбойдақ» | актер | Асқар Ұзабаев |
| 9 | 2014 | х | «Жедел жәрдем-2» | актер | Серікбол Өтепбергенов |
| 10 | 2014 | х | «Ұлжан» | актер | Серікбол Өтепбергенов |
| 11 | 2015 | х | «Несломленный» | Дос | Виржиния Восгиморукян |
| 12 | 2015 | х | «Кеңесшілер» | Арман | Қанағат Мұстафин |
| 13 | 2015 | ф | «Махаббат көктемі» | актер | К. Абылов |
| 14 | 2015 | х | «Жібек» | Мирас басты рөл | Айдын Сахаманов |
| 15 | 2015 | х | «Таңдау» | Алдияр басты рөл | Нұрғиса Әлмұратов, Айдын Сахаманов |
| 16 | 2016 | х | «Сүйе білсең» | Бауыржан | Ернар Нұрғалиев |
| 17 | 2019 | ф | «Ва-банк» | Артур | Әлішер Өтев |
| 18 | 2021 | х | «5:32» | Шалқар | Әлішер Өтев |
| 19 | 2021 | ф | «Дос-Мұқасан» | Жарас Бақтиярұлы | Айдын Сахаман |
| 20 | 2022 | х | «Игрок» | Данияр | Диас Бертис |
| 21 | 2022 | х | «Ауыл мұғалімі» | Данияр | Ернар Нұрғалиев |
| 22 | 2022 | ф | «Маған назар аудар» | Парктегі жігіт | Абдусаид Шайхисламұлы |
| 23 | 2023 | ф | «Жол» | Шоқан | Бақыт Қадер |
| 24 | 2024 | ф | «Қораға кірдік»<ref>Үлгі:Cite web</ref> | Тука | Олжас Нұрбай |