Талғат Досымғалиұлы Теменов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Талғат Досымғалиұлы Теменов (23 қараша 1954 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай) – кеңестік және қазақстандық кинорежиссер, кинодраматург. Қазақстанның халық әртісі, профессор. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі.

Жалпы мәліметтер

Алматы мемлекеттік консерваториясының театр бөлімін (1976) және Мәскеудегі бұрынғы КСРО Мемлекеттік кино жанындағы жоғары режессерлер мен сценарийшілер курсын (1986, С.А. Соловьевтің шеберханасы бойынша) бітірген. Алғашында Талдықорған облысы драма театры труппасында (19761780) актер болып қызмет етті. Бұдан кейін “Қазақфильм” студиясында режиссердің көмекшісі әрі сценарийші (19801982), кинорежиссер (19861987), қоюшы кинорежиссер (19881994), “Мосфильм” студиясында кинорежиссер (19871988), 19942000 жылы Алматы мемлекеттік театр және кино институтының (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) ректоры, 2000 жылдан “Қазақфильм” кинокомпаниясының көркемдік жетекшісі, ал 2004 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрының директоры болып қызмет атқарады. Алғаш қойған “Адамдар арасындағы бөлтірік” атты толық метражды көркем фильмі (1988) Майндағы Франкфурт қаласында өткен 15-Халықаралық кинофестивальдың Гран-при (Германия, 1989), Италияда “Күміс аю” жүлдесіне (1989, Джиффони) және Португалияда (1990) өткен Халықаралық кинофестивалінің арнайы жүлдесіне ие болды. Оның өзі жазған сценарийі бойынша қойған көркем фильмдері қатарында “Шаңырақ” (1983), “Қайдасың сен, Чапай?” (1984), “Торо” (1986), “Адамдар арасындағы бөлтірік” (1988), “Қызғыш құс” (1991), “Махаббат бекеті” (1993), т.б. бар; пьесалар да (“Алма бағы”, “Көгілдір такси”, соңғысын С.Сматаевпен бірге) жазған. Тарихи тақырыпқа қойылған “Көшпенділер” фильміне (2005) режылы ретінде қатысқан. 1994 жылдан педогог қызметпен (1996 жылдан профессор) айналысты. Теменов – “Қайырлы таң” (1979) және “Гүлнәз” (1986), “Ой жасын” (2004) атты повестер мен әңгімелер жинағының авторы.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub