Рүстем Жарасқанұлы Әбдірашев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф Рүстем Жарасқанұлы Әбдірашев (10 ақпан 1970 жыл, Алматы) — қазақстандық режиссёр, суретші, сценарист.

Өмірбаяны

Әбдірашев Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркем сурет училищесін (1989) суретші-декоратор мамандығы бойынша; Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының театрдекорация факультетін (Мәскеу, 1993) кинорежиссер мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік заң академиясының заң факультетін (2002) құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.

Әбдірашевтың суретші ретінде еңбегі сіңген «Отырардың күйреуі», «Көзімнің қарасы» фильмдері — Мемлекеттік сыйлық алған картиналар. Тіпті кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов «Көзімнің қарасы» фильміне қоюшы-суретші етіп Әбдірашевты сонау Мәскеуден, ВГИК-те оқып жатқан жерінен арнайы шақыртып алыпты. ВГИК-тің режиссурасын оқып келген соң Әбдірашев өзінің жаңа кәсібіне кірісіп, алғашқы картинасын түсіреді. «Қаладан келген қыз» 2004 жылы Ресейдің Анапа қаласында өткен ТМД және Балтық елдерінің халықаралық кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алады. Небәрі үш-төрт жылдың ішінде режиссер «Шәкен жұлдыздарының» бас жүлдесін де, «Ең үздік режиссура» номинациясын да («Золотой витязь» халықаралық кинофестивалі, Челябинск), «Тарланды» да, т.б. талай фестивальдерде талай жүлделерді қанжығасына байлап үлгерді.
2009 жылы «Құрақ көрпенің» кебін құшпай, дер кезінде жолға шыққан «Сталинге сыйлық» олжалы оралды.

2017 жылы «Алмас қылыш» атты тарихи фильмде қоюшы режисёр болды.Фильм қазақ хандығының құрылуы жайында болды. Негізі Ілияс Есенберлиннің романы бойынша жасалды.

Фильмографиясы

Режиссёр

  1. 2004 – «Қаладан келген қыз»
  2. 2006 – «Құрақ көрпе»
  3. 2008 – «Сталинге хат»
  4. 2011 – «Елбасы жолы. Менің балалық шағымның аспанда»
  5. 2013 – «Елбасы жолы. Теміртау»
  6. 2013 – «Елбасы жолы. От-өзен»
  7. 2014 – «Елбасы жолы. Тығырықтан жол тапқан»
  8. 2017 – «Қазақ хандығы. Алмас қылыш»
  9. 2017 – «Қазақ хандығы. 1-маусым, 10-бөлім (Көпсериалды тарихи сериал)»
  10. 2022 – «Қазақ хандығы. Алтын тақ»

Сценарист

  1. 2004 – «Қаладан келген қыз»
  2. 2011 – «Елбасы жолы. Менің балалық шағымның аспаны»
  3. 2013 – «Елбасы жолы. От-өзен»
  4. 2014 – «Елбасы жолы. Тығырықтан жол тапқан»
  5. 2017 – «Қазақ хандығы. Алмас қылыш»
  6. 2017 – «Қазақ хандығы. 1-маусым, 10-бөлім (Көпсериалды тарихи сериал)»

Суретші

  1. 1991 – «Отырардың күйреуі» (режиссер Ардақ Әмірқұлов) (Художниктің ассистенті).
  2. 1991 – «Бегущая мишень» (режиссер Талғат Теменов) (Қоюшы художник).
  3. 1992 – «Любовники декабря» (режиссер Қалықбек Салықов) (Художник декоратор).
  4. 1993 – «Дикий Восток» (режиссер Рашид Нұғманов) (Қоюшы художник).
  5. 1994 – «Голубиный звонарь» (режиссер Әмір Қарақұлов) (Қоюшы художник).
  6. 1994 – «Жас аккордеоншының өмірбаяны» (режиссер Сатыбалды Нарымбетов) (Қоюшы художник).

Марапаттары

  • «Сталинге сыйлық» туындысы Францияда өткен 15-халықаралық Азия фильмдерінің «Синемас Азия» фестивалінде Гран-приді жеңіп алды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер