Әбдеш Сәрсенұлы Қалмырзаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography

Әбдеш Сәрсенұлы Қалмырзаев (20.5.1939, Сарысу ауданы Саудакент - 2012, Алматы) – қоғам қайраткері, ғалым, философия ғылымдарының докторы (1990), профессор (1991).

Қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетін (1961), КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын (1981) бітірген. 1961-85 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан КП ОК-інде үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1985-90 жылдары Көкшетау облысы партия комитетінің хатшысы, 1990-94 жылдары Алматы саясаттану және басқару жоғары мектебінің ректоры, 1994 жылдан «Мысль» журналының бас редакторы. Қалмырзаев «Құрмет белгісі» (1976), «Достық» (1998) ордендерімен және «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. <ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}