Саудакент

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

Сурет:Саудакентке кіре беріс.jpg
Саудакентке кіре беріс

Саудакент (1993 жылға дейін – Байқадам)<ref>Об упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан</ref> — Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы ауыл, Байқадам ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы – Жаңатас қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 25 км жерде, Шабақты өзенінің жағалауындағы сұр жусан, баялыш, көкпек басым өскен сұр, сортаңды сұр және шалғынды сұр топырақты қуаң шөлді белдемде орналасқан.

Халқы

Саны (1999, 2009, 2021)<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref><ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>
1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
5864 Үлгі:Құлдырау5550 Үлгі:Құлдырау5275 95 2739 Үлгі:Құлдырау2688 98,1 2811 Үлгі:Құлдырау2587 92

Тарихы

Ауыл 1993 жылға дейін "Байқадам" ауылы және 1997 жылға дейін Сарысу ауданының орталығы болып келді. 1957-97 жылдар аралығында көкөніс-сүт бағытындағы «Байқадам» кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде Саудакентте 1997 жылдан «Байқадам» ӨК, «Саудакент» АҚ және оннан астам ЖШС-тер мен 50-ге жуық шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Ежелгі деректерде ол Сулугхан, кейінірек Сулхан деген атпен аталған. Саудакент Қаратаудың солтүстік бөктері арқылы өтетін керуен жолы бойындағы ірі сауда мен қолөнердің орталығына айналған.

Кәсіпорындары

Ауылда тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, кондитер, макарон цехтары, наубайхана, тағы басқа жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

4 орта мектеп, кәсіптік-техникалық мектеп, 2 кітапхана, мұражай, мәдениет үйі, мешіт, ауылдық аурухана, отбасылық дәрігерлік амбулатория, тағы басқа мекемелер бар. Саудакентте ортағасырлық тарихи-сәулеткерлік ескерткіштердің орны сақталған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Сарысу ауданы елді мекендері