Құбайдолла Әбілғазыұлы Махутов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Құбайдолла Әбілғазыұлы Махутов 1950 жылы 28 ақпанда Гурьев облысының Жылыой ауданында туған.

  • В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1972), инженер-геолог мамандығы бойынша бітірген. Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты. Философия докторы. ҚР Минералды ресурстар академиясының корреспондент мүшесі.6 монография, 50-ден астам мақаланың авторы.
  • 1972 жылдан - Солтүстік-Үстірт МБЭ геологы. 1975 жылдан- «ҚазмұнайГЗЖИ»-дің кіші ғылыми қызметкері. 1977 жылдан - «Маңғышлақмұнай» ӨБ Маңғышлақ, Жетібай БЖБ геологы, аға геологы, Маңғышлақ геологиялық барлау тақырыптық партия белімінің бастығы. 1987 жылдан-Маңғышлақ геофизикалық экспедициясының тақырыптық партия бастығы. 1989 жылдан - «Маңғыстаугеология" АҚ бас геологы, вице-президенті. 1997 жылдан - «Қазполмұнай» БКбасдиректоры. 1998жылдан-«Арман» қазақстан американ БК бас директоры. 2005 жылдан - «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС техникалық директоры. 2006 жылдан- «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ бас геологі 2007 жылдан бері - мұнай компанияларының бас геологі Арыстан, Қарақұдық, Оңтүстік Жетібай, Тасболат, Батыс Тасболат, Пионер, Бақанды, Солтүстік Ракушечное Сәрсенбай, Елемес, Шығыс Сазтөбе, Бекболат және т.б кенорындарын ашуға және барлауға қатысқан.
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, «Қазақстан мұнайына 100 жыл» белгісімен марапатталған. ҚР Жер қойнауын барлау үздігі.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}