Қылышбай Ержанұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қылышбай Ержанұлының өмірбаяны

Қылышбай Ержанұлы 1851 жылы осы күнгі Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы Фурманов селосында туып, 1926 жылы 75 жасында қайтыс болған. Жеті жасынан жетім қалып, Оңғарбай деген жақын туысының қолында өседі. Мал бағып жүріп, бір жағынан ескіше сауат ашады. Оңғарбай оны Бұхардағы медресеге береді. Медреседе зерек шәкірт Шығыстың классикалық поэзиясынан сусындайды. Ауылға келген соң ауыл балаларын оқытады. Оларға Шығыс әдебиеті мен қазақтың халық жырларын таныстырады. Өнер-білімге, сөз өнеріне баулиды. Қылышбай жас кезінің өзінен- ақ бұрынғы шешен, билер айтқан сөздерді ел арасында тарататын болған. Жиын, тойларда дау көтерілген кездерде өзі де суырылып шығып, кесімді билік айтуға араласып кетеді. Оның шешендігін, әділ сөйлейтін қасиетін таныған ел көбінесе өздері барып жүгініп отырған. Сөйтіп, Қылышбай шешен келе-келе "өзіміздің Қылышбай, айтқан сөзі қылыштай" деп аталып кеткен.

Қылышбай Ержанұлы туралы әңгімелер

Қылышбай Ержанұлы туралы әңгіме

Қылышбай өлең-жырды жазып та, төтеннен суырып та айта беретін шебер ақын болған. Ол Қаратау өңірінде Шу, Талас бойындағы көптеген ақындармен айтысқа да түскен.

Кезінде Қылышбайдың ақындығы мен шешендігін Жамбыл да: "Қылыш- байдан таралып, сөз нұсқасы келінген, дос-жаранға, кемтарға қайырлы болсын делінген" деп жоғары бағалаған.

Қылышбай Ержанұлы Шу, Мойынқұм өңіріне емес, бүкіл Әулиеата, Жетісуға аты шыққан ақын. Бір айтар әділдігі үшін ел оны тура би деп те сыйлаған. Бір жиында ол:

Адам бір көшкен керуен,
Құрармыз аз күн серуен.
Қеруендей көш тартып,
Асармыз бір күн белінен.
Адал жүріп тірлікте,
Айырылмайық сенімнен.
Кірсе лебіз, шықса жоқ,
Қауіп етіңдер өлімнен.
Қол қайырың болмаса,
Не әкетесің өмірден,
Өлмей тұрып, киіп-іш,
Мініп жорға, сұлу құш.
Ғаріптерге қарайлас,
Өлгеннен кейін не керек,
Алтын мен күміс зеріңнен.
Не жандар өткен байлықпен,
Өтірік сөз бен зорлықпен,
Жаһанаға малы сыя алмай,
Кемтарларға кия алмай,
Тұтыларсың бір күні,
Малтыққан қарға қояндай.
Иманың ата болмайды,
Қанаудан ниет тазармай,
Өлімге көзің жетсе де,
Жақсылыққа бой ұрмай,
Ақыры бір күн өтерсің,
Үзіліп сонда кетерсің.
Ішпей-жемей жиғаның,
Артында қалар бір күні,
Сол кезде, сорлы-ау, қайтесің? -

деп бір замандасына сыр айтыпты.

Қылышбай Ержанұлы туралы әңгіме

Қылышбай жігіт кезінде бір ауылға келіп, қонайын десе, танитын ешкімді таба алмайды. Содан кейін үлкендеу бір үйге кіріп, сәлемдесіп, есік жаққа отыра кетіпті. Үй иесі жактырмай: "Иә, бала, қайдан келесің?" - деп жөн сұрапты. Сонда Қылышбай:

- Шу бойынан келе жатыр едім, ешкімді танымаған соң, сіздің үйге қонайын деп келдім, ата, - депті.

Үй иесі баска қонақтарды нұсқап:

- "Қонақ үстіне қонақ келсе, қотыр болады" деген, өлніеп істелген ас қой, - дейді.

Сонда Қылышбай:

- Ата, ешкімді танымаушы едім, көже-мөже болса да сіздікінде болайын, - дейді.
- Көже-мөже дегенің не, шырағым?
- Тарыдан түйісі болса, сары майдан иісі болса, сүтке салып баптаса, қантпенен қаптаса, оны біздің ел көже дейді, - депті Қылышбай.

Баланың сөзіне жығылған бай:

- Қарағым, жоғары шығып отыршы! - деген екен.

Қылышбай Ержанұлы туралы әңгіме

Бір күні Қылышбай қоналқаға Көлбай деген сараң байдың үйіне кеп түседі. Беймезгіл қонақтың келуін жаратпаған Көлбай оған ас аспай, шай ғана береді. Шәй ішіп болған соң, жатар алдында Көлбай Қылышбайға "қонақ кәде" істе дейді, Қылышбай:

- Ол қалай болушы еді? - дейді.
- Бір ауыз өлең шығарсаң, қонақ кәдең сол болады, - депті бай, осыдан не шығар дейсің дегендей.

Сол жерде Қылышбай:

- Сөйлейін, сөйле десе Көл ағасы,
Бермейсің қонақ келсе қонақасы.
"Көлбай" деп қайран атты кім қойды екен,
Көл түгіл шұқанақтың садағасы, -

деп табан астында төгіп жіберіпті. Қонағының сөзінен шошынған Көлбай:

- Әй, бәйбіше, мына өлең елге жайылып, жұрт бізді мазақ етер! Тезірек Қазан ас! - депті.

Қылышбай Ержанұлы туралы әңгіме

Бір күні Қылышбайдың қызы сүйгенімен қашып кетеді. Осыны естіген Әтей Қылышбайға былай дейді:

- Қылышбай, қызың қашты
Кызыл желде,
Ақыр соғып қалдың ғой қара жерді.
Шыт көйлек те кимеген екі жеңге,
Түседі ұялғаннан қара төрге.
Сонда Қылышбай қысылмастан:
- Біздің қыз қашып кетті күтін демей,
Бірсыпыра киімін бүтіндемей
Байғұс балам асығып ұшып кетті,
Кешегі Айша кұсап сүтін бермей

- деп жауап береді.

Сөйтсе Әтей ауылында күйеуге шықпай жүкті болып қалған Айша атты қыз бар екен.

Қылышбай Ержанұлы туралы әңгіме

Қылышбай шешен Бестерек руынан датқа болған Райымбектің үйінде отырады. Ол атағы елге кең жайылған ақын, әрі тапқыр шешен жас Жігітектің осында келе жатканын естиді. Ал Қылышбай болса, Жігітекпен бір кездессем деп жүреді. Райымбек датқамен рулас екен. Сол ойының реті келген Қылышбай үйге кіре берген Жігітектің сәлемін алмастан, одан бұрын сынайын деген оймен былай дейді:

- Райымбек Бестеректе ұлық датқа,
Қосылар үштің бірі салтанатқа.
Осы жерін Бестеректің біз сұрайық,
Қай жерден қосылады төрт Дулатқа?
Ол осылай дей бергенде Жігітек
ақын іліп әкетеді:
Құдайдың құлы, Мүхамбеттің,
үмбетіміз,
Тарапты Бекболаттан есебіміз.
Ботбайдың Қораласы дегендей-ак,
Қалмайды ноғай деген өсегіміз, -

деп Қылышбай өзінің де аталары жөніндегі әзіл-қалжыңды алдына тартқан екен.<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қылышбай Ержанұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}