Адал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Адал (парсыша һәлал) — шариғат заңдары бойынша адамға рұқсат етілген, бұйырылған нәрселер: 1) жеуге жарамды азық-түлік, дәм, тағам және аң-құс, түлік түрлері; 2) күнәдан пәктік, әділеттілік мәніндегі тазалық; 3) табан ақы, маңдай термен келген табыс; 4) санитарлық-гигиеналық тазалық. Адалдық — Жаратушыға тән асыл қасиеттердің бірі. Алланың, Құдайдың адалдығына сену — мұсылмандық парыз. Барлық діни ұғымдарда адамдар Құдай алдында тең және бірдей. Сондықтан өмірде адал болу Алла алдында Адал болумен бірдей. Мұсылман әлеміндегі әлеуметтік-философиялық теорияларда адал сөзінің әділеттілік мәні бүкіл мұсылманның бір Аллаға, Алланың барлық мұсылмандарға адалдығы деп түсіндіріледі. Бұл ұғымға қарсы мағыналы ұғым — арам.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Адал|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}