Тасқарақұм

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шөл Тасқарақұм – Балқаш-Алакөл ойысындағы Лепсі және Шынжылы өзендері аралығындағы құмды алқап.

Географиялық орны

Жетісу облысының Алакөл және Сарқан аудандары жерінде орналасқан.

Жер бедері

Ауданы 850 км2. Жетісу Алатауынан солтүстікке қарай 45 км-ге созылып жатыр, ені 30 км шамасында. Құм қырқаларының салыстырмалы биіктігі 25 м. Еркекшөп, жусан, изен, теріскен, т.б. шөптермен бекіген. Тұщы грунт сулары 1-3 м тереңдікте кездеседі. Құм төбелер арасында қыстаулар (Аққұдық, Тоққұлы, Бесқопа, т.б.) мен аумағы шағын Шошқалы, Жалаңашкөл, Тереңкөл, т.б. көлдер кездеседі.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер