Қылша

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Қылша(лат. Ephedra)<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> — қылшалар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл бұтақтар, биік ағаштар.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 2 — 7 см-ден 1 — 8 м-ге дейін жетеді.
  • Сабағы бунақты. Бұтақтары қырлы - қырлы, жасыл түсті, онда фотосинтез процесі жүреді.
  • Жапырағы қабыршақ не жіп пішінді.
  • Гүлі қос үйлі, бір үйлісі сирек. Аталық масақшасы шоқтанған гүл серігінен тұрады. Аналығы 1 — 3 бүрлі. Мамыр — маусым айларында гүлдеп, шілде — тамызда жеміс салады. Тозаң желмен, кейде насекомдармен тұқымбүріне жеткізіледі.
  • Жемісі — сары, қызыл түсті, етті шырынды жидек.

Өсетін жері мен таралуы

Құрғақ климатты жерлерде: Солтүстік жарты шардың басым бөлігінде - Оңтүстік Еуропада, Солтүстік Африкада, Азияның оңтүстік-батысы мен орталығында, Солтүстік Американың оңтүстік-батысында, Ресейдің еуропалық бөлігі мен Батыс Сібір жазығының далалы жерлерінде және Оңтүстік жарты шарда, Оңтүстік Америкада таралған. Қазақстанда қылшаның Балқаш-Алакөл ойысында, Қаратау сілемдерінде, Жетісу (Жоңғар), Теріскей, Іле Алатауларында, Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда кездесетін 7 түрі бар.

Қолданылуы

Құрамында С дәрумені бар, жеуге жарамды.
Қылшадан дәрілік зат — эфедрин, алкалоидтар алынады, өсімдік бойында илік заттар (пиракатехин, флобафен, т.б.) бар. Қылшаның бір түрі (E. lamatolepіs) эндемик болып саналады. Дәрілік өсімдіктер қатарына масақты қылша (Кузмич шөбі — Ephedra dіstachye), қырықбуынды қылша (E. equіsetіnc), қызыл тамырлы қылша (Ephedra іntermedіa) түрлері жатады.<ref>Қазақстан энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>