Қанат Бекмырзаұлы Саудабаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Қанат Бекмырзаұлы Саудабаев (18 шілде 1946, Алматы облысы) — кеңестік және қазақстандық ірі мемлекеттік қайраткер, шенеунік, дипломат. 1994—1994 және 2009—2011 жылдары Сыртқы істер министрі, 2007—2012 жылдары Мемлекеттік хатшы және 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы сияқты ірі дипломатиялық қызметтерде басшылық лауазымын атқарды. Саясаттану ғылымдарының докторы және Төтенше және Өкілетті Елші. Қазақстанның 1-президенті Нұрсұлтан Назарбаев кланының және “Ескі Қазақстанның” өкілі деп қарастырылады.

Өмірбаяны

1946 жылы 18 шілдеде Алматы облысы, Іле ауданы, Николаевка ауылында дүниеге келді. Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руының Байыс бөлімінен шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

1968 жылы Ленинград мемлекеттік мәдениет институтын “режиссер” мамандығымен тәмамдағаннан кейін 4 жыл бойы Республикалық Халық шығармашылығы үйінің аға әдістемешісі, Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының режиссері, «Союзгосцирк» Қазақ цирк ұжымының режиссері-жетекшісі, «Табуншылар-жігіттер» ансамблінің құрушысы» сияқты түрлі шығармашылық қызметтерде болды.

1972 жылы жаңадан ашылған Қазақ мемлекеттік циркінің директоры болып тағайындалды.

Бұдан кейін Саудабаев Үкіметте ықпалды лауазымдарға отырды:

1976—1977 — Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Істер басқармасының мәдениет бөлімінің меңгерушісі;

1977—1983 — Қазақ КСР Мәдениет министрінің орынбасары болды.

1985—1989 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-сайланым депутаты болды.

1983—1988 — Қазақ КСР Кинематография жөніндегі Мемлекеттік Комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

1988 жылы КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын аяқтап, Қазақ КСР-на қайтып келіп Мәдениет жөніндегі Мемлекеттік Комитеті төрағасының бірінші орынбасары болса, 1990 жылы аталған комитеттің төрағасы болып тағайындалды.

1991 жылдан бастап Саудабаев дипломатиялық секторға бет бұрып, онда ірі жетістіктер мен лауазымдарға ие болды.

1991 жылы КСРО ыдырай бастағанда уақытша лауазым (Қазақ КСР-нің КСРО-дағы Өкілетті Өкілі) құрылып, ол лауазымға Саудабаев тағайындалды.

1992—1994 жылдары Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.

1994 жылдың сәуір—қазан айлары Сыртқы істер министрі;

1994 жылғы қазанда Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Бұл лауазымды Саудабаев екінші рет иеленді.

1996—1999 жылдары Қазақстанның Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

1999 жылы Қазақстанға қайтып келіп, Премьер-Министр Кеңсесініңбасшысы болып тағайындалды.

1 жылдан кейін Қазақстанның Америка Құрама ШтаттарындағыТөтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Бұл лауазымда 7 жыл болып шығып, лауазымынан босатылған күні-ақ Қазақстан президентінің  № 329 бұйрығымен Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2009 жылы Саудабаев Мемлекеттік хатшы болып тұрғанында Қазақстан президентінің  № 865 бұйрығымен Сыртқы істер министрі болып тағайындалып, енді ол екі қызметті қоса атқарушы болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2007 жылы Мадридтегі ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің XV отырысында Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы болатыны туралы шешім қабылданып, 2010 жылы Саудабаев ЕҚЫҰ төрағасы атанды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2007 жылы Қазақстан президентінің  № 381 және басқа да бұйрықтарымен Мемлекеттік рәміздер бойынша Республикалық, Тұңғыш Президенттің Бейбітшілік пен Прогресс бойынша Мемлекеттік сыйлығының, Президент жанындағы Мемлекеттік марапаттар, Президент жанындағы Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасын сақтау және жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша, Президент жанындағы Азаматтық мәселелер бойынша және Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы комиссияларының төрағасы болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2011 жылы Сыртқы істер министрі лауазымынан босатылғанымен, Мемлекеттік хатшы болып 2012 жылға дейін қалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Зейнеттік жасына жеткен Саудабаев дипломатиядан кетті. 2012 жылы көпфункционалды ғылыми-талдаулық және гуманитарлық-ағартушылық “Назарбаев орталығы”мемлекеттік мекемесінің директоры болып, 2013 жылы босатылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

2011 жылы Парламент Мәжілісі V сайланымының депутаттығына үміткер болды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>2015 жылы депутат болып тіркеліп, Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі атанды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Марапаттары мен атақтары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Start box Үлгі:Succession box Үлгі:End box