Қайыржан Айтбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қайыржан Айтбаев (1932, Ресей). Теңге мен Амангелді кенорындарын тұңғыш ашқан.


Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген (1959). 1959-1964 жылдары - Прорва, Боранкөл, Қараарна, Ақтөбе мұнай барлауларында коллектор, геолог, аға геолог. 1964-1966 жылдары - Маңғышлақ ұңғымаларды сынамалау мен сынақтан өткізу кеңсесінің бас геологы. 1966-1977 жылдары - Оңтүстік Қазақстан геологиялық басқармасы мұнай мен газ бөлімінің бастығы. 1977-1992 жылдары - Қазақ КСР геология Министрлігі кешенді тәжірибелік-әдістемелік экспедициясында партия бастығы. 1992-1998 жылдары - геология Министрлігі жер қойнауын қорғау бөлімінің бастығы. 1998 жылдан - «Айдан» жекеменшік фирмасының кеңесшісі.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}