Қараарна мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Қара Арна мұнай кен орны - Атырау облысы Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 180 км жерде, Жылыой ауданында орналасқан. Кен орны 1960 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы

Тектоникалық тұрғыдан кен орны қосқанатты тұзкүмбезді құрылымнан орын алған. Тұзүсті шөгінділері жиынтығының стратиграфиялық қимасында мұнайлылық төменгі бордың апт, альб, жоғарғы бордың сеноман жікқабаттарының шөгінділерімен байланысты.

Жатыс сипаты

Өнімді горизонттар бетінің жатыс тереңдігі 467-1046 м арасында. Жатындардың биіктігі 15-30 м. Су-мұнай жапсары -503-1099 м-ге дейінгі белгілерде орныққан. Жатындар қойнауқаттық күмбездік. Өнімді қатқабатының қимасы терригендік таужыныстардан құралған, жинауыштары кеуекті.

Қанығу сипаты

Ашық кеуектілік 27,2-30,2%, өтімділігі 0,215-1,605 мкм2, мұнай мен газға қаныққан қалыңдық 3,5-8,5 м, оның коэффициенттері 0,72-0,95-ке дейін ауытқиды. Батыс қанаттың төменгі бор жатындарының 3 мм-лік штуцердегі бастапқы шығымдары 21,2-38,3 м3/тәу болды. Сеноман горизонтының шығымдары темен, 3,1-3,7 м3/тәу. Газдық фактор 7,4-9,8 м33. Бастапқы қойнауқаттық қысым 5,0-11,5 МПа, температура 2,5-40°С.

Тығыздығы, құрамы

Мұнайдың тығыздығы 0,964 г/см3. Мұнайы күкіртті 2,28 – 2,8%, парафині аз 0,18 – 0,61%. Кен орны 1974 жылдан игерілуде. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref> <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер