Ақтөбе
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Ақтөбе (Үлгі:Audio-nohelp) — Батыс Қазақстандағы қала, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қалалық әкімшілігінің орталығы.
Ақтөбе Қазақстанның батысында, Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Қала ауданы — 297,39 км². 1997 жылы қала әкімшілігінің құзырына бұрынғы Ақтөбе ауданының аумағы өтті. Құрамына Ақтөбе қаласы мен көршілес бес ауылдық округ енген жаңа әкімшілік-аумақтық құрылымның ауданы 2 338 км² тең болды. Қаланың ішімен Елек өзені мен оның тармақтары ағып өтеді, жақын маңда Ақтөбе және Сазды су қоймалары орналасқан. Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде, мұхиттардан қашық орналасқандықтан қала климаты континенталды болып келеді.
Ақтөбе Қазақстан қалаларының арасында халық саны бойынша бесінші орында орналасқан, Батыс Қазақстан өңірінің ең ірі қаласы. Халық саны — 387 807 адам (1 қаңтар 2015). Ақтөбеде көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Саны жағынан ең көп таралған ұлттарға қазақтар (76,3 %) мен орыстар (16,89 %) жатады. Негізгі діни топтар — мұсылмандар мен христиандар. Қала әкімшілігіне бағынышты бес ауылдық округте 51 508 адам өмір сүреді. Болашақта 1,3 млн адамды «сыйдыруға» тиіс қалыптасып жатқан Ақтөбе агломерациясының құрамына Ақтөбе маңындағы ондаған елді мекен кіреді.
Қаланың негізі Ресей империясының қарулы жасағымен Ақтөбе бекінісі (Үлгі:Lang-ru) ретінде Елек өзенінің сол жағалауында, оң жағынан Қарғалы өзені құятын тұсында қаланды. 1891 жылдың 25 наурызында Ақтөбе Торғай облысының құрамындағы уездік қала мәртебесін иеленіп, орысша атауы Актюбинск болып өзгертілді. Азаматтық соғыс кезінде Ақтөбе Торғай өңірінің революциялық күштерінің орталығына айналды. Қала кезекпен ақтар мен большевиктердің қолына өтті. 1919 жылы қалада біржолата кеңес өкіметі орнады. 1921 жылдан бастап Ақтөбе губерниясының әкімшілік орталығы. 1928 жылы Ақтөбе губерниясы таратылғаннан кейін Ақтөбе округінің орталығы, 1932 жылдан бастап жаңадан құрылған Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы. Бүкіл өңір тұрғындары секілді ақтөбеліктер 1920-шы және 1930-шы жылдары орын алған ашаршылықтан жапа шекті. Ұлы Отан соғысы жылдары қалада бірнеше әскери жасақтар құрылып, жау басып алған аймақтардың кәсіпорындары осында көшірілді. 1991 жылы КСРО ыдырағаннан бастап Ақтөбе тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрамындағы Ақтөбе облысының орталығы. Қазіргі таңда химия, тамақ және жеңіл өнеркәсібі дамыған Ақтөбе қаласы Қазақстанның ірі индустрия және мәдениет орталықтарының бірі.
Мазмұны
Атауы, рәміздері
Атауы
Қала атауының қазіргі жазылуы 1940 жылы кириллица негізінде жасалған әліпби қабылданған кезден бастап қолданыста. 1929— 1940 жылдары қала атауы латын әріптеріне негізделген қазақ әліпбиімен «Aqtɵbe» деп<ref>Үлгі:Cite web</ref>, одан бұрын араб-парсы әріптерін қолданған әліпбимен «Үлгі:Unicode» деп жазылған<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Қытай және Таяу Шығыстағы қазақтарға арнап шығарылатын басылымдарда қала атауының араб әріптерімен жазылатын нұсқасы әлі күнге шейін қолданылады<ref>Үлгі:Мақала</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.
1891 жылы Ақтөбе бекінісі (Акъ-Тюбе) Ресей империясының уездік қалаларының біріне айналғаннан бастап 1999 жылға дейін қаланың орыс тіліндегі атауы «Актю́бинск» (Актюбинскъ) түрінде жазылып келді. 1999 жылдың 11 наурызында жарияланған Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің қаулысына сәйкес, қала атауының орысша транскрипциясы «Актобе́» болып өзгертілді<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Бұл қаулы «Тiл туралы» заңның «елді мекендердің… дәстүрлi, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары басқа тiлдерде транслитерация ережелерiне сәйкес берiлуге тиiс» деген тұсына сәйкес келеді. Орыс тіліндегі жаңа атау Ресейдің мемлекеттік тіркеу, кадастр және картография Федаралдық қызметімен ресми түрде мойындалды<ref>Росреестр о наименовании некоторых административных единиц в Казахстане, Эстонии, Франции и Абхазии</ref>.
Қала атауы көне түркі тіліндегі aq («ақ») және töpü («төбе») сөздерінен құралған. Бұл атау орыс тілінде «белый холм» мағынасын білдіргендіктен, кейде Ақтөбені орысша «Город на белом холме»<ref>Үлгі:Кітап</ref> немесе «Беловершинск»<ref>Үлгі:Мақала</ref> деп те атайды.
«Ақтөбе» және осыған ұқсас елді мекен атаулары Қазақстаннан басқа елдерде де кең таралған (Ахтуба, Актюба, Ақтепа, Ақ Таппе, Ақдепе) .
Таңбасы
Ақтөбенің ең алғаш таңбасы (авторы: С. Т. Симонов) 1968 жылдың 18 қараша күні бекітілді. 20 жыл өткен соң, 1988 жылдың 24 желтоқсанында халық депутаттарының қалалық Кеңесі суретші М. Ф. Луцинның жобасы бойынша жаңа таңбаны қабылдады.
1998 жылы алда келе жатқан Ақтөбе қаласының 130 жылдық мерейтойының қарсаңында қала әкімшілігі жаңа елтаңбаға сайыс жариялады. Құрамына ғалымдар, архитекторлар және бұқаралық ақпараттық құралдар өкілдері кірген жюри 50 жұмыстың арасынан үздік деп ақтөбелік суретші, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Сағынтай Әлімбетовтың эскизін таңдады. Таңба ресми түрде 1998 жылдың 24 шілде күні қалалық Мәслихаттың 23-сессиясында қабылданды.
Ақтөбе елтаңбасы «мәңгіліктің нышаны» болып саналатын дөңгелек пішінінде жасалған. Қала атауы «тазалық» пен «қасиеттілікті» білдіретін ақ түспен жазылған, көк түсті ою-өрнек «табиғаттағы судың мәңгілік қозғалысын», қызыл түсті ою-өрнектер қызғалдақтарды білдіреді (қызғалдақ — Ақтөбенің бейресми символы<ref>Үлгі:Мақала</ref><ref>Үлгі:Cite news</ref>). Елтаңбаның нақ ортасында бүркіт басты, арыстан денелі, арқасында қанаты бар мақұлық (грифон) бейнеленген<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Физикалық және географиялық сипаттама
Географиялық орналасуы
Қаланың географиялық координаттары — Үлгі:Coord<ref>Үлгі:Кітап</ref>. Уақыт белдеуі — UTC+05:00.
Қала Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде, Жайық сағасы Елек өзенінің жағалауында, Қарғалы өзені келіп құятын тұсында<ref>Үлгі:Кітап</ref>, теңіз деңгейінен биіктігі 250—400 м жазықтық болып келетін Орал асты платосының орталық бөлігінде орналасқанҮлгі:Sfn.
Азия мен Еуропа шекарасы
Қазіргі таңда Еуропа мен Азия арасындағы шекараны нақты белгілеу даулы мәселелердің бірі болып табылады. Бұл құрлықтардың шекарасын Жайық өзені арқылы жүргізетін болсақ, Ақтөбе Азияда орналасқан қала болып шығады. Бірақ географтардың арасында ең кең таралған пікір бойынша, Еуропа мен Азияның шекарасы Каспий теңізінің солтүстік жағалауымен, Жем өзенін бойлай және әрі қарай Мұғалжар таулары арқылы өтеді екен. Бұған пікірге сәйкес, Ақтөбе Еуропада орналасқан қалалардың қатарына жатады. Бірақ географиялық орналасуына қарамастан, бұрынғы Кеңестік Одақтың елдерін батыс географтары Еуропа мен Азиядан бөлек ерекше аймақ ретінде қарастырады.
Өзен-сулары
Қала Елек өзеніне Қарғалы өзені құйып, оның аңғары 15 км дейін ұлғаятын жерінде орналасқан<ref>Үлгі:Кітап</ref>. Қаланың орталығымен Електің сол жақ тармағы Сазды өзені, солтүстік-батысымен Електің тағы бір тармағы — Жіңішке өзені ағып өтеді. Сазды өзені ірі сауда-саттық орындары орналасқан қала орталығынан ағып өтетіндіктен 2010 жылдан бастап өзен жағасын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Қаланың оңтүстік бөлігінде Тамды өзенінің төменгі тұсы орналасқан. Солтүстіктегі Заречный ауданының шетімен Қарғалының сол жақ тармағы Песчанка өзені ағып өтеді. Кірпішті ауданының батысымен Қарғалының оң жақ сағасы Бұтақ өзені ағып өтеді.
Қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км қашықтықта ақтөбеліктер «Ақтөбе теңізі» деп атап кеткен, 1988 жылы іске қосылған, сыйымдылығы 245 млн м³ болатын Ақтөбе су қоймасы орналасқан<ref>Үлгі:Мақала</ref>. Оңтүстік-батысқа қарай 8 км қашықтықта қала тұрғындарының дәстүрлі демалыс орнына айналған Сазды су қоймасы орналасқан (1967 жылы салынған)<ref>Үлгі:Мақала</ref>. Солтүстік-шығысқа қарай 60 км қашықтықта қала маңындағы ең үлкен қолдан жасалған су айдыны — сыйымдылығы 280 млн м³<ref>Үлгі:Кітап</ref> тең Қарғалы су қоймасы орналасқан (1975 жылы салынған)<ref>Үлгі:Кітап</ref>.
Климаты
Қала Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде, мұхиттардан едәуір алшақтықта орналасқан, осының кесірінен қала климаты шұғыл континенталды болып келеді. Ауа райының шұғыл континенталдығы күн мен түн, қыс пен жаз арасындағы температураның айырмашылығында, Күн радиациясы мен құрғақшылықта көрініс табады.
Қыс мезгілінде қаланың ауа райы Исландия үстіндегі терең циклон (испандық минимум) мен Моңғолия үстіндегі қуатты азиялық антициклонның әсерінде болады. Бұның кесірінен солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа бағытталған үлкен бар градиенттері пайда болады.
Ақтөбедегі орташа жиынтық Күн радиациясы тәулігіне 108 ккал-ға тең, Күн сәулесі көлемінің орташа жылдық көрсеткіші — 2316 сағат.
Жазы ұзақ әрі ыстық. Жылына бес ай бойы күндізгі орташа температура 20 °С асып түседі. Қысы қоңыр салқын, жылымықтар болуы мүмкін. Ең қалың қар жамылғысы қараша айында байқалады (31 см). Ашық, бұлтты және жауын-шашынды күндердің жылдық саны — сәйкесінше 174, 148 және 43 күн. Орташа жылдық бұлттылық коэффициенті — 5,7 балл. Атмосфералық жауын-шашын ең көп түсетін ай — маусым (35 мм), ең аз түсетін ай — қыркүйек (19 мм).
- Орташа жылдық температура — +5,3 C°
- Орташа жылдық жел жылдамдығы — 2,4 м/с
- Орташа жылдық ауа ылғалдылығы — 68 %
Экологиясы
Ақтөбе қаласы экологиялық жағдайы нашар қалалардың бірі<ref>Үлгі:Мақала</ref>. Қала аумағындағы ауа құрамында азот диоксиді мен формальдегидтің шамадан тыс мөлшері байқалған, ал хром қоспалары, ферроқорытпа зауыттары, Ақтөбе ТЭЦ секілді ірі өнеркәсіп мекемелері мен Кірпішті ауылының аймағында көрсеткіштер нормадан үш есе асып түскен екен<ref>Үлгі:Мақала</ref>.
2013 жылы сантарлық-эпидемиологиялық бақылау қала ауасын азот диоксиді, күкірт диоксиді, күкіртсутек және тағы да басқа заттарға тексергеннен кейін ауаны басты ластайтын себеп қаланың кәріз жүйесі екені анықталды<ref name="диапазон2013">Үлгі:Мақала</ref>. Кәріз жүйесіндегі күкіртсутектің үлесі 2—16 % жетуі мүмкін, оған қоса ағын судың құрамында сульфидтер көп. Осының кесірінен түнде және таңғы мезгілде қаланың бірнеше ауданының тұрғындары жағымсыз иістен қорлық көріп жүр. 2013 жылы қаладағы автокөлітер саны 178 мыңға жетті. Бұл да қала ауасының ластануына өз үлесін қосады<ref name="форбс2014">Үлгі:Мақала</ref>.
Көп уақыт бойы қала маңымен ағып өтетін Елек өзені Алға химиялық зауытының бор қалдықтарымен және Ақтөбе хром қосындылары зауытының алты валентті хром қалдықтарымен ластанды, бұл өз кезегінде Жайық өзені мен Каспий теңізінің ластануына әкеліп соқтырды. Сонымен қатар «Ақбұлақ» акционерлік қоғамы ескірген тазарту құрылғыларының кесірінен<ref>Үлгі:Мақала</ref> Елек өзеніне жылына 10 млн м³ дұрыс тазартылмаған ағын су төгеді. Ағын судың белгіленген мөлшерден асқаны үшін «Ақбұлаққа» әкімшілік шаралар қолданылғанымен, жағдай оңалар емес<ref>Үлгі:Мақала</ref><ref>Үлгі:Мақала</ref>.
Тарихы
Ежелгі замандарда
Бұл аймақта өмір сүрген ежелгі тайпалар мал шаруашылығымен айналысып, Солтүстік Қазақстанның тайпаларына жақын болған. Тікбұрышты және доғал қорымдардың ендік бағытталуының мысалы ретінде Ақтөбе маңындағы Сынтас және Бесоба қорымдарын келтіруге боладыҮлгі:Sfn. Қала маңындағы далада қола дәуіріне жататын сақина тәріздес тас дуалдар мен қорғандар табылған. Ақтөбеге жанындағы Қарғалы өзенінің жағасында орта қола дәуіріне жататын бұйымдар табылғанҮлгі:Sfn.
Ақтөбе бекінісінің қалануы
1869 жылдың мамыр айында Елек пен Қобда өзендерінің аралығына флигель-адъютант граф фон Борг басқарған екі рота жаяу әскер, жүз казак және 14 зеңбіректен тұратын жасақ аттанды. Әскери губернатор Лев Баллюзектің талабымен Үлгі:Comment (28) мамыр күні<ref name="бсэ1950">Үлгі:Кітап</ref> Елек пен Қарғалы өзендерінің қосылатын жеріндегі екі төбенің үстінде<ref>Үлгі:Кітап</ref> Ақтөбе (Үлгі:Lang-ru) бекінісінің негізі қаланды. Қарауыл алаңы, гауптвахта, қару-жарақ қоймасы, азық-түлік пен оқ-дәрі сақталатын жертөле салынды<ref name="exp1">Үлгі:Мақала</ref>.
Ақтөбе аумағы Баллюзек өзінің есептемелерінде «сенімсіз» деп сипаттаған табын руынан шыққан Арынғазиевтердің қарамағында болды. Баллюзек жергілікті тұрғындардың бағыныштылығын атап өткеніне қарамастан, орыс жасақтары келгеннен кейін олардың көп бөлігі көршілес Орал облысына көшіп кетті. Қалған қазақтардың арасынде тек Арынғазиев әулетінің сұлтандары мен казактардан жеңіліс тапқаннан кейін қарсыласуды доғарған Айжарық би Бекбауұлының көтерілісшілер жасағы болды<ref name="гглж1">Үлгі:Кітап</ref>.
Ақтөбе туралы алғашқы деректер 1871 жылға жатады: Үлгі:Start citationОренбургская Духовная Консисторiя сообщаетъ къ свѣдѣнiю, что въ оренбургской епархiи, съ разрѣшенiя начальства, производятся нынѣ слѣдующiя постройки: 1. церкви — а) каменныя въ <…> укрѣпленiи Акъ-Тюбя Тургайской области (отъ 14 января 1871 года — на средства жителей)<ref>Үлгі:Мақала</ref>.Үлгі:End citation
Алғашқы онжылдықтарда қоныстың тұрмысы көшпенді мал шаруашылығымен айналысаты қазақтармен тығыз байланыста болды. Қаланың алғашқы бас жоспары 1874 жылы әзір болды. Елді мекен бірнеше аудандарға бөлінді: Құрмыш, Татар слободасы, Оторвановка. Ең алғашқы көшелер Гарнизонная, Крепостная, Оренбургская, Илецкая және Георгиевская деп аталдыҮлгі:Sfn.
Уездік қала дәрежесінде
1891 жылдың 25 наурызында шыққан «Далалық облыстарды басқару туралы ережеге» сәйкес, Ақтөбе Қостанай секілді Ресей империясының Торғай облысының уездік қалаларының бірі болып бекітілдіҮлгі:Sfn.
Бастапқы уақытта тез дамымағанымен, Ақтөбе қаласы бірқалыпты өсу қарқынын сақтап, Қостанай секілді құлдырау мен халық санының азаюына душар болған жоқ. 1886 жылдың шілдесіне қарай қаладағы аулалардың саны 177 жетті, бірақ 1891—1892 жылғы ашаршылықтың кесірінен біраз тұрғын қаладан босып кетті. 1893 жылдан бастап халық саны қайтадан өсе бастады. 1895 жылы тұрғындар саны 2263 адамға жетті, оның 1041 православ христиандар, 202 мұсылман болды. 1896 жылы қалаға Кіші Ресейдің губернияларынан 100-ге таман отбасы көшіп келдіҮлгі:Sfn.
1902 жылы қала арқылы Орынбор мен Ташкент арасын жалғастырған Ташкент темір жолы өтіп, Ақтөбе экономикасының әрі қарай дамуына әсер етті. 1905—1907 жылдары қалада бірнеше рет қара халықтың наразылық шерулері мен ереуілдер ұйымдастырылды<ref name="БСЭ">Үлгі:Кітап</ref>.
Азаматтық соғыс кезінде
Ақтөбе 1918—1919 жылдардағы Азаматтық соғыс кезінде Торғай өлкесінің революциялық күштерінің орталығы болды. 1918 жылдың 8 (21) қаңтарында қалада Кеңес өкіметі орнады<ref name="БСЭ" />. Сол жылдың шілде айында Колчак армиясының Түркістанға жолын жауып тастаған Ақтөбе фронты ашылды<ref>Үлгі:Кітап</ref>, бірақ 1919 жылдың сәуір айында Зиновьев пен Фрунзе қызылдарға кері шегінуге бұйрық беріп, аздан кейін қала ақтардың қоластына өтті<ref>Үлгі:Кітап</ref>.
1919 жылдың 1 қыркүйегінде Всесвятский ауылы жағынан (қаланың оңтүстік-батысы) қызылдардың Оңтүстік армияның уақытша базасына айналған Ақтөбе қаласына шабуылы басталды. Қалаға зеңбіректерден оқ жаудырылды; аспанан қызылдардың аэропланы бомбалар лақтыра бастады. Үлкен дүрбелең басталды. Тұрғындар оңтүстік-батыс бағытында қаланы тастай жөнеліп еді, алайда тез арада жетіп үлгерген қызылдардың атты әскері қашқындардың бір бөлігін қоршап үлгерді. Тым-тырақай қашқан әскердің ешқандай қарсылық көрсетуге шамасы болмадыҮлгі:Sfn. 2 қыркүйек күні Ақтөбе қызылдардың қоластына өтті<ref>Үлгі:Кітап</ref>.
Кеңес дәуірінде
1920—1925 жылдары Ақтөбе қаласы Ресей КФСР-ның Қырғыз АСКР-ы құрамында болды, 1925 жылы Қазақ АКСР-ның қарамағына өтті, 1936 жылы Ресей КФСР-ның құрамынан бөлініп шыққан Қазақ КСР-на қосылды. Кеңес дәуірінде Ақтөбе қаласы Ақтөбе губерниясы (1921—1928), Ақтөбе ауданы (1921—1922, 1928—1933, 1970—1997), Ақтөбе уезі (1922—1928<ref>Қала 1891 жылдан бастап Ақтөбе уезі 1921 жылы жойылғанға шейін оның орталығы болды. 1922 жылы бұл уез Ақтөбе губерниясының құрамында қалпына келтірілді.</ref>), Ақтөбе округы (1928—1930) және Ақтөбе облысы (1932 жылдан бастап) сияқты бірнеше әкімшілік-территориалды бірліктердің орталығы болды.
Қазан төңкерісінен кейін Ақтөбе қарқынды дами бастадыҮлгі:Sfn. 1932 жылдың 10 наурызында қала Қазақ КСР-ның жаңадан құрылған Ақтөбе облысының орталығына айналдыҮлгі:Sfn. Осыдан кейін қалада ұзындығы 10,5 км болатын алғашқы су құбыры жүргізілді, 25 су колонкасы орнатылды. Облыс орталығы ретіндегі алғашқы онжылдықта қалада 2 электр станциясы салынды, көшелерде 250 жарықтандыру құрылғысы орнатылды. Қаланы жасылдандыру жұмыстары атқарылды, жаяу жүргіншілерге арналған алғашқы жолдар пайда болды<ref name="актобе17">Үлгі:Мақала</ref>.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ақтөбеде 312-ші атқыштар дивизиясы] 101-ші ұлттық атқыштар бригадасы, 129-шы миномет полкы және тағы да басқа әскери жасақтар құрылды. 312-ші атқыштар дивизиясының 11 мың адамының 9,5 мыңы соғыс майданында қаза тапты. Дивизия командирі Александр Наумов «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы» атағының бірінші иегері болды<ref name="exp1" />. 29 ақтөбелік Кеңес Одағы батыры атандыҮлгі:Sfn.
Соғыс кезінде Кеңес Одағының жау басып алған қалаларынан көшірілген кейбір кәсіпорындар Ақтөбеге жөнелтілді. 1941 жылдың тамызында қалаға Запорожьеден ферроқорытпа зауытының жабдықтары келді. Мәскеуден «Электросчетчик» кәсіпорынының, Мәскеу рентген зауытының, № 14 жүн тоқу фабрикасының және тағы да басқа кәсіпорындардың жабдықтары көшірілді<ref>Үлгі:Кітап</ref>.
1940—1960 жылдары ферроқорытпа және хром қосындылары, рентген аппаратурасы және ауыл шаруашылық машиналары зауыттары; ет және сүт комбинаттары; трикотаж, жиһаз және тігін фабрикалары секілді ірі өнеркәсіп мекемелері ашылды. 1962 жылдың 3 мамырында орталығы Ақтөбе қаласында орналасқан, құрамына Ақтөбе, Орал және Гурьев облыстары кіретін Батыс Қазақстан өлкесі құрылды. 1964 жылдың 1 желтоқсанында Батыс Қазақстан өлкесі таратылды. 1977 жылы қала Батыс Қазақстан темір жолының орталығы боп тағайындалды.
Кеңес дәуірінде көптеген кәсіпорындары бар индустриалды қалаға айналды, өнеркәсіп пен мәдениеттің аймақтық орталығы болдыҮлгі:Sfn, және бүгінгі таңда да осындай болып қала бередіҮлгі:Sfn.
Тәуелсіз Қазақстан дәуірі
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстандағы экономикалық белсенділік Қарағанды мен Шымкент сияқты өнеркәсіп орталықтарынан елдің батысындағы мұнайлы облыстардың орталықтарына (Ақтөбе, Ақтау, Атырау) ауысты<ref>Үлгі:Кітап</ref>.
Қазақстанға депортацияланған халықтардың өкілдері мен республикаға 1970—1980-ші жылдары Кеңес Одағының басқа республикаларынан келген мамандардың эмиграциясының кесірінен 1990-шы жылдардың соңы мен 2000-шы жылдардың бастапқы кезеңінде қаладағы халық санының азаюы байқалды.
2000-шы жылдары қаладағы құрылыс саласында үлкен серпіліс орын алды: құрылыстың қарқыны бойынша Ақтөбе қаласы мен облысы ел ордасы Астанадан асып түсті. 2005 жылы 137,1 мың м² тұрғын үй енгізу жоспарланғанымен, жылдың қорытындысы бойынша 289 773 м² тұрғын үй тұрғызылғаны белгілі болды. Жеке құрылыс көрсеткіші жоспарланған мөлшерден бес есе асып түсті. Жалпы алғанда 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 2,8 есе артық тұрғын үй қолданысқа берілген екен<ref>Үлгі:Мақала</ref>.
2007—2008 жылғы қаржылық дағдарыс пен оның артынан ұласқан Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарынан Ақтөбедегі жылжымайтын мүлік пен жалға алу құны күрт төмендеп кетті. Қала ішіндегі жер телімдерінің бағасы 30 % кеміді. Қала тұрғындарының жалақы мөлшері төмендеді, кейбір кәсіпорындар медициналық сақтандыруға бөлінетін қаражатты азайтты, тұрмыстық техника мен электроникаға сұраныс азайды. Ақтөбе әуежайындағы жолаушылар тасымалы 13 % бәсеңдеді, ұлттық валюта девальвациясының кесірінен қала автосалондарындағы автокөлік сатылуы кеміді<ref>Үлгі:Мақала</ref>.
2010-шы жылдар Батыс Қазақстандағы діни экстремизмнің өршуімен сипатталады<ref>Үлгі:Мақала</ref>. 2011 жылдың 17 мамыр күні Ақтөбе қаласының 25 жасар тұрғыны Рахымжан Мақатов Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің жергілікті Департаментінің алдында жарылыс ұйымдастырып, оның салдарынан өзі қайтыс болды, бірнеше адам жарақттанды. Бір айдан астам уақыт өткен соң, 26 маусым күні қалада тәртіп сақшылары мен қылмыстық іс бойынша күдіктілер арасында қарулы қақтығыс орын алды<ref>Үлгі:Cite news</ref>. Бұл оқиғаларды жұртшылық Темір ауданында бірнеше полиция қызметшілерін қасақана өлтірген діни экстремистердің тобымен байланыстырды. Аз уақыттан кейін қаланың шет ауданындарының бірінде құрылысы аяқталмаған үйдің ішіндегі жарылыстың салдарынан үш адам қаза тапты. Қаза тапқандардың біреуі Ақтөбе облысының Ішкі істер Департаментінің экстремизмге қарсы күресетін басқармасының жедел уәкілі болып шықты<ref>Үлгі:Мақала</ref>.
Қала халқының саны 2030 жылға дейін 625 мың адамға, 2040 жылы 1 млн адамға жетеді деп жоспарланып отыр. Бұған дейін қаланың аумағы 29 739 га-дан 72 965 га-ға шейін ұлғаюы тиіс (2003 жылғы бас жоспар бойынша 42 847 га болуы керек еді). Жеке тұрғын үй құрылысы шектетіледі, жаңа бас жоспар бойынша қалада негізінен көпқабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер тұрғызылатын болады<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Ақтөбе «жаңа» және «ескі қала» болып бөлінетін Қазақстанның жалғыз қаласы. Осы бөліктердің арасын жалғау үшін қаланың Мәскеу ауданында сәйкес инфрақұрылымы бар көпқабатты тұрғын үй массивтерін тұрғызып, қаланы біріктіретін орталыққа айналдыру жоспарланып отыр<ref>Үлгі:Мақала</ref>.
Әкімшілік және территориалдық құрылымы
Қала әкімдігі және жергілікті өзін-өзі басқару
Ақтөбе қаласының әкімдігі қала аумағы мен оның қарамағында орналасқан бес ауылдық округтегі атқарушы өкімет қызметін атқарады. Қала әкімшілігінің күйі мен мәртебесі «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ережесімен реттеледі<ref name="ереже">Үлгі:Cite web</ref>. Әкімшілікті 2001 жылдың 23 қаңтарында күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару» заңына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі тағайындайтын қала әкімі басқарады<ref name="акимат">Үлгі:Cite web</ref>. Қала әкімі қызметін алғашқы боп Елеусін Наурызбайұлы Сағындықов 1996—2002 жылдары атқарды. 2012 жылдың 17 ақпанында қала әкімі болып Ерхан Болатжанұлы Омаров тағайындалды.
Ақтөбе қаласы Мәслихатының депутаттары қала тұрғындарымен сайланатын жергілікті өкілдік орган қызметін атқарады. 1994 жылдың 24 наурызында Мәслихаттың I шақырылымның 1-ші сессиясы өтті. Алғашқыда мәслихат 43 депутаттан тұрды, мәслихат хатшысы боп Петр Георгиевич Лащенов сайланды. Кейінгі шақырылымдардардағы депутаттардың саны 23 дейін азайды. Соңғы V шақырылымның 1-ші сессиясы 2012 жылдың 20 қаңтарында өткізілді<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Қазіргі таңда қалалық Мәслихат хатшысы қызметін Сұлупан Панақызы Шынтасова атқарып жүр<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Қала бюджеті
2015 жылы қала бюджетінің кіріс деңгейі 39,55 млрд теңге (213 млн АҚШ доллары<ref>1 АҚШ доллары = 185,8 теңге, 26.04.2015. Бұдан әрі қарай валюта бағамы көрсетілген жылға сәйкес келтіріледі.</ref>), шығын мөлшері 43,08 млрд теңге (231,9 млн доллар) деп белгіленген.
Ақтөбе бюджетінің негізгі табыс көздеріне салық түсімдері (23,7 млрд теңге), трансферт түсімдері (16,1 млрд теңге), салықтық емес түсімдер (2,3 млрд теңге) жәненегізгі капиталды сатудан түскен қаражаттар (2,1 млрд теңге) жатады. Негізгі шығыс баптарына білім беру жүйесі (16,9 млрд теңге), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (11,5 млрд теңге), трансферттер (7,2 млрд теңге), транспорт пен байланыс (5,5 млрд теңге), қарыздарды өтеу (1,9 млрд теңге), әлеуметтік көмек пен қамсыздандыру (1,37 млрд теңге) жатады<ref name="бюджет актобе">Үлгі:Cite web</ref>.
Ақтөбе облысының ірі салық төлеушілерінің қатарына негізінен мұнай және газ өндіретін компаниялар кіреді, бірақ олардың арасында Ақтөбе қаласында негізделген бірнеше мекеме де бар: «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ, «Анвар» ЖШС (супермаркеттер мен дүкендер желісі), «Кабиев и К» ЖШС (супер- және гипермаркеттер желісі) және т. б.<ref>Үлгі:Мақала</ref>
Қала аудандары
Қала Ақтөбе төбесінің етегінде орыналасып, темір жол станциясының маңында шоғырланған «Ескі қала» деп аталатын және солтүстік-батыста орналасқан, әкімшілік ғимараттар мен сауда орталықтары орналасқан Әбілқайыр хан даңғылының бойында шоғырланған «Жаңа қала» деп аталатын екі негізгі ауданнан құралған<ref name="бсэ">Үлгі:Кітап</ref>Үлгі:Sfn.
Ескі қаланың аудандарына Құрмыш, Мәскеу (Москва), Татар слободасы (Татарка) және Оторвановка аудандары жатады. Қаланың ескі бөлігі негізінен бір қабатты жеке тұрғын үйлерден тұрады, арасында Ресей империясы заманында тұрғызылған ғимараттар кездеседі. Жаңа қаланың аудандарына Шанхай (Шаңқай), Сазды, Болашақ, Кең Дала аудандары мен мөлтек аудандар жатады.
Аты аталған аудандардан бөлек Жилгородок (Тұрғындар қалашығы), Авиагородок, Сельмаш, Заречный, Қарғалы (Жилянка), Кірпішті (Кирпичный), Жаңақоныс (Новый), Ақжар, Бауырластар, 41-ші разъезд және т. б. аудандар бар. 2000-шы жылдардан бастап қала аумағында 30 астам жаңа аудан пайда болды<ref>Үлгі:Мақала</ref>. 2012 жылдан бастап 5 мөлтек ауданнан құралған, тұрғындар саны болашақта 260 мың адамға жетуі мүмкін Нұр Ақтөбе (бұрынғы Актобе-Сити) ауданының құрылысы жүріп жатыр<ref>Үлгі:Мақала</ref>.
Халқы
Халқының ұлттық құрамы сан алуан. Қазақтардың үлестік құрамы — 76,30 %. Біршама орыстар (16,89 %), сонымен қатар украиндар (2,68 %), татарлар (1,53 %), немістер (0,60 %), корейлер (0,28 %), әзірбайжандар (0,20 %), өзбектер (0,17 %), басқалар (1,35 %) халықтар тұрады. (2015 жылдың 1 Қазаны бойынша).<ref name="KZ2015">2015 жыл басына Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны</ref>
Қала әкімшілігіне 367 220 саны бар Ақтөбе қаласынан басқан тағы да 5 селолық округтер кіреді. (Благодарның, Қарғалы, Құрайлы, Новый, Сазды)<ref>Электронный акимат города Актобе. Сельские округа</ref>) жалпы алғанда 22 ауданға ие, сол аудандардағы адам саны 48 368 адам (2012 жылдың 1 Қаңтары бойынша). Қала әкімшілігіне тәуелді территорияда барлығы 415 588 халық тұрады.
Қазіргі уақытта халық саны бойынша Ақтөбе облысында бірінші орын алады және Қазақстандығы бесінші қала болып келеді (Алматы, Астана, Шымкент және Қарағандыдан кейінгі).
Халық санының жылдам өсуіне байланысты үкімет қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жобасын әзірледі. Ақтөбе қаласының миллион халқы бар мәртебесін алу үшін бағытталған бас жобасын ретке келтіру жұмыстары жүріп жатыр.<ref>Актобе добивается статуса города-миллионника</ref>. Проекттіні жүзеге асыру 2011 жыл мен 2040 жыл аралығына есептеліп отыр.
Ақтөбе қаласы халқының саны<ref>Үлгі:Cite web</ref>
1926 | 1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1987 | 1989 | 1991 | 1999 | 2004 | 2005 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
20 861 | 48 749 | 96 680 | 149 914 | 190 569 | 248 000 | 253 532 | 265 300 | 253 088 | 249 759 | 253 952 |
2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 | 2016 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
258 014 | 262 830 | 268 644 | 345 687 | 348 956 | 361 174 | 367 391 | 371 357 | 377 752 | 387 807 | 397 572 |
Дереккөздер
Пайдаланылған әдебиет
- Үлгі:Кітап
- Үлгі:Кітап
- Үлгі:Кітап
- Үлгі:Кітап
- Үлгі:Кітап
- Үлгі:Кітап
- Үлгі:Кітап
- Үлгі:Кітап
- Үлгі:Мақала
- Үлгі:Кітап
- Үлгі:Кітап
- Үлгі:Кітап
- Үлгі:Кітап
- Үлгі:Кітап
- Үлгі:Кітап
Үлгі:Ақтөбе облысы Үлгі:Қазақстан қалалары Үлгі:Ақтөбе қалалық әкімдігі елді мекендері