Мақат Кәбірұлы Садық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Мақат Кәбірұлы Садық 1965 жылы 19-ақпанда туған.<ref>http://kaztrk.kz/kz#comand</ref> Қазақ радиосының директоры. Іскер әкімшілік докторы, Халықаралық Телевидение және радио Академиясының академигі.

Білімі

  • ҚазМҰУ-дың журналистика факультеті
  • РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы Академиясы
  • Халықаралық Бизнес Академиясы <ref>http://kaztrk.kz/kz#comand</ref>

Қызметтік өтілі

  • Еңбек жолын 1989 жылы Қазақ радиосының тілшісі болудан бастады. Кейін Қазақ телевизиясында бағдарламалар жетекшісі.
  • 1995 жылы «Хабар» агенттігінде редактор, комментатор, «Жеті күн» бағдарламасының авторы, жүргізушісі болды.
  • 1997 жылы «Хабар» агенттігінің атқарушы продюсері, Астанадағы филиалының жетекшісі.
  • 1999 жылы «Қазақстан» телеарнасында ақпараттық бағдарламалардың бас редакторы, «Үш анық» ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі.
  • 2000-2005 жылдары «Қазақстан Президенті Телерадиокешенінің» бас директоры.
  • 2005-2006 жылдары «Makhat – Студия» ЖШС Бас директоры, «Фототелерадио» журналының бас редакторы.
  • 2006-2007 жылдары ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2007-2008 жылдары ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі.
  • 2008 жылы ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі. «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ы «Астана» радиосының директоры қызметтерін атқарған.

Марапаттары

Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері, Қазақстан Президенті степендиясының иегері.

Еңбектері

«Деректі фильмнен үлкен киноға дейін» кітабының, 25 деректі фильмнің авторы.

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Қазақстан Телерадиокорпорациясы